ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: ПӘннің ҚЫСҚаша сипаттамасы



бет4/28
Дата27.11.2023
өлшемі133,47 Kb.
#128850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Әдіснама ( гpeк тілінде methodos ) - зерттеу жолы, теория, ілім дегенді білдіреді де төмендегідей 2 мағынаны береді:
- ғылыми таным әдісі;
- зерттеліп отырған объект жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бірізге келтіру.
Зерттеу жұмысының бағытына лайықты жағдай жасап, педагогикалық болмысты танудың кешенді құралдарын айқындау.
Педагогика теориясына лайыкты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары аркылы педагогикалық шындықка жету тәсілдерін қолдану; педагогикалык болмысқа өзгерістер енгізу. Демек зерттеудің нәтижеге жетуі оның ғылыми кұралдарды дұрыс анықтап алып, әдіснама қорынан түрлі тәсілдерді таңдай білуімен тікелей байланысты.
«Әдіс» термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни әдіснама мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады.
Сондықтан әдіснама зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы әдіснама, ғылыми үғымының, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бүл нақтылы философиялық жүйемен байланысты.
Fылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын жэне негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына жэне әдіснаманың олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмүнның қозғалысы, құбылыстың мәнің ашып кӛрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындыгын баса көрсетті. Педагогикалық зерттеу жұмыстарында әдіснаманың мәдениеттанымдык, аксиологиялық, гуманистік, синергетикалық, акмеологиялық амалдарын басшылықка алу арқылы мәселенің теориялык тұғыры айқындалады.
"Мәдениет" ұғымының астарлары. Мәдениет - адамның әрекетінің сапалык жағдайы;
Мәдениет - адамның рухани-адамгершілік дамуының маңызды факторы; Адамның ӛз шығармашылық әлеуетін ашып, өзін-өзі іске қосуы; Мәдениет - қауымның ӛмір сүру үлгілері (дәстүрлері, салттары, мінезқұлық ерекшеліктері).
«Мәдениет» ұғымы латын тілінен аударғанда «жерді өндеу, күту, баптау» дегенді білдірсе, өз кезінде Рим философы Цицерон бұл терминді «жанды жетілдіру» мағынасында қолдана отырып, жан-жүйені өңдеу де жерді өндеу сияқты таза, кұнды өнім береді деген ой қалдырған. Адам қандай еңбекпен айналысиасын үнемі әрекеттің «сыртқы» нәтижелерімен катар «ішкі» нәтижелері де, яғни адамның ӛзінің ӛзгеруі, оның қабілеттерінің, білік, дағдыларының дамуы орын алады. Зат, дүние-мүліктер әлемін жасау барысында ол ӛзінің ішкі мүмкіндіктерін де жетілдіреді.
Синергетика немесе өзін-өзі дамыту теориясы педагогика үшін эвристикалық мәні бар өзін-өӛзі дамытудың әмбебап үлгілерін іздеуге бағытталған күрделі жүйе. Синергетика өзін-өзі ұйымдастыратын үрдістердің жүзеге асуының нақты тәсілдеріне кӛңіл бөледі, үрдістің интерсубъектілік коммуникативті ұйымдастырылуын тірек етеді. Сондықтаи да оның грек тілінен аудармасы «синергия» - бірлесіп әрекеттесу, ынтымақтасу дегенді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет