тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып
отыруға
үндеген
болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің
дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді.
Педагогика ғылымы
жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде
қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу,
сапа жағынан елеулі
өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және
психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Соңғы
жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына
жаңа туған баладан
бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді.
Олардың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);
6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);
7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін).
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам
жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.
Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала
дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын
құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір
педагог-
маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те
сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.
Достарыңызбен бөлісу: