Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жӛн;
2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы ӛрнегі болғаны қажет;
3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден ӛткізілуі тиіс;
4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырғы редакциясының үсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жүмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бӛлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралык қабілеттерінен дерек береді, олардың кандай да бір саладағы ептілік жэне дағды жетістіктерінің деңгейін кӛрсетеді.
Мектеп құжаттарымен танысу әдісін қолдана отырып, окушының жеке ісі, дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оку-тәрбие, білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жүніндегі акпараттармен қаруланады.
Ғылыми педагогикалык зерттеудің қандай да бір әдіс не тәсілінің педагогикалык тиімділігін аныктау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі - эксперимент ерекше маңызды.
Бекіту сұрақтары 1.Зерттеудің эмпирикалық әдістері: бақылау, әңгімелесу, сұхбаттасу, сауалнама, модельдеу, тестік әдістер.
2. Педагогикалық озат тәжірибені, мектеп және окушылардың жұмыс құжаттарын зерттеу.
Блиц тест: 1.Адамның жеке тұлға ретіндегі түрақты жағдайы мен қасиеттерін диагностикалауға арналған психологиялық тесттер:
а) жетістік тесттері;
б) креатив тесттері;
в) интеллект тесттері;
г) жағдайы мен қасиеті тесттері.
2. Арнайы ұйымдастырылған, жасанды жағдайларда ӛткізілетін әдіс:
а) зертханалың тәжірибе;
б) табиғи тәжірибе;
в) бақылау;
г) тестілеу.
3. Бақылау әдісі жорамалдайды:
а) адам психикасының жеке ерекшеліктерімен, оның мінез-құлқын зерттеу арқылы танысу;
б) өзінде кездесетін кейбір қатты жиналыстардың ағымын суреттеу;
в) жеке бір тұлғаны сырттай зерттеу;
г) адам бойындағы мінез-құлықтар мен сырт келбетіндегі ұқсастықтарды салыстыру.
Әдебиет: 1. Организация и планирование научных исследований. Учеб.пос.для магистрантов./сост. А.А. Тленбаева. - Алматы: Қазақ унив., 2016-65с.
2. Хмель Н.Д. Методология научного поиска школа начинающего исследователя.- Семипалатинск,СГПИ, 2017. - 28с.
3.Кушнир Ю.З. Методология и методика педагогических исследований. - Могилев. 2018 г.
№9 Дәріс тақырыбы: Эмпирикалық зерттеу әдістері
Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 1.Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық
Дәріс тезисі: 1.Бақылап-зерттеу - заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинақтау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап-зерттегенде, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылап-зерттеу- шарттары, сондай-ақ бақылап-зерттеу құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары.
Тікелей бақылап-зерттеу, мұғалім-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам, мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кіргізілуі. Оның роліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады; жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін ӛкілдер арқылы жүзеге асады. Жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бӛлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап- зерттеу зерттеушігі құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін басқаша ұстайды. Оқушылар мен мұғалімдердің бір - бірімен оңаша кезіндегі мінез-құлқынан оларды бӛтен біреулер бақылап отырған кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда өзгеше болады;
– үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі-үш оқушыны сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс - оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданады;
– дискретті (үзік-үзік) бақылап-зерттеу объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданады. Бақылап - зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін- жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап- зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
– монографиялық бақылап-зерттеу бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданады;
– бір бағытты бақылап - зерттеу жалпы тұтастықпен бақылап- зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданады.
2. Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларында, зерттеуге бағытталған.
Эксперимент жағдайларында құбылыстың күнделікті жағдайларда бақылып-зерттеуге болмайтын қасиеттерін ашуға болады. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Оның мақсаты ғылыми теория мен болжамды растау немесе жоққа шығару, сон дай-ақ эмпирикалық заңдылықтардың актуалды мәніне жету мен қалыптастыру. Эксперименттің тағы бір мақсаты білімді жетілдіру, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тәжірибесін жаңарту. Эксперимент пен практикалық іс-әрекеттің басқа формалары арасындағы шектеулер әр түрлі, сондықтан эксперименттаным әдісі де,оқу- тәрбие процесін үйлестіру әдісі де бола алады.
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабороториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бӛлу арқылы жүзеге асады. Сондай- ақ эксперименттің белгілепанықтайтын түрі бар, ол зерттеу объектісінің педагогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді; қалыптастыратын түрі - зерттеу объектісінің байта құруға бағытталған. Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты ”субъект-субъект” жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады. Эмпирикалық зерттеу тәртіптерінің құрастыру кезінде субъектілердің ӛз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек.
Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:
А) Әңгіме-сұхбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Әңгіме-сұхбаттар әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде жүргізіледі (мектеп директоры, оның орынбасарлары, ата-аналар, оқушылар, білім берудің әртүрлі деңгейдегі басшылары). Олардың білім беру саласының жағдай мен ондағы өзгерістерге кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы ақпараттарға маңызды қосымша болып табылады.
Сұхбат-әңгіме - сұхбаттың бір түрі. Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу объектісінің өз іс-әрекеті туралы ӛзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге кӛмектеседі, ол өзіндік пікірмен қоса психологиялық - педагогикалық анализдің тақырыбы болып табылады. Сұхбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және тәжірибесін қажет тееді.