Педагогика


Ақыл-ой тәрбиесіндегі отбасы ролі



бет59/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Ақыл-ой тәрбиесіндегі отбасы ролі. Ақыл-ой тәрбиесінде отбасының әсері үлкен. Отбасында ата-анамен серуенге шығу және бірге ойнау кезінде баланың ой-өрісін кеңейтуге, тілін дамытуға, танымдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар туындайды. Ата-ананың қарым-қатынасы мен мәдениеті, сөйлеу мәнері мен тіл байлығы баланың еліктеуіне үлгі.
Балалардың ақыл-ой тәрбиесін жүзеге асыруда ата-анаарға көмектесу – педагогтың міндеті. Педагог ата-аналарды оқу бағдарламасының мазмұнымен, міндеттерімен таныстырып, сабақта не істеп, қандай ойындар ойнағандарын сұрап тұрулары тураы кеңес береді. Бұл балалады үйде бағдарлама материалдарын қайталауға: ертегіні қайталап айтуға, жаттап алған тақпақтарын оқуға, математика, құрастыру, сурет салу сабақтарында неге үйренгендерін көрсетуге және айтуға жетелейді.
Серуен кезінде, сапарда жүргенде ата-аналар бала назарын қоршаған табиғатқа, ғимараттар архитектурасына, олардың үйлесіміне, көліктерге және т.б. аударып, баланың ой-өрісін кеңейтетін көп жұмыстар істеуіне болады.
Тәрбиеші ата-аналарға балалар кітап оқып беруді сұраған кезде не оқу, қалай оқу керектігін, оның мазмұнын балалардан сұрап баланың қаншалықты түсінгендігін байқауға болатындығын түсіндіру қажет. Ата- аналар баланың сұрағына қалай жауап беруі керектігін, оның білуге құштарлығын қалай қолдап отыруға және дамытуға болатынын білуге тиісті. Бұл мәселелерді ата-аналар жиналыстарында, кеңестерде және әңгіме өткізуде талқылауға болады. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының біріккен жұмысы баланың ақыл-ойын тәрбиелеуді, дамытуды қамтамасыз етеді.


5 бөлім бойынша бекіту сұрақтары:



  1. Ақыл-ой дамуы деген не?

  2. Балалардың ақыл-ой тәрбиесі қандай міндеттер шешуді көздейді?

  3. Сенсорлық тәрбие деген не?

  4. Сенсорлық тәрбие мазмұнына нелер кіреді?

  5. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары қандай?

  6. Мектепке дейінгі оқытудың ерекшеліктері қандай?

  7. Оқытудың дидактикалық ұстанымдары және мазмұны қандай?

  8. Білім мазмұнына қойылатын талаптар қандай?

  9. Балалар сұрауларына жауап беруге қандай талаптар қойылады?

  10. Оқытудың әдістері және тәсілдері деген не?

  11. Мектепке дейінгі балаларды оқытудың қандай әдістері белгілі?

  12. Оқыту әдістерінің қандай тәсілдері белгілі?

  13. Оқытудағы сабақтың ролі қандай?

  14. Оқу сағаттарында балаларға қойылатын талаптар қандай?

  15. Тәрбиешінің оқу сағаттарына дайындығы несімен маңызды?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет