Пән бағдарламасының (Syllabus)титул парағы


 Бухгалтерлік есеп жүйелерін бақылаудың мақсаты. (БЕЖ)



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата25.04.2023
өлшемі455,77 Kb.
#86856
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
2. Бухгалтерлік есеп жүйелерін бақылаудың мақсаты. (БЕЖ). 
Ішкі бақылау жүйесінің алдында келесідей 7 мақсат тұрады. Бұл
мақсат қателіктерді болдырмауға қол жеткізуге көмек береді. Сенімділіктің
Ішкі бақылау жүйесі


қажетті дейгейін қамтамасыз ету үшін клиентің ішкі бақылау жүйесі
келесідей болуы қажет:
1) есепке алынған шаруашылық операциялар тіркелуі қажет, олардың
нақтылығы
2) шаруашылық операциялары қажетінше рұқсат алынуы қажет
3) жүзеге асырылған шаруашылық операциялардың есепте көрсетілуі
4) шаруашылық операциялардың дұрыс бағалануы
5) шаруашылық операциялардың шотта көрсетілуі қажет. Бұл
қаржылық берудің объективті түрде жасалғанын бағалауға мүмкіндік
береді
6) шаруашылық операциялардың дер кезінде рәсімделуі қажет
7) шаруашылық операциялар бойынша жазбалар регисторда жазылып,
оның нәтижесі дұрыс соммаланып, жалпылануы қажет.
12 лекция. 
1. Бақылау ортасы туралы түсінік (БО) және оның элементтері. 
2. Бақылау құралы туралы түсінік (БҚ) және оның түрлері.
1. 
Бақылау ортасы туралы түсінік (БО) және оның элементтері.
Бақылау жүйесінің тиімділігінің маңыздылығы әкімшіліктің бақылауға
деген қатынасымен анықталады. 
Бақылау ортасы – бұл әкімшіліктің жоғары дәрежесінің қарым-
қатынасын, сонымен қатар директорлар мен ұйымның иелері де осы
бақылауға және бақылаудың маңыздылығы жайындағы процедуралар және
әрекеттер болып табылады.
Бақылаудың ұйымдастырушылық структурасы шаруашылық жүйенің
үкім мен оған тәуелділерді анықтайды. Көбіне ұйымдастырушылық
структурада ақпараттық байланыстар жүргізіледі. Аудитор клиенттің
компаниясының ұйымдастырушылық структурасын зерттеу арқылы
басқарушылық және шаруашылық жүйедегі функционалдық
байланыстарды, сонымен бірге бақылау-болжау процедураларының қалай
іске асырылатындығын түсінуге болады.
Ішкі аудит кәсіпорында бақылау-болжау процедураларын тексеруде
тиімділігін белгілейді. Ішкі аудиттің тиімділігін қамтамасыз ету үшін,
өндірістік бөлімдегі аудиторлық жұмыскерлердің тәуелсіздігіне кепілдік
беру керек. Тиімді әрекет ететін басқарушылық команда шаруашылық
жүйенің бақылау ортасын тұрақтандырумен бірге, кәсіпорынның сыртқы
аудитқа шығындарын төмендетеді. Егер сыртқы аудитор ішкі аудиторлар
жайлы олардың біліктілігін, шынайылығын және объективтілігін


куәландыратын ақпарат алатын болса, онда сыртқы аудиторлар толығымен
олардың жұмысына сенін артады. 
Кәсіпорын тұлғасы – бұл кез-келген бақылау жүйесінде маңызды
аспект болып табылады. Егер жұмысшылар білікті және сенімді болатын
болса, онда бақылаудың белгілі бір әлсіз жақтары мен де сенімді қаржылық
отчет қамтылады. Керісінше, егер бақылау процедуралары өте көп болса,
онда жұмысшылардың біліктілігіеместігін және шынайы еместігін кез-
келген бақылау жүйесінің тиімділігін төмендетеді. Ал, егер жұмысшы білікті
және сенімді болса, онда әр бір адамның өзінің әлсіз тұстары болатынын
есте сақтау керек.
Ішкі бақылау жүйесінде бақылау тиімділігі жұмысшылардың біліктілігі
мен сенімділігіне байланысты болғандықтан, жүйенің маңызды элементінің
бірі – бағалау және марапаттау болып табылады.
Есептеу жүйесінің мақсаты – жинақтау, тіркеу, классификация, талдау
және шаруашылық операциялар жайлы отчет беру, активтермен
байланысты есептеумен қамтамасыс етуді кәсіпорынның осы жүйесінде
анықтайды. Тиімді есептеу жүйесі жоғарыда аталып өткен ішкі бақылаудың
жеті негізгі мақсатына сәйкестендірілуі қажет. Мысалы, есептеу жүйесі
барлық тауарлардың тіркелуіне кепілдік беріп, кәсіпорынның өз
клиенттеріне тауарлардың жеткізілуін қамтамасыз етіп, ағымдағы
периодта қаржылық отчетта реализация көлемін көрсетілетіндей құрылуы
керек. Сонымен қатар, бұл жүйе реализация көлемінің, шоттардың
қайталанбауында ұйымдастырылуы керек. Ал, жәй механизацияланбаған
есептеу жүйесі бар, тек бір шыншыл әрі білікті бухгалтермен қамтылатын,
иелерінің өздері белсенді жұмыс атқаратын кіші компанияларда алдына
қойған тапсырмаларды шешуге әбден қажет болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет