5.5. АЙНАЛАМЕН ТАНЫСТЫРУ
Білім мазмұны, оларға қойылатын талаптар. Балалар үшін
білімнің негізгі көзі - айналадағы өмір. Балалар өзбеттерінше және оқу
сағаттарында білім алады. Балалардың өзбеттеріше алған білімдері
берекесіз, жүйесіз. 6-7 жаста балаларда білімнің қоры біраз болғанымен,
жиынтық ұғымдарды меңгере алмайды, аса қарапайым құбылыстардың
арасындағы байланыс пен тәулікті өз бетімен анықтай алмайды.
Мектепке дейінгі балалар меңгеруге тиісті білімдер көлемін
белгілеуді алғаш рет Я. А. Коменский жасады. «Ана мектебі» деген
кітабында 6 жасқа дейінгі балаларға беру керек білімді көрсетті. Фридрих
Фребель арнайы жасалған дидактикалық құралдар арқылы балалардың
педагог басшылығымен алуға тиісті түс, мөлшер, пішін, қозғалыс бағыты
туралы білімдерінің көлемін белгіледі.
Мектепке дейінгі ұйым бағдарламасында балалардың айналадағылармен, оның ішінде қоқиғалармен және құбылыстармен танысу көлемі көрсетілген.
Мектепке дейінгі балалар меңгеретін білім мазмұнына қойылатын
талаптар мынадай: 1) балалар игеретін білімдердің мазмұнының өзі
тәрбиелік сипатта болуға тиіс. Балаларда табиғатқа сүйіспеншілікті,
өсімдіктерге және жәндіктерге қамқорлық тәрбиелейтін табиғат туралы
білімдер қалыптастыру, еңбектің кез келген түрлерін қадірлеу ересек
адамның еңбегі туралы білім беру, туған қаласына, 03 Отанына. Қазақстан халқына сүйіспеншілік көзқарас қалыптастыру керек.
2) Балаларда табиғат құбылыстарын, табиғат пен қоғамдағы адам рөлін көрсететін карапайым да болса, ғылыми дурыс білімдер қалыптастыру.
3) Багдарламада көрсетілген білімдер балалардың бәріне түсінікті болуға тиіс. Бұл білімдер топтан топқа көшкен сайын біртіндеп күрделеніп отырады: сәбилер тобында қалалық көліктің негізгі түрлерін ажырату, қандай жұмысқа пайдаланылатын білу таныстырылса, мектепке даярлық топта көліктің қаладағы түрлерін, алыс жолға жүретіндерін, көлікте істейтін адамдардың еңбекекшеліктерін,
қоғамдық көлікті пайдалану тәртібін, әр түрлі көлік құралдарын салыстыра білу үйретіледі.
4) Білім нақты болуға тиіс. Тәрбиеші Отан туралы ұғымды қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасында тұратын әр түрлі халықтар, олардың әдет-ғұрыптары, еңбек түрлері, олар тұрып жатқан табиғат жағдайлары туралы оқып, әңгімелер өткізеді.
Балалар игеруге тиісті білімдер мынадай. қарапайым білімдер игеру үшін арнайы оқытудың қажеті жоқ, ересектердің балалармен өткізетін жай қарым-қатынасы, ойындар, бақылаулар жеткілікті;
күрделі білімдер, бұларды оқыту әрекетінде ғана игеруге болады.
Арнайы ұйымдастырылған оқыту кезінде тәрбиеші балалардың
назарын айналамен таныстыруда білуге тиіс басты нәрселерге
бағыттайды, заттар мен құбылыстарды толық қабылдау тәсілдеріне
үйретеді.
Білім жүйелілігі. Білімдерді жүйелендіру - ақыл-ой тәрбиесінің
міндеттерінің бірі. Білім жүйесі
белгілі бір заңдылықтардың,
ұстанымдардың, ережелердің негізінде бүтіннің бөлшектері арасындағы
байланыстарды, тәртіптерді анықтау арқылы қол жететін білімдер
жиынтығы.
Байланыстарын анықтау арқылы білім жүйеге келеді. Балаларда
білім жүйесі түйсіну, сезімдік тәжірибесі дәрежесінде, ұғымдар нысаны
дәрежесінде қалыптасады: бала жыл мезгілдеріне тән белгілермен
танысады, бұл мәліметтер жиынтығы білімдер жүйесі. Бала заттардың
түсін, пішінін, көлемін, қасиеті мен сапасын айырады.
Балалар мектепке дейінгі ұйымда заттар мен құбылыстарыдың
белгілері жөнінде білімдерді игереді: қарапайым математикалық
ұғымдарды меңгеруде - балалар сандардың құрылу заңдылықтарын,
өзара байланыстарын; табиғатпен танысудабиғат құбылыстары
заңдылықтарын біледі.
Білім жүйесі өзгеріп тұрады. Сәбилер тобында тәрбиеші
балалардың назарын жыл мезгілдерінің нақты белгілеріне аударады,
сртаңғы топта - негізгі белгілерін айыруға үйретеді, ересектер тобында –
жыл мезгілдерінің өзгерістерін, жанды және жансыз табиғат
кұбылыстары арасындағы байланыстар туралы білімді қалыптастырады.
Балалар ересектер, мектепке даярлық топтарда әрбір адамның
еңбек ететінін, еңбек адамдары үшін, қоғам үшін жасалатынын, еңбектің
ұжымдық сипатта екенін, еңбекте адамдардың бірімен-бірі байланысты
екенін білуі қажет.
Бала мына заңдылықтарды түсінуге тиіс:
- біз пайдаланылатын заттардың бәрі адамның еңбегімен істеледі:
- әрбір адам пайдалы бір нәрсе жасау үшін қызмет етеді;
- еңбек - бұл күш жұмсау, қиыншылықтарды жеңу;
- қиыншылықты көп адам болып бірге істегенде жеңу оңайырақ.
- еңбек нәтижесі өз міндеттеріне қалай қарайтыныңа байланысты
- машиналар, техника еңбекті жеңілдетеді.
Тәрбиеші оқудың бағдарламалық мазмұнын белгілей отырып,
балалардың игеруге тиісті білім жүйесі, оқудың басқа түрлерінен алған
білімдермен қалай байланысты болатынын анықтап алуы керек.
Балалардың сұраулары. Балалар сұрақтарды көп береді. Балалардың білуге құмарлығының белгісі - сұрақтар. Сұрақ қоя білген баладан оның бір құбылысты байқау, құбылыстайланысын анықтау қабілеті керінеді.
Балалардың қаншалықты білетіндігін қойған сұрағының көптігінен
білуге болады.
Қойылатын сұрақтың мазмұны баланың жас ерекшелігіне байланысты. Екі жастағы бала өзін қоршаған заттар жөнінде сұрақтар қояды. Бала заттардың атын және оның неге керек екендігін білуге
құмартады: «Мынау не?», «Анау не?" "Бұл кім? Неге?". Алғашқы сұрақтарда нақты танымдық бағыт болмайды. Сәбидің сұрағынан оның үлкендермен сөйлесуді соза түскісі келгені байқалады: бала сұрақты қойып, өзі оның жауабын күтпей жүгіріп кетеді. Кейде бала тізіп бір сұрақтан кейін бір сұрақты қояды. Балаларды үлкендер. ің жауабынан әріп сұрақ-жауап ойыны көбірек қызықтырады.
Балалар қоятын сұрақтардың түрлілігі баланың ойлау қабілетін
көрсетеді.
Бала сұрақтары қоршаған заттар, олардың не үшін керек екендігі мен сапасы туралы, табиғат туралы, техника туралы, адам туралы, олардын қылықтары туралы, қоғамдық құбылыстар мен оқиғалар туралы болып келеді. Балалардың сұрақтарына жауап беру керек.
Сұрақтарға жауап дайын күйінде болмағаны жөйткені ол баланың ойлауын дамытпайды. Қойылған сұраққа жауап беруге басқа балаларды тарту керек. Жауап таба алмағанын көрген немесе ол жауаптың дұрыс емес екенін білген тәрбиеші, балаларға көмектесіп, дұрыс түсінік береді.
Жауап дұрыс, нақты, қысқа, бірақ толық, түсінетіндей болуы керек.
"Иә", "Жоқ" деп жауапты қысқа қайыру баланын білім құмарлығын тудырмайды.
Балалардың өздеріне түсініксіз сіздерді сұраған кезде күрделі
терминдер мен құбылыстарды қарапайым түсіндірудің қажеті жоқ
Мұндай жағдайда балаға бұл жөнінде кейін мектепте білетіндігін айту
керек. Егер тәрбиеші қандай да бір сұрақтың жауабын білмесе, оны
аяқсыз қалдырмай, бұл сұрауға жауапты кітаптан іздеп қарайын деуіне
болады, бұл баланы кітап беретін білімге тәрбиелейді.
Қойылған сұрақтарға күлуге болмайды. Баланың ақыл-ойын
дамытуда сұрақтардың маңызы үлкен: баланың ой-өрісін кеңейтеді,
ойлауын дамытады, білім алуға ынтасын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |