Педагогика


ОҚУ САҒАТЫ – ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЫСАНЫ



бет55/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

5.7. ОҚУ САҒАТЫ – ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЫСАНЫ


Оқытудың рөлі. Оқыту күнделікті өмірде жүзеге асырылады: мәдени-гигиеналық, мінез-құлық мәдениеті, сөйлеу тілі, есептеу, қимыл-қозғалыс және т.б. іскерліктер мен дағдылар қалыптастырылады, бірақ оқытудағы басты роль оқуда.
Оқытуды ұйымдастыру нысаны – оқу және ол барлық балалар үшін міндетті. Мектепке дейінгі балалар үшін сабақтың бағдарламалық мазмұны белгіленіп, күн тәртібіндегі тұрақты уақыты бөлініп, ұзындығы көрсетілген. Балаларға жаңа білім беруді, білімдерін жүйелеуді,

тәжірибиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыруды тәрбиеші жүзеге асырады. Оқу материалы біртіндеп күрделендіріледі.


Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу арқылы балалар мектептегі оқуға дайындалады балалар оқу әрекеті дағдыларына, жинақылыққа, ұйымшылдыққа үйренеді, зейінін, назарын бір нәрсеге аудару, ерік-күші жетіледі.
Ұжымда оқыту баларды бірігіп жұмыс жүргізуде бір-біріне әсер етуге, белсенділік, батылдық көрсетуге тәрбиелейді, ұжымшылдық сезімі қалыптасады.
Бірлесіп саяхатқа шығу, сурет салу, мүсін жасау, құрастыру жұмыстарын орындау, қимыл дамыту және музыка сабақтарында жалпы ойындар мен би билеуге біріктіру, көркем әдебиеттен алған әсері бірлесіп қуану немесе уайымдау – тату балалар ұжымын құруға көмектеседі және сол ұжымда өмір сүріп, жұмыс істеуге үйретеді.
Сабақта балалардың мектепке, білімге ынтасы тәрбиеленіп, жағымды мінез-құлық дағдысы, жауапкершілік сезімі, орындаушылық қабілеті, төзімділігі, еңбек ету дағдысы қалыптасады.
Оқу тәртібі. Мектепке дейінгі ұйымда тіл дамыту, қоршаған ортамен танысу, қарапайым математикалық ұғымдар қалыптастыру, сурет салу, мүсін жасау, жапсыру, құрастыру, дене шынықтыру, музыка сабақтары өткізіледі. Оқу баладан дене және ақыл-ой күштерін жұмсауды талап етеді. Сондықтан оқу көлемін, ұзындығын, күн тәртібіндегі орнын дұрыс белгілеуге, бағдарлама бөлімдерінің жиілігіне, уақытымен жүргізілуіне сақтықпен қарау керек.
Балалар ақыл-ойға түскен салмақты жеңіл көтеретін, күн жарығы жақсы түсетін болғандықтан оқу сағаты күннің бірінші жартысында өткізілгені дұрыс. Оқу сағаты, оның ұзақтығы балалардың жас ерекшелігіне қарай белгіленеді.
Оқу сағаты бірінші сәбилер тобында құрамы тұрақты екі шағын топқа бөлініп, кезекпен өткізіледі. Балалардың жұмысқа қабілеті жоғары болатын кезеңдері ескеріліп, сабақ кестесі бір аптаға жасалады. Аптаның орта кезінде балалардың жұмысқа қабілеттілігі жоғарғы болатындықтан: сейсенбі, сәрсенбі, бйсенбі күндері оқу сағаты кестесіне белсенді ойлауды талап ететін қиын сабақтар қарапайым математикалық ұғымдар қалыптастыру, тіл дамыту, сауат ашу қойылады. Бұлар оқу сағаты кестесіне алғашқы оқу сағаттары қатарында, ал тез қимылды талап ететін сабақтар музыка, дене шынықтыру, бейнелеу әрекеті – екінші етіп қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет