ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: ПӘннің ҚЫСҚаша сипаттамасы



бет7/28
Дата27.11.2023
өлшемі133,47 Kb.
#128850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
Syllabus ПЗӘӘ. МГ-1 ПжП (копия)

Зерттеу пәні (предмет) - нысан бӛлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді.
Гипотеза - бұл шынайылылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы. Қорғауға ұсынылатын қағидалар зерттеу жұмысы барысында алынған теориялық және практикалық нәтижелердің ғылыми түрде қағида түрінде тұжырымдалуы немесе не қорғалатындығы жӛніндегі жалпы қорытындылардың сипаттамасы болып табылады.
Бекіту сұрақтары*
1.Зерттеудің ғылыми болжамы.
2. Қорғауға ұсынылатын қағидалар.
Блиц тест:
Суреттер, сызбалар, пішіндер негізін құрайтын тесттер:
а) ақпараттық;
б) графикалық;
в) құжаттық;
г) сөздік.
2. Адам мінез-құлқының анық сандық бағалануы мен қатаң сапалық анықталуына арнаған педагогикалық зерттеулердің стандартты түрдегі әдісі:
а) сызбалау;
б) деректі талдау;
в) тест;
г) сауал.
3. Адам психологиясын зерттеуде қолданылатын тесттер мен басқа да психикалық-диадностикалық әдістер үдерісі мен нәтижесі:
а) сауалнама;
б) тестілеу;
в) сызбалау;
г) болжамдау.
Әдебиет:
1. Организация и планирование научных исследований. Учеб.пос.для магистрантов./сост. А.А. Тленбаева. - Алматы: Қазақ унив., 2016-65с.
2. Хмель Н.Д. Методология научного поиска школа начинающего исследователя.- Семипалатинск,СГПИ, 2017. - 28с.
3.Кушнир Ю.З. Методология и методика педагогических исследований. - Могилев. 2018 г.

8 Дәріс тақырыбы: Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама.
2. Зерттеудің теориялық әдістері: талдау, жинактау, индукция және дедукция, жалпылау.
Дәріс тезисі:
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінде әрбір ғалым ӛзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері тек қана ғалымдардың төл ісі болмай, барлық мұғалімдердің де игілігіне айналуы қажет.
Мұғалім өз жұмысында зерттеу әдістерін ғылыми негізінде меңгеріп, социология жэне психология ғалымдарының әдістерімен ұштастырып жүргізе білгенде ғана өзінің және басқа мұгалімдердің тәжірбиелерін жан-жакты зерттей алатын болады. Әрбір ғылым ӛзінің дербес әдіснамасын, зертгеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық кұбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес колданады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек ғана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалык шеберлігіне байланысты емес, ол окушылардың қабілеттілігіне, жан-жақты дамуына және осы сияқты толып жаткан факторларға байланысты. Баска дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалык құбылыстарды зерттеудің ӛзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы: дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынгы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса экспериментті кайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, ғылыми педагогикалық зерттеудің объектісі - баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалык процесте және кейбір сырткы факторлар (даму барысында окушыларда пайда болатын ӛзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар жэне т.б) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оку-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет. Әдістердің тұтастай бір бірлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден ӛтеді.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің ерекшелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жӛніндегі гылыми ақпараттарды жинақтап, зандылыкты байланыстар қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі.
Әдістер көп түрлі де сан килы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топка ажыратылады:
1) Педагогикалык тәжірибені зерттеу әдістері;
2) Теориялық зерттеу әдістері;
3) Математикалық әдістер.
Педагогикалык тәжірибені зерттеу әдістері - білім беру процесін ұйымдастырудың кӛз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен катардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болган не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер коғаданылады: бақылау, әңгімелеу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын кӛзден откеру, педагогикалық кұжаттармен танысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет