Пән бағдарламасының (Syllabus)титул парағы


 Аудитордың клиентпен алдын-ала жоспарлаудың ішкі фирмалық стандарты (бланк)



Pdf көрінісі
бет18/24
Дата25.04.2023
өлшемі455,77 Kb.
#86856
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
2. Аудитордың клиентпен алдын-ала жоспарлаудың ішкі фирмалық стандарты (бланк)
және оның бөлімдерінің сипаттамасы. 
Алдын ала жоспарлау кезеңі аудитор жұмысының төмендегі кезеңдерін қамтиды:
• Клиентті таңдау жене аудитті орындау туралы шешім қабылдау;
• Аудитті орындау үшін персонал таңдау;
Жұмыс жағдайларын келісу;
• Аудитті жүргізу жөнінде клиентпен шартқа отыру. Клиентті таңдау және аудитті орындау
туралы шешім қабылдау. Аудиторлық фирмалар жағымсыз клиенттермен ынтымақтастық
жасауға және қарым-қатынас қажет емес клиенттерге қызмет көрсетуді жалғастыруға міндетті
емес. Жаңа клиенттерді таңдау жөніндегі фирма саясаты келесідей элементтерді қамтиды:


• Көзделген клиент беделін, оның каржылық жағдайының нақтылығын және оның алдыңғы
аудиторлық фирмамен өзара қатынастарын бағалау;
• Аудиторлық фирманың мүмкін болатын клиентке қатынасының тәуелсіздігін бағалау.
Жұмыс істеп отырған клиенттермен қатынастарды жалғастыру туралы мәселелер кезең
сайын (мысалы, жыл сайын) не ерекше жағдайлар пайда болған кезде қарастырылуы мүмкін.
Тексеруді бастау туралы шешім қабылданғаннан кейін оны жүргізу мақсаттары мен
масштабтары анықталады.
Көптеген аудиторлық фирмалар клиенттің салалық ерекшелігіне бейімділген тексеру
жоспарының өзіндік ішкі стандарттарын даярлайды.
Аудиторлық фирманың фирма ішілік стандарттары негінде клиентпен алдын ала танысу сәйкес
бөлімдерден тұратын алдын ала жоспарлау бланкісінде көрсетілуі керек.
14 лекция. 
1. Аудит өткізудің міндеттеме-хаты және шартты. 
2. Аудиттің жалпы жоспарын әзірлеу. Аудиттің бағдарламасын әзірлеу.
1. 
Аудит өткізудің міндеттеме-хаты және шартты.
Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері (тапсырушылар) аудит
фирмаларымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет.
Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе
жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме-хат жазуға тиісті.
Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша
түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет-мақсаттарды
орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан
бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты
талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан
жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.
Міндеттеме хаттың түрі және мазмұны тапсырушы талабына сәйкес әр
түрлі болуы мүмкін, онда негізінде төмендегідей талаптар қойылады:
-
қаржы есебін тексерудің мақсаты;
-
тапсырушылардың тексеруге мәліметтердің дұрыстығына
жауапкершілігі;
-
аудит жұмысының көлемі, ондағы аудитордың жұмыс бабындағы
қолданылатын заң құжаттары және ереже-нұсқаулар, нормативтік
құжаттар;
-
тапсырылатын аудит есебінің, аудит қорытындысының үлгісі;


-
жүргізілетін аудит жұмысының бағдарламасы;
-
аудит жұмысының төлем ақысы.
Аудит келісім-шартының мазмұны бірнеше бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімінде екі жақтың реквизиті толық көрсетіліп,
жауапкершіліктеріне анықтама беріледі. Мысалы, аудитор фирмасының аты,
оның жауапты директоры, тапсырушы жағынан шаруашылық субъектісінің
аты, оның жауапты қызметкері.
Екінші бөлімінде аудитор жауапкершілігі анықталады. Мысалы, аудит
жұмысын орындау мерзімі, құжаттарға жауапкершілігі, коммерциялық
құпиялылықты сақтау тәртібі тағы сол сияқты аудитор міндеттер аталып
көрсетіледі. 
Үшінші бөлімінде тапсырушының міндеттері анықталады. Мысалы,
аудит жұмысын ұйымдастыру, қажет құжаттарды, есептерді уақтылы беру.
Қажет болған жағдайда әр түрлі анықтамалар беру, қызметкерлерден
түсініктемелер алып беру тағы сол сияқты көптеген міндеттемелерді
орындауы қажет.
Осы шартта, аудит жұмысының қорытындысын тапсырушыға өткізу
тәртібі де қарастырылады. Міндетті түрде аудит шартына көрсетіліп, екі
жақ алдын-ала шартқа тіркеу құжатын анықтайды.
Шартта қажет болған жағдайда қосымша төлем жасау мүмкіндіктері
келісілуі қажет. Оған бірден-бір себеп, аудит барысына шартта қаралмаған
жұмыс кездесуіне немесе екі жақтың келісуі бойынша қосымша қызмет
жасау анықталған жағдайда болады. Осындай себептермен бірінші
жасалынған шарт қайта жасалуы мүмкін.
Аудит барысында шарттың орындалуын тоқтау, жою жағдайы
кездеседі. Ол біріншіден, тапсырушы жағынан аудит шартын тоқтату
немесе жою талабы қойылуы мүмкін. Оған уақтылы төлем жасаудан бас
тарту, өзара акционерлер арасындағы келіспеушіліктер себеп болуы
мүмкін.
Сол сияқты аудитор фирмасы жағынан да әр түрлі себептермен аудит
шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. ҚР "Аудит қызметі
туралы" заңда анық көрсетілген. Осы Заңның 4-бабында көзделген міндетті
аудитті жүргізу шарты Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген мезгілдерден кешіктірмей жасалады, бұл туралы субъект
аумақтық салық ұйымын хабардар етеді.
Заңның бесінші тарауында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі деп аталынған, оның 17-бабында
аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары жан-жақты
қарастырылған, 18-бабында олардың міндеттері анықталған.


Заңның алтыншы тарауында "аудиттелетін субъектінің құқықтары,
міндеттері мен жауапкершілігі, 21-бабында олардың құқықтары, 22-бабында
міндеттері, 23-бабында жауапкершілігі" жан-жақты қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет