Педагогика



бет56/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Сабақты ұйымдастыру. Мектепке дейінгі ұйымда оқу сағаттарын өткізуде гигиеналық нормалар сақтау қажет:

  • үй желдетілген болуы ;

  • жиһаз балалардың балалардың бойларына сай болуы;

  • жарық баланың сол жағынан түсетін болуы;

  • бөдме жарықпен ойдағыдай қамтамасыз етілуі.

Орындықта дұрыс отырмау омыртқаның қисаюына әкеліп соқтыратындықтан сабақта тәрбиеші балалардың үстел басында дұрыс отыруын қадағалайды. Тәрбиеші сабақ барысында балалардың шаршап қалмауын қамтамасыз етеді ақыл-ойға салмақ түсетін тіл дамыту, қарапайым математикалық ұғымдар қалыптастыру сабақтарында жұмыс мазмұнын өзгертіп отырады.
Сабақтың құрылымы балаларды ұйымдастыруданегізгі бөлімінен және аяқталуынан турады. Балалардың білімге құштарлығын арттыру үшін сабақтың мазмұны, әдістемесі дұрыс ойластырылуы керек.
Педагог балалардың сабаққа дайындығын: сыртқы түрін, дурыс отыруын, зейін қоюын тексереді, балаларды алда тұрған іс-әрекетке ынталандырады, балалардың жас ерекшелігіне, танымдық мотивтерінің қалыптасуына қарай әдістер таңдайды.
Тәрбиеші кейде сәбилер тобында сабақтың басында «Біреу есікті қағып түр! Бізге қонаққа қуыршақ келді!» деген сияқты қызықтыру, таңдандыру, құпия тәсілдерін пайдаланып, сабаққа балалардың ынтасын бағыттайды, Ал ересектер тобында тәрбиеші оларға болатын сабақ туралы сабақ алдында немесе бірнеше күрын ескертеді. Сабақтан бір апта бұрын педагог балаларға саяхатқа, алаңға, егістік жерлерге немесе т. б баратындығын хабарлайды, оларға суреттерді қарауды, ата-аналарымен бірге серуен кезінде не көргендерін еске түсіруді ұсынады.
Ересектер және мектепке даярлық топ балалары сабақтың қажетті және міндетті екенін түсініп, оған саналы түрде дайындалады.
Сабақ барысы. Тәрбиеші балаларға жаңа білімді түсіндіріп, тапсырмалар береді, оларды орындауға көмектеседі, жұмыс ұжымдық және жеке-дара түрінде ұйымдастырылады.
Жұмысқа барлық балалар қатысуы және ойдағыдай орындауы үшін тәрбиеші түрлі әдістер мен тәсілдер пайдаланады.
Сабақты балалардың зейінін аударудан бастаған дұрыс. Нені қалай істеу керектігін айқындау үшін балаларға түсіндіру және көрсету әдістері пайдаланылады. Түсіндіру 3-5 минуттан аспау керек, кейбір балалар қайталауды қажет етпейтіндіктен оларды зейін қойып тыңдауға үйрету керек. Зейінді аудару - оқытудың алғы шарты.
Мектепке дейінгі ұйымдағы сабақ барысында білім мен дағдыны жетілдіру түсіндірумен, көрсетумен тығыз байланысты, түсіндіру жаттығуға ауысады. Балалар оқушылар сияқты оқу материалын өздігінен еске түсіре алмайды, еске түсіруді тәрбиешінің өзі атқарады, Білім мен іскерлікті жетілдіру үшін қайталау мен жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Балалардың түсініп, есте сақтауы үшін материалды сөзбен түсіндірген дұрыс болғандықтан санап үйрену, курастыру, сурет салу кезінде олардың не істейтінін, қай кезде қандай материалды
пайдаланатынын айтып өтуіне мүмкіндік беру керек.
Білімді жетілдіру үшін балалар әзбеттерінше дидактикалық
материалдармен жұмыс істейді: тәрбиешінің тапсырмасы бойынша
есептер құрастырады, оларды көбейтеді немесе азайтады, заттардың
санын есептеп шығарады, екі кіші саннан бір үлкен сан шығарады.
Педагог сабақ барысында балалардың түгел қатысуын,
тапсырманы дұрыс және тез орындауын, аяқтап үлгеруін қадағалайды.
Сурет салу, мүсін жасау, құрастыру бойынша тапсырманы әр баланың
жеке орындау қарқыны әр түрлі болғандықтан сабақ аяқталуға бірнеше
минут қалғанда тәрбиеші жұмысты бітіру керекендігін ескертеді.
Сабақтың аяқталуы. Тәрбиеші сабақ соңында қорытынды
жасайды. балалармен бірге орындалған жұмысты талдайды,
балалардың сабаққа қатысуына баға береді, кейде бағдарламаның осы
бөлімі бойынша келесі жолы олардың немен шұғылданатынын айтады.
Жұмыс нәтижесі қойылған дидактикалық міндеттермен
салыстырылады, талдау жасалады, орындалған жұмыс «дұрыс» немесе
«дұрыс емес» деп бағаланады. Әңгіме толық болуы немесе болмауына,
сөйлемдердің дұрыс немесе дұрыс емес құрылуына, баланың сөйлеген
сөзі мәнерлі болуы немесе болмауына баға көмектеседі, бала жақсы
нәтиже берген жұмысқа жақсы баға берілетінін түсінеді. Балалардың
салған суреттеріне баға беруде тәрбиеші суреттің қағаз дұрыс
орналасуын, оның мөлшерінің берілген мөлшерге сәйкестігін, берілген
нұсқаулардың ескерілгендігін, қажетті бөлшектердің бейнеленгендігін,
бояу түстерінің дұрыс таңдалынғандығын және т. б. атап көрсетеді.
Мұндай баға балаларға келесі жолы бұл қателерді ескеруіне көмектеседі.
Балалар сабақ аяқталған соң сабақ болатын болса ойынға
жіберіледі, сабақ біткен болса серуенге дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет