Педагогика


Тәрбиешінің сабаққа дайындығы



бет58/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Тәрбиешінің сабаққа дайындығы.Тәрбиешінің сабаққа дайындығы сабақтың сапасына, оның нәтижесіне әсер етеді: сабақты жоспарлау, құрал-жабдықтарды дайындау, балаларды сабаққа дайындау.
Сабақты жоспарлауда тәрбиеші материалдың біртіндеп күрделенуін және оның нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін бүкіл бөлім бойынша өткізілетін сабақтарың жүйесін бірден қамтуа тиіс. Мысалы, «Нан дастарханға қалай келді?» тақырыбын жоспарлауда педагог бірнеше сабақты белгілейді нанның дастарханға келгенге дейінгі диханшылар еңбек туралы әңгіме өткізу, жақын жердегі егістікке саяхат жасау, наубайхана, онда істейтін адамдар еңбегі жөнінде әңгіме өткізу. Бірінші сабақта нан туралы балалардың не білетіндерін анықтап, жер жыртатын, тұқым себетін, піскен егінді оратын техникалар, жиналған егінді сақтайтын қойма және жұмысқа керекті басқа да жабдықтарды көрсетеді. Екінші сабақта нан пісіретін наубайхана жұмысын мүмкіндігіне қарай кинофильмдер, суреттер арқылы көрсетіп немесе наубайханаға барып, нан пісрушілердің еңбегін бақылатады, олардың еңбегін жеңілдететін техника құралдарымен таныстырады. Мұнда қандай нан түрлері пісірілетінін біледі. Үшінші сабақта балалар ұннан пісірілген тағамдардың түрлерін көріп, нан тағамдарының сырт көрінісінен және қолмен сипап, дәмін татып айыра білуге үйренеді.
Тәрбиеші сабақ бағдарламасының мазмұнын ойластырады, сабақта пайдаланылатын әдістер мен тәсілдерді таңдайды, таңдалған әдіс мүмкіншілігіне қарай сабақ жоспарын жасайды. Алынған тақырып бойынша алдын ала жүргізілетін жұмыстар жоспарланады. Мысалы,
«Біздегі мереке» тақырыбында сурет салу үшін мереке күнгі серуен, мерекелік телевизия хабарлары, балалар бақшасында өткізілген мерекеден алған жақсы әсер туралы балалармен әңгіме өткізуді, сурет қарауды алдын-ала жоспарлау керек болса, қыста қыс туралы өлеңдер жаттау алдында, тәрбиеші серуен кезінде қар түйіршігін лупамен қарауды жоспарлайды. Мұндай алдын-ала жұмыс жүргізу балалардың сабаққа деген эмоциялық даярлығын туғызады.
Сабақ қызықты, бөлінген уақыт тиімді болуы үшін тәрбиеші сабақ барысын жоспарлауды нақыл ойластырады. Мысалы, жоғарыда келтірілген «Нан дастарханға қалай келді?» тақырыбындағы бірінші сабақта педагог нанның бір түрін көрсетіп, ол туралы балалардан әңгімелеп беруді сұрайды, 3-4 баладан сұраса оған 2-3 мин-уақыт керек болады. Осыдан кейін тәрбиеші: "Үйге нанды кім әкеледі? Дүкеннен дайын түрінде сатып алынатын нандардың қайда пісірілетінін кім біледі? Нан пісіру үшін қандай заттар керек?» - деп сұрайды, бұл сұрауларға жауап қайтару үшін де 2-3 мин кетеді. Тәрбиеші балаларға дайын нандардың түрлері, үн, тұз, нан илеу үшін ыдыс, са, ас содасы, қант көрсетеді де олардың әр қайсысы не үшін қажет екенін сұрайды. Бұған 8- 10 минут уақыт қажет. Сабақта тәрбиешіге нанның бір түріне қажетті қамырды илеп көрсетуге болады. Бұл үшін барлығы 20-25 минутты қажет етеді.
Балалардың ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиеші сабаққа дайындық кезінде әдістемелік әдебиеттерді, қолда бар жабдықтарды пайдаланады.
Сабаққа дайындық кезінде тәрбиеші жоспар құрастыруы керек. Онда сабақтың бағдарламалық мазмұны (білім беру, дамыту, тәрбие міндеттері), қажетті құрал-жабдықтар, балалармен алдын-ала жүргізілетін жұмыстар, сабақтың барысы және әдіс-тәсілдері көрсетіледі.
Сабақтардың өткізілуінің тиімділігі үшін қажетті құрал-жабдықтарды таңдау жұмыстары уақытылы жүргізілуі керек. Құрал-жабдықтарды таңдау сабақтың мазмұнына және тәрбиешінің белгіленген әдістемелік тәсілдеріне байланысты.
Балалар бақшасының әдістемелік кабинетінде барлық әдістемелер бойынша сабақ өткізуге қажетті құралдар мен материалдар болатындықтан сабақ өткізер алдында педагог қажетті құрал-жабдықтарды іріктеп, олардың дұрыстығын, барлық балалардың дидактикалық материалдармен жабдықталуын тексереді.
Сабақтардың бағдарламалық мазмұнына қарай кейбір сабақтарға дайындық көп уақытты керек етеді, мысалы: кейбір сабақтарға майда есептеу материалдары керек, жапсыру мен құрастыру үшін бөлшектер дайындау қажет болса, кейбір сабақтарда алдағы жұмытарға дайындықты бастау керек болады, мысалы: тұқым себуге, отырғызуға балалардың қызығушылығын туғызу үшін оларға өсіп тұрған өсімдікті көрсетіп, оны әуелі өсіру керектігі айтылады. Құрастыру, сурет салу үшін қажетті үлгілерді алдын-ала дайындайды, өлеңнің, ертегінің мәтінін

жаттайды. Қажетті құралдар жоқ болған жағдайда тәрбиешінің өзі әзірлейді, кейде бұған ересек және мектепке даярлық топтарының балалары тартылады.


Саяхатқа бару керек болған жағдайда тәрбиеші саяхат өткізілетін орынды барып көреді, нені бақылау керектігін таңдайды, балаларды қалай орналастырған жағдайда олардың өміріне қауіпсіз және барлық балалар бақылай алады деген мақсатты ойластырып, ең қысқа әрі қауіпсіз жолды таңдап алады.
Сабаққа дайындық кзінде кезекшілер қатті жабдықтарды дайындауға, үстелдер мен орындарды қолайы етіп қоюға, құралдар мен материалдарды реттеп жаюға көмектеседі. Дене шынықтыру және музыка сабақтары алдында балалар аяқ киімдерін ауыстырып, спорт киімін киеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет