Педагогика


Балаларға қойылатын талаптар



бет57/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Балаларға қойылатын талаптар.Балаларға қойылатын талаптар олардың жас ерекшеліктеріне сай келуі тиіс.
Бірінші сәбилер тобының сабақтары шағын топтарға бөлініп өткізілетіндіктен бір шағын топта сабақ жүріп жатқанда екіншісі шағын топ ойнайды. Екінші шағын топ балаларын тәрбиешінің көмекшісі қадағалайды. Сабақ уақыты 10-15 минут, содан кейін шағын топтар орын алмастырады. Тәрбиеші сәбилердің сұраққа жауап беру, атаған затты көрсету, сурет салу, мүсін жасау сияқты әрекеттерге белсене қатысуын қадағалайды.
Бірден екінші сәбилер тобына қабылданған балалар мен тәрбиеші алғашқы 1-2 аптаның көлемінде сабақты өзі тілек білдірген балалармен ғана өткізеді, содан кейін барлық топпен сабақ басталады. Алғашқы сабақтарда сәбилер топ бөлмесіндегі мүліктермен танысады, ойын бұрышындағы ойыншықтарды көреді, қуыршақтармен сабақтар өткізіледі.
Балаларға қойылатын талаптар біртіндеп күрделендіріледі. Олар сабақ үстінде түзу отыру, басқа жаққа алаңдамау, тәрбиешіні және жлдастарын зейін қоя тындау, педагогтың сұрауы бойынша жауап беру, жауап бергенде орнынан тұру, қажетіне қарай үстелге келу сияқт тәртіп ережесін үйретеді.
Тәрбиеші ересек балаларды тез уайымдаса білуге үйретеді:
- жұмысты жылдам істеу;

  • бір тапсырмадан екінші тапсырмаға кірісіп кете білу;

  • сабақ үстінде жұмыс орнын тәртіпті ұстау;

  • сурет ойынша әңгіме кезінде көрсеткіш таяқшаны пайдалану;

  • есептеу, әңгіме айту кезінде тақтаның немесе үстелдің жанында дұрыс тұра білу;

  • сөзін толық, түсінікті етіп басқа балалар еститіндей жауап беру;

  • сабақтан кейін өз жұмыс орнын жинап кету.

Сабақ үстінде тәртіп талаптарын орынауды әдетке айналдыру тәрбиелік жағынан маңызды іс. Сабақ үстінде мінез-құлық дағдысын қалыптастыру мыналарға байланысты:

  1. тәрбиелік ықпал тек беделге, талапқа сүйенеді;

  2. бұл оқытудың әсері нәтижеінде пайда болған оқу іс-әрекеті дамуының белгілері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет