Пән: Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі пәні Дене шынықтырудың жалпы және кәсіби қызметтері


Дене шынықтыру сабақтарын өткізудегі мұғалімнің дайындығы



бет19/21
Дата24.06.2023
өлшемі53,29 Kb.
#103294
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
45 Дене шынықтыру сабақтарын өткізудегі мұғалімнің дайындығы.

Сонымен, адам дене тәрбиесі аркылы дене мәдениетінің жетістіктерін өзінің жеке игілігіне айналдырады (денсаулығын жақсартады, дене бұлшық еттерін дамытады, спорттық шеберлігін жетілдіреді). Балалардың дене тәрбиесі сәбидің дені сау болып, оның дене мүшелерінің жақсы жетілуіне мүмкіндік туғызуды мақсат етеді. Мектепте дене тәрбиесі мақсатты бағыттағы педагогикалық жүйе ретінде сабақта, спорт үйірмелерінде т.б. іске асады. Оқушылардың дене тәрбиесі мектеп жасындағы балаларға мектепте және одан тыс кезде әр түрлі жұмыс түрлерін алдын ала жоспарлы түрде ескеріп камтылған.




46 Бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының морфофункционалды ерекшеліктері.

Дене шынықтыру жан-жақты тәрбие берудің аса маңызды салаларының бірі.Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке,өмірге бейімдеуде оқу-тәрбие жұмысында дене шынықтырудың алатын орны бөлек.


Мектептегі дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушылардан өз еркімен іс-әрекеттерді орындауды, құлшына ұйымдастырушылықты, белсенділікті, тапқырлықты талап етеді.
Мектеп жасы – балалардың жылдам өсуі және денесінің даму кезеңі болып табылады. Сондықтан мектеп барлық жағдайда, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оқушылардың денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз етуі қажет.
Дене жаттығулары сабақтары ең алдымен адам ағзасына әсерін тигізе отырып денесін шынықтыру, денсаулығын нығайту міндеттерін жүзеге асырады.Сондықтан көптеген сабақтар таза ауада өткізіледі, ал жабдық орында өткізілетін сабақтар қажетті гигеналық талаптарды қажет етеді.
Бұлшық ет топтарының, тыныс алу, қан-тамыр жолдары, сонымен қатар ағзаның басқа мүшелерінің қызметін күшейтуде ойын, жүгіру, секіру, лақтыру, шаңғымен жүру жаттығулары ерекше орын алады.
Дене жаттығулары сабақтары мен бірге сабақтағы демалыс минуттары, сабаққа дейінгі гимнастика,үзілісті ұйымдасқан түрде өткізу, мектеп тазалығы,ыстық тамақ, мұғалімнің оқушылардың тұлғасына, жүріс-тұрысына қарауы сияқты іс-шаралар да қолданылады.
Оқушылардың қалыпты дамуында тұлғаны дұрыс ұстау ерекше орын алады. Ағзаның , ішкі құрылыстың қызметінің қалыпты жағдайда болуы тұлғаға байланысты.Жоғары аталған іс-шараларды іске асыру, сонымен қатар тұлғаға арналған жаттығуларды орындау алға қойған міндеттерді шешеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет