ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: ПӘннің ҚЫСҚаша сипаттамасы



бет5/28
Дата27.11.2023
өлшемі133,47 Kb.
#128850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Syllabus ПЗӘӘ. МГ-1 ПжП (копия)

Акмеологиялық амал. Кәсіби шеберліктің шыңына шығу туралы ғылымның «акмеология» деген атауы грек тілінен аударғанда «шың», «биіктік» деген мағынаны береді. Акмеологияда адам өзін-өзі дамыту мен шығармашылыққа қабілетті, өзінің ӛмірі мен кәсіби әрекетін ұйымдастыра алатын өз әрекетінің субъектісі ретінде танылады.
Адамның индивид ретіндегі прогрессивті дамуындагы шығар «шыңы»; тұлға ретіндегі дамуындағы жетістіктері; еңбектегі жоғарғы жетістіктері (тұлғаның әрекет субъектісі ретіндегі дамуымен байланысты); адамның даралық дамуындағы жетістіктерінің шыңы. Әр адамда бұл бағыттардың байқалуы әркалай болады. Олар бір-бірімен тығыз байланыса отырып, олардың түйісулері нәтижесінде адамның әрекеттің «жоғарғы баспалдағында» болуы орын алады.
Аксиологиялық амал (құндылықтар) Философияда құндылық деп адам және қоғам үшін мәні бар айналаны қоршаған ӛмірдің әлеуметтік объектілер, коғамдық өмір мен табиғат адам тіршілігіне қатысуы танылады. Әлемдегі бар нәрсенің барлығы құндылық қарым-қатынастардың объектісі бола алады
Гуманистік амал. Гуманизм (ізгілік) - дүниетанымдық амал болғандықтан, оның негізінде адамның" мүмкіншілігінің шексіздігін, өзін-өзі дамыту қабілеттілігіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Бекіту сұрақтары:
1. Синергетика ұғымы нені білдіреді?
2. Акмеологиялық амал деген не?
3. Аксиологиялық амал
Блиц тест:
1. Түзету коэффициентін аныңтау және оқумен байланысты математикалықстатистикалык әдіс:
а)түзетпелі талдау;
б) деректі талдау;
в) контент-талдау;
г) сыртқы сараптау, бағалау әдісі.
2. Білім алу заңдылықтарының мазмұнын механизмін, құрылымын, принципі мен технологиясын жаңа білім жаңалықтарын ашуға, қолдануға бағытталған процесс және ғылыми жұмыстардың нәтижесі:
а) қолданбалы;
б) бақылау;
в) педагогикалың зерттеу;
г) ғылыми талдамалар.
3. Педагогика нәтижесі жӛніндегі теориялық, тәжірибелік жетістіктерді қорытындылайтын және болжамдық негіздегі педагогикалық жүйенің даму модельдерін ұсынатын жинақталған тұжырымдамалар:
а) қолданбалы;
б) іргелі;
в) талдамалар;
г) психологиялық-педагогикалық
Әдебиет:
1. Организация и планирование научных исследований. Учеб.пос.для магистрантов./сост. А.А. Тленбаева. - Алматы: Қазақ унив., 2016-65с.
2. Хмель Н.Д. Методология научного поиска школа начинающего исследователя.- Семипалатинск,СГПИ, 2017. - 28с.
3.Кушнир Ю.З. Методология и методика педагогических исследований. - Могилев. 2018 г.

5 Дәріс тақырыбы: Зерттеу кезеңдері мен деңгейлері


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Зерттеу жұмысының бағдарламасы.
2. Ғылыми зерттеудің деңгейлері мен кезеңдері.
3. Іргелі (фундаментальды) зерттеу.
4. Қолданбалы зерттеулер. Іргелі және қолданбалы зерттеулердің ӛзара қарым-қатынасы.
5. Зерттеу кезеңдері.
Дәріс тезисі:
Педагогика саласындағы зерттеулер - бұл білім зандылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жӛніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жэне оның нәтижесі.
Педагогикалық зерттеулердің міндеті-деректер мен құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын ала болжастыру. Бағытталу тұрғысынан педагогикалык зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы және болжам- жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топка бӛлінеді. Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады.
Қолданбалы зерттеулер - бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын терендей тануға, алуан қырлы педагогикалық кызметтің зандылықтарын ашуға бағдарланған істер.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу – оқыту, тәрбиелеу және дамытудың объективтік зандылықтарын ашуға бағытталған жаңа педагогикалық білімдерді калыптастыратын барыс, танымдық іс - әрекет түрі.
Педагогикалық зерттеулердің үш деңгейін ажыратады:
• эмпирикалық - педагогика ғылымында жаңа деректер анықталады;
• теориялық - ертерек ашылған деректерді түсіндіруге жэне оралдың болашақ дамуын алдын ала айтуға мүмкіндік беретін педагогиканың негізгі жалпы зандылықтары алға койылады жэне тұжырымдалады.
• әдіснамалық - эмпирикалық жэне теориялық зерттеулердің негізінде педагогикалық құбылыстарды зерттеудің, теорияларды кұрудың жалпы принципі және әдістері тұжырымдалады.
Логика - адамның ойлауының қызмет етуінің заңдары мен түрлері жайлы ғылым. Ол формальды жэне диалектикалық болып екіге бӛлінеді. Формальды логика ойлаудың құрамын, яғни таным барысында ақиқат нәтижелелерді қамтамасыз ететін дұрыс пікірдің зандары мен түрлерін зерттейді.
Диалектикалық логика таным барысының абстрактылы ойлау сатысында диалектиканы пайдалану болып табылады. Бұл ғылыми ойлаудың ұғымдық құрылымына ерекше зер сапа қарайды. Ойлаудың түсінік, пікір, ой, қорытындысы сияқты түрлерінің шекараларын бөліп көрсетеді. Бұл бір ғылымның - екі саласы бірін-бірі толықтыра отырып, таным іс-әрекеттерінің жалпы ғылымдық тәсілдері мен әдістерін бөліп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет