Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет23/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Теорияның негізгі принциптері.

  2. Модельдеу арқылы үйрену.

  3. Бақылау арқылы үйренудегі бекіту.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Л.Хьелл, Д.Зиглер. Теории личности. СПб 2005 г.
2.Елисеев О.П. Практикум по психологии личности. СПб 2005.
3.Б.В.Зейгарник .Психология личности: норма и патология .М.2003
4.К.Холл Г.Линдсей. Теории личности. М 2000 г.

14 Дәріс


Тақырып: Джулиан Роттердің әлеуметтік үйрету теориясы.
Мазмұны:
1. Д.Роттердің зерттеу бағыты.
2. Д.Роттердің әлеуметтік үйрету теориясы.


Дәріс мақсаты: Роттердің әлеуметтікүйрету теориясының негіздерін қарастыру, орталық принциптерін талдау.
Негізгі ұғымдар: әлеуметтік үйрету теория, конструктивті альтернативизм, мінез-құлық моделі, тұлғалық конструктілер теориясы, өмірлік оқыиғалар.

Джулиан Бернард Роттер (Julian Bernart Rotter) Нью – Йорктің Бруклин деген жерінде 1916 жылы дүниеге келген. Ата – анасы еврейлік келімсектер болған, ол отбасындағы үшінші ұл. Роттер кітапханаға жиі баратын оқымысты болған, ол өте сараң оқырман болған. Ол бірде кітапханадан өзіне керекті жаңа бір мәліметтер іздеу барысында Адлер мен Фрейдтің кітаптарына көңілі ауады. Осы сәттен бастап Роттердің психологияға деген қызығушылығы оянады, Роттер Бруклиндік коледжде оқып жүріп, психологиядан дәріс алу мақсатында басында тек факультативтік сабақтарға қатысады. Оның негізгі таңдаған пәні химия болатын, ол бұл пәнді таңдау себебін былай түсіндіреді «мен білетін психология мамандығы болмады», (Rotter, 1982). Роттер колледжде оқып жүрген алғашқы жылында Альфред Адлердің Лонг – Айлендтік медицина мектебінде сабақ беретіні жөнінде етейді, уақыт жоғалтпастан алғашында оның дәрістеріне қатысады. Соңында ол Адлер өз үйінде жүгізетін айсайынғы өткізілетін «индивидуальлды психология қогамының» кездесуіне шақырылады.


Оқуын жалғастыру үшін 1937 жылы Айова штатындағы Университетке оқуға түседі. Ол 1938 жылы Айова университетінде гуманитарлық ғылымның магистры атанады. 1941 жылы Индиана штатындағы Университетіндегі клиникалық психология бойынша докторлық дәрежесін алады. ІІ д.ж. соғыс кезінде Роттер АҚШ- тағы әскери бөлімде психолог болып жұмыс атқарады. 1946 жылы бастап Огайодағы мемлекттік университетте жұмыс жасайды. Роттер Огайо штатында қызмет жасай жүріп өзінің «Социальное научение и клиническая психология», (1954) еңбегін үйретті.1963 жылы Роттер Коннектикутском университетінде профессорлық қызметінде болады. Сонымен қатар клиникалық психологияның бағдарламаның директоры болады, Жұмыс жасай жүріп Роттер көптеген еңбектерді шығарып, тесттарға жетекшілік жасайды. 1972 жылы Джун Чэнс (June Chance) және Джерри Фаресом (Jeray Phores) мен бірге отырып Роттер өзінің «Приложения соционально – научающей теории личности» еңбегін жариялайды. Сонымен қатар 1975 жылы Дорти Хохрейх (Dorthy Hochreich) пен бірге «Личность» еңбегі жазылды. Оның соңғы шығармашылық ойлары «Развития и приложения теории социального научения» (1982) кітабында жарық көрді. 1987 жылы Роттер зейнетке шығады, ол соған қарамастан ғылыми еңбектер жазуды тоқтатпады. Сонымен қатар ол студенттердің дипломдық жұмыстарына жетекшілік етеді. Ол өз жарымен бірге Стороседегі Коннектикут штатында тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет