ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: ПӘннің ҚЫСҚаша сипаттамасы



бет8/28
Дата27.11.2023
өлшемі133,47 Kb.
#128850
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Syllabus ПЗӘӘ. МГ-1 ПжП (копия)

Бақылау әдісі - зерттеу барысында накты дерек материал жинақтау максатымен қандай да педагогикалык құбылыстың назарға алынуы. Бакыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанамен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі.
Бақылау жұмысы келесі кезендерге бөлінеді:
1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау;
2) бақыланатын объект, оның элементтерін және ситуацияларын тандастыру;
3) бакылау және оның барысында ақпарат топтастыруга оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу;
4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;
5) жинақталған ақпараттарды өндеу және дәйектеу.
Бақылау түрлері:
Араласа бақылау - ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде катысады;
Сырттай бақылау - зерттеуші ізденіс жүмыстарына тікелей араласпайды;
Ашык және жасырын бакылау;
Тұтастай және тандамалы бақылау.
Бакылау - орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірак өзіндік кемшілігі де жоқ емес: кӛп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық-әлеуметтік жеке дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның кандай да шынайылықтан ауыткуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат әдісі - кажетті акпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес немесе косымша қолданылатын зерттеу тәсілі. Сүхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан енген - интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеталау - ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақжауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет әңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу - сырттай орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет