Педагогика



бет98/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

10.2. Мерекелердің түрлері
Мерекелерді салтанатты түрде мектепке дейінгі ұйымда атап өтудің маңызы зор. Мерекелер өзінің идеялық бағыты мен құрылымына қайрай үш түрге бөлінеді:

  1. Қоғамдық- саяси мерекелер: 30тамыз- ҚР- ның Конституциясы күні,16 желтоқсан- Республика күні, 17 желтоқсан- Тәуелсіздік күні, 8 наурыз- халықаралық әйелдер күні, 1 мамыр- халықтардың ынтымақтастық күні, 7 мамыр- Қарулы Күштер күні, 9 мамыр- Жеңіс күні.

  2. Тұрмыстық мерекелер: жаңа жыл мерекесі, Наурыз мерекесі, балаларды мектепке шығарып салу, т.б.

  3. Маусымдық мерекелер: қысты шығарып салу, құстар күні, жаз мерекесі.

Қоғамдық- саяси мерекелер мектепке дейінгі ұйымда салтанатты түрде өткізіледі. Бұл мерекелер музыка залына балалардың көгілдір жалаушалар, шарлар, гүлдер ұстап, салтанатты шеру жасап кіруінен басталады. Балалар қонақтарға қарап тұрады. Мереке басталады. Салтанатта көңілді сауықтар, ойындар, билер, топ болып қосылып айтылатын әндер мерекені жандандырып, көңілді ететін аттракциондармен алмасып отырады. Бұлар алдын- ала дайындауды керек етпейді, балалар ептілік, тапқырлық жөнінде жарысқа түседі.
Мерекенің соңына қарай мереке салтанаты мен қуанышын тағы да атап көрсетеді. Ересектердің құтықтаулары болады.
Тұрмыстық және маусымдық мерекелер қоғамдық- саяси мерекелерден тақырыбы, балалардың тұрмысы мен өмірі, көркемдік безендірілуі мен құрылымы жағынан өзгеше. Балалар үшін асыға күтетін сүйікті мереке- жаңа жыл. Жаңа жыл мерекесі ертегідегі сияқты сиқырлы ғажайыптарға толы, ол балаларға толып жатқан тосын қызықтар әкеледі.
Оттарымен, ойыншықтарымен жарқыраған шырша- жаңа жыл мерекесінің орталығы. Шырша өзінің әдемілігімен балаларды тартады. Көңілді музыкамен балалар тәрбиешімен бірге залға кіріп мерекелік шыршаны көреді. Шыршаны көңілді әндер айтып, айналып шығып, өздерінің орындарына барып отырады. Жаңа жыл мерекесіндегі ең басты қызық өздерімен бірге әзіл- қалжың, күлдіргі әңгімелер, ойындар, жұмбақтар, ертегі ғажайыптары және сйлықтар әкелетін аяз ата мен ақшақардың келуінен басталады.
Шырша залда бірнеше күн тұрады. Балалардың өтініші бойынша әдетте мерекелік бағдарлама кейбір жерлері қайталанады. Әрбір бала өзі ұнатқан ролді алып, тағы да ән шырқалады, ойын өткізіледі.
Балалар құмарынан шыққан соң шырша аулаға шығарылып, мұздан жасалған ойыншықтар, түрлі- түсті мұздақтардан, қардан жасалған кішкене аңдармен безендіріліп тағы да біраз уақыт тұрады. Балалардың шыршаға қызығушылығы бәсеңдеген кезде оны жинап алады, бірақ шыршаның ағашын балабақша ауласына тастай салуға болмайды. Шырша балалардың есінде әдемі, жайнаған күйінде сақталып қалуы тиіс.
Мектепке дейінгі ұйымдарда жыл мезгілдеріне байланысты маусымдық мерекелер өткізіледі. Олардың тақырыбы балалар өмірі мен іс- әрекеттеріне алынады. Мысалы, жазғы мереке кезінде балалар өздерінің саяжайда болғанда қаншалықты епті болғанын, қаншама жаңа әндер, өлеңдер үйренгенін т.б. көрсетеді. Мереке аулада немесе орман ішіндегі алаңда өткізіледі. Мереке өткізілетін орынды безендіруге көбінесе тәрбиешінің және балалардың өз қолдарымен жасалған әшекейлер ілінеді. Бұлар- өсімдіктердің көк сабағынан, гүлдерден өрілген әшекейлі тізбектер, желмен айналып тұратын неше түрлі боялған зырылдауықтар, картоннан жасап, неше түрлі бояп жарқыратып қойған үлкен саңырауқұлақтар, үйлер т.б. болуы мүмкін.
Концерт түрінде өтетін жазғы мереке ертегі қойылымдарымен және Отанымызды дәріптейтін ән шырқаумен аяқталады.
Мерекенің басты мақсаты- балалардың бақытты өмірін, олардың дамуындағы жетістіктерді көрсету.
Мерекелер балаларды жан- жақты тәрбиелеудің маңызды құралы. Мерекелердің сәтті өтуі тәрбиешінің шеберлігіне, ақылдылығына, шығармашылығына байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет