Байланысты: Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика
5.8. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР ***
Бірде серуен кезінде ересектер тобының тәрбиешісі балалардың көңілін босап қалған қара торғайлардың ұяларына аударды. Балалар құстардың қайда екенін, қайжаққа ұшып кеткенін сұрайды. Тәрбиеші балаларға қарсы сұрақ қойды: «Қалай ойлайсыңдар, неге ұялар бос?». Балаларды тыңдап, олардың құстардың ұшып кететіндігі туралы түсініктерін толық анықтап білді. Тағы бірде күзде балалар ағаштарды бақылап жүріп, жеміс – жидектер санының азайғандығын байқады, ал жерде ешқандай жеміс – жидек жоқ еді. «Жеміс – жидектер қайда кеткен?» - деген сұрақ туды балалардың көңілінде. Тәрбиеші бұл сұраққа өздері жауап іздеуді ұсынды. Көктемде серуен кезінде балалар итбалықтарды көріп, оған қызыға қарады. «Итбалықтарды балықтар жасап жатырма?» - деген сұрақ қойды. Сонда педагог балалардың көзінше басқалардың уылдырықтарын аквариумға төкті де, олардың дамуын бақылауды ұсынды. Педагог неге балалардың сұрақтарына әр түрлі қарады?
Балалар сұрағына мұндай жолмен жауап берудің педагогикалық құндылығы неде?
*** Ересектеер тобының балалары ойын кезінде майда бұлақтар арқалы су бөгетін жасауды шешті. Олар педагогтан су бөгетін неден жасауға болатынын сұрайды. Педагог балаларға бұл міндетті шешудің дайын жауабын айта салмай, оларды өзімен бірге ойласуға шақырды. Балалар әр түрлі тәсілдерді ұсына бастады.
Олар құмды пайдалануды ұйғарды. Құмды бұлаққа төгіп көрді, бірақ олар судың ағысымен құмның жуылып кететініне және суды өткізетініне көздерін жеткізді.Содан кейін бұлаққа топырақ төгіп көрді, бірақ оны да судың жуып кететінін көрді. Балалардың алдында «суды не тоқтата алады?» - деген практикалық сұрақ тұрды.
Педагог неге балалардың қызығушылығын тудыратын дайын шешімі бар міндетті қоймайды?
Балалардың алдына қойылған практикалық жұмысты шешуге көмектесу үшін педагог не істеу керек?
***
Ересектер тобында болған бір сабақта жас тәрбиеші балаларға 18 сұрақ қойды. Олардың ішінде мынадай сұрақтар болды: қазір жылдың қай мезгілі? Аспан қандай болды? Ағаштардағы жапырақтар қандай? Жаңбыр жиі жауа ма? Адамдар қалай киініп жүр? Құстар неге, қайда ұшып кетеді? Күзде көкөністермен жемістер көп пе? Сендер оны қайдан көрдіңдер? Және т.б.
Тәрбиеші сұрақтарының санына, балаларға түсініктілігіне және ойлау белсенділігіне талдау жасаңыз?
Сабақ неге қызықсыз және түсініксіз өтті?
* * * Ересектер тобының тәрбиешісі бірде серуен кезінде балаларға орман ішіндегі, шалшық сулы жерлердегі, су айырындағы дыбыстарды тыңдап, ажыратып айтып беруді ұсынды. Бұл ұсыныс әуелі балаларды таң қалдырды, ал сонан соң оларда қызығушылық тудырды. Олар естіген дыбыстарын санай бастады. Кім не істеді? - деген сұраққа 4 бала: «Жалырақтың қалай сыбдырлайтынын», 10 бала: «Құстардың қалай әндәтетінін», 9 бала «Қарағайлардың қалай шуылдайтынын» - деп жауап берді. Орман ішіндегі алаңда балалар басқа дыбыстарды естіді: бал араларының, инеліктердің, шегіртықылы, шөптердің сыбдыры т. б. Кейбір балалар тек қатты шыққан дыбыстарды ғана байқаған. Орман ішіндегі көлде балалардың көп көңіл бөлгені бақалардың құрылы мен судың дыбысы болды. Бұдан кейін тәрбиеші ойындар мен сабақтар өткізді. Өткізген ойынының бірі - «Кім көп естіді?». Әр бала тыңдап, естігендері туралы нақты айтып беруге тырысты. Төрбиеші жауаптарын жазып алды да, барлығы бірігіп кімнің көп естігенін шешті. Орман шуылын тыңдай отырып балалар қарағайдың қалай шуылдайтыны, жапырақтардың сыбдыры туралы айтып, мынадай қорытынды жасады: әр ағаштың өз дауысы бар. Балалар орман шуылын ауа райының әр түрлі кезеңдерінде тыңдады. Жел қатты тұрған кезде қарағай ашулана шулайды, орман бұлайша жаңбыр жауар алдында шулайды. Ойын кезінде балалар желдің, орманның, жеке ағаштардың шуылын салуға тырысты.
1. Тәрбиеші қандай мақсаттармен бұл ойындар мен сабақтарды өткізді? 2. Тәрбиешінің балалармен бұл ойындар мен сабақтарды ұйымдастыруына және өткізу тәсілдеріне баға беріңіз. 3. Балаларды алаңдағы, су айырығындағы, ормандағы дыбыстарды тыңдай білуге үйрете отырып, сіз қандай ойындар мен сабақтар өткізер едіңіз? неде? Бұл ойындар мен сабақтардың тәрбиелік және танымдық құны
*** Естияр тобында тәрбиеші балаларды жануарлардың әр түрімен таныстырғысы келді. Ол балаларға ойыншық аюды, түлкіні, итті, мысықты көрсетті. Әр ойыншық үстел үстімен жылжып келіп, «сарайдың» есігінен пайда болып отырды, тәрбиеші оның қандай аң екенін, кейде оның қалай айқайлайтынын көрсетіп отырды. Балаларға көңілді болды, олар ойыншықтарға қызыға қарады және үнемі аңның шығуын асыға күтіп отырды. Басқа бір естияр тобында бұл сабақты тәрбиеші басқаша өткізді. Балаларға ойыншық жануарларды көрсетіп, тәрбиеші былай деп сұрады: «Бұл не? Бұның түлкі екенін қалай білдіңдер? Түлкінің тұмсығы қандай? Құйрығы ше? Аяқтары ше? Мынау не?» - «Қасқыр!» - «Қалай білдіңдер? Қасқыр несімен ұқсас түлкіге? Қандай айырмашылықтары бар?» т.б. Бұл сабақты да балалар өте зейін қойып тыңдады. Олар өзіне белгілі жаннуарларды тани білді, салыстырды және олар өздерінің аздаған жаңалық ашқандарына қуанды. Екі сабақты салыстырыңыз, олардың қайсысы балалардың дамуына пайдалы екенін айтыңыз және неге?
Балалардың ерікті қабылдануын дамыту үшін қандай әдістер мен тәсілдер қолдануға болады?
*** Тәрбиеші балаларға ертең болатын жиналысқа ата – аналарды шақыру керектігін айтты. Бес жасар Талғат жиналыс туралы анасына айтуды ұмытып кетіп, ұйқыға жатарда ғана есіне түсірді де:
Сізге балабақшаға келсін деді, - деді
Анасы :
Не үшін бару керек, мүмкін ақша алып бару керек шығар?
Иә, иә, барлығы алып келіп берді, бір сіз ғана әкелген жоқсыз, - деді Талғат.
Келесі күні Талғаттың анасы ақша туралы мәселені қағазға жазып бермей баладан айтып жібергендігіне ренжіп бақша меңгерушісіне келді. Ақша туралы Талғатқа ешкім ешнәрсе айтпаған болып шықты. Талғаттың анасымеңгерушіден шыққан кезде тәрбиеші ата – аналар жиналысына неге келмегендігін сұрады. Талғат неге барлығын шатастырып алғанын түсіндіріңіз.