«Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер Дәріс 1



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата29.10.2023
өлшемі335,81 Kb.
#121081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дәріс 14-15.
Сыныптан тыс педагогикалық - психологиялық әдістемелік 
жұмыстарының формалары
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
Қазақстандағы сыныптан тыс тәрбие жұмыстары мәселесін тереңдете қарастыруда 
және оны қажетті деректермен байытуда Казақстандағы мәдени-ағарту жұмыстары мен 
мәдени құрылыстарына байланысты белгілі жекеленген тарихи кезеңдерге арналған 
тарихшылардың (С.Б. Баишев , Р.Б. Сүлейменов, X.Бисенов, М.Абдукадиров, 
В.Г.Макаров, Б.А. Амантаев, Е.Ш.Қуандықов, А.Ғ.Ибраева, Ш.Ж.Таукебаева, В.П. 
Гноевых,
Т.П.Ибраев, Е.А.Касаткина, А.Н.Құдайбергенов, Л.Ш. Баширова, 
Ф.К.Қайырханова, А.В.Горелова, Б.Э.Қалдыбеков, Е.Ш. Қуандыкова, А.Б. Муритова, 
Т.З. Рысбеков , В.В.Назаров, М.Т. Арынова, А.Б.Әлмаханова, З.О. Дүкенбаева, 
Т.Я.Сатпаев, X.Табылдиев) еңбектерінің тигізетін пайдасы бар. Бұл ғалымдардың 
еңбектерінде Қазақстандағы мәдени-ағарту мекемелерінің типтері, жұмыс формалары 
мен әдістері, мазмұндары, мәдениет, ғылым мекемелерінің пайда болуы, олардың 
басқару жүйесі құрылымы, өкілеттілігі, міндеттері, қалыптасу жолдары қаралады. 
Еңбектерде Қазақстан мәдениет құрылысы мен мәдени-ағарту жұмыстарының 
қалыптасып дамуына ерекше үлес қосып өзіндік тарихи із қалдырған белгілі мемлекет, 
қоғам қайраткерлері мен мәдени-ағарту ісінің алғашқы ұйымдастырушылары, 
қайраткерлері туралы мәліметгер мен құнды деректерде кездеседі. Еңбектің жалпы 
құндылық жағы Қазақстан ерекшелік жағдайыңда мәдени-ағарту қызмет түрлерінің 
шығу алғышарттар себебі мен мүддесінің тәрбиелік тарихи мәндерінің көрсетілуінде. 
Ғалымдардың еңбектерінде мәдени-ағарту жұмыстарының мәні мен онын қоғамдық 
рухани-мәдениетті көтерудегі орны, мәдени-ағарту жұмыстары құралдары арқылы 
халық сұранымдарын қанағаттандыру амалдары оларды ұйымдастыру ерекшеліктері, 
мәдени қызметті ұйымдастырудың негізгі формалары қарастырылған. 
Тәрбие теориясы мәселелеріне еңбек жазған Казақстандық ғалымдардың еңбектері
де сыныптан тыс жұмыстары мәселелеріне теориялық – әдіснамалық тұрғыдан
сүйеніш жасауға (С.А. Ұзақбаева, М.Х. Балтабаев., К.К. Жанпейсова, Л. Керимов Б.Ы. 
Мұханова., Г.К. Нұрғалиева т.б.) үлкен септік жасайды. Сыныптан тыс жұмыстардың
ұрпақ тәрбиесіндегі тарихи педагогикалық орнын көрсетуде, бұл проблеманы ғылыми 
әдіснамалық дәлдікте шешуде Қазақстандағы мәдениет, өнер, шығармашылық 
одақтар, мәдениет және өнер кадрларын даярлау мәселелеріне арналған Қазақстандық 
ғалымдардың
ғылыми 
еңбектері 
де
үлкен 
роль
атқарады. 
ІІ Тарау. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға тәрбие берудің жолдары. 
2.1 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің педагогикалық 
шарттары 
Білім беру жүйесі бір-біріне барабар емес екі сала бойынша: дәстүрлі орта мектепте 
және мектептен тыс ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Дәстүрлі мектепте білім беру 
жүйесінің тұрақтылықтылығы қамтамасыз етілсе, мектептен тыс ұйымдарда қоғам 


сұраныстарына сәйкес оқу-тәрбие процесіне түзетулер енгізіліп отырады. Бастауыш 
сынып оқушыларының ұлттық оқу тәрбие жүйесінің толыққанды дамуын қамтамасыз 
ету үшін бүгінгі таңда осы екі саланың іс-әрекетін үнемі үйлестіріп отырудың маңызы 
зор. 
Бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық тәрбие беру бір 
ғана сынып-сабақ жүйесінің әрекетімен шектелмей, керісінше, оқушыларды қоршаған 
ортаны қорғауға және зерттеуге бағытталған түрлі практикалық іс-әрекетке тартып, 
мейлінше табиғатпен, ұстаздарымен, бір-бірімен қарым-қатынасын кеңейте түскен 
дұрыс. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруде сыныптан 
тыс жұмыстардың мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалану тиімді нәтижеге қол 
жеткізбек. 
Қазақстан Республикасы егемендігінің іргесі бекіп, елдің саяси-экономикалық және 
мәдени саладағы жетістіктері мектептен тыс мекемелердің қайта ашылып, олардың 
тәрбие жұмыстарының жандануына себепші болды. Қазақстан Республикасының 
«Білім туралы» Заңына орай Үкімет қаулысымен оларға «Мектептен тыс ұйымдар» 
мәртебесі берілді және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2002 
жылғы 27 тамызындағы № 629-шы бұйрығымен мектептен тыс ұйымдар қызметінің 
құқықтық негіздері және осы саладағы педагог қызметкерлерінің біліктілік 
сипаттамасы бекітілді. Сонымен бірге Үкіметтің №849 шешімімен мектептен тыс 
ұйымдар Ережесінің бекітілуі (22 тамыз, 2001 жыл) жастар мен балалардың ұлттық 
мәдениетін қалыптастыру бағытында көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Ресей 
федерациясының «Білім туралы» Заңында (1982) мектептен тыс жұмыстарға бүкіл бір 
бөлім арналған (26-бап) және осы бағыттағы тәрбие жұмысын реформалаудың 
құқықтық негіздері жасалып, ондай ұйымдарға «Қосымша білім беру мекемелері» 
деген дәреже берілген. 
«Балаларға қосымша білім беру» ұғымына педагогикалық энциклопедиялық 
сөздікте «...оқушылардың өз бетімен таңдауына және қосымша білім беретін 
бағдарламаларды меңгеруіне бағдарланған, балаларға, жасөспірімдерге, оқушы 
жастарға білім мен тәрбие беру жүйесінің құрамдас бөлігі» деп анықтама берілген. Ал 
оның міндеттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 849 шешімімен бекітілген. 
Мектептен тыс ұйымдардың Ережесінде айқындалғандай, олар: балалардың тұлғасын 
жан-жақты дамытуды, денсаулығын нығайтуды, кәсіби өзін-өзі анықтауға
шығармашылықты еңбек етуге қажетті жағдайлар жасауды; қабілеттерін жүзеге 
асыруды; қоғамдық өмірге бейімдеуді; мазмұнды тынығуын ұйымдастыруды; өскелең 
ұрпақтың азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын 
қалыптастыруды қамтамасыз етеді мектептен тыс ұйымдарда білім беру, еңбекке баулу 
және мәдениеттілікті тәрбиелеу сияқты басты іс-әрекет сфераларының түйісуі олардың 
басты ерекшелерінен саналады. Келесі бір артықшылығы балалардың шығармашылық 
іс-әрекеттің белгілі бір түрін өздерінің қызығушылықтары, бейімділігі, қабілеттеріне 
сәйкес, өз бетімен қалап шұғылдануына мүмкіндік беруі болып табылады. Бұның өзі 
балаларға орта мектепке қарағанда өзіне пайдалы білім алуына, болашақ 
мамандықтарының негізін қалайтын нақты іс-әрекеттермен шұғылдану құқығын 
иеленуіне жол ашады. Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлеріне: 
шығармашылықты дамыту, балалар шығармашылығы, балалардың (жасөспірімдердің) 
сыныптан тыс жұмыстары, балалардың білімдік-сауықтыру, экологиялық, балалар мен 
жастар туризмі салаларындағы кәсіби маманданданған шығармашылық орталықтары 
және т.б., эстетикалық тәрбие, мәдениет (өнер) салаларындағы кәсіби маманданған 
үйлері (сарайлар); клубтары, балалар студиялары, стансалары (жас натуралистер, 
балалардың техникалық шығармашылығы), балалар парктері, мектептері, музейлері, 
балалардың білімділік-сауықтыру лагерьлері жатады.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет