Бекіту сұрақтары: 1. Логика - адамның ойлауының қызмет етуінің заңдары мен түрлері жайлы ғылым.
2. Ойлаудың түрлері
Блиц тест: 1. Дамудың қозғаушы күші:
а) қарама-қайшылық;
б) зерттеу нысаны;
в) зерттеу пәні;
г) зерттеу кӛздері.
2. Зерттеудің тұжырымды негізгі немесе айқын ұстанымы:
а) зерттеу кӛздері;
б) жетекші идея;
в)қарама-қайшылық;
г) болжам.
3. Алғашқы алынған нәтижелер, бұрын басқалар зерттемеген және қабылдамаған:
а) ғылыми жаңалың;
б) нысаналы және тәжірибеде қолдану қолайлылығы;
в) зерттеу әдістері;
г) зерттеу процедурасы.
3. Әр түрлі ғылыми-зерттеудің қорытынды кезеңі:
а) зерттеу нәтижелерін іс-тәжірибеге енгізу және апробациялау;
б) жетекші идея;
в) теориялың негіздер;
г) қорытындылар мен ұсыныстар.
Әдебиет: 1. Организация и планирование научных исследований. Учеб.пос.для магистрантов./сост. А.А. Тленбаева. - Алматы: Қазақ унив., 2016-65с.
2. Хмель Н.Д. Методология научного поиска школа начинающего исследователя.- Семипалатинск,СГПИ, 2017. - 28с.
3.Кушнир Ю.З. Методология и методика педагогических исследований. - Могилев. 2018 г.
Сағат саны: 2 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 1. Зерттеудің кӛкейтестілігі және оны негіздеу.
2. Мәселенің зерттелу жайы мен карама-қайшылыктар.
Дәріс тезисі: Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған әдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына - зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан және оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар кіреді.
Педагогикалык зерттеулер сапасын танытушы негізгі кӛрсеткіштер: зерттеу кӛкейкестілігі, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеу бағдарламасы, әдетте, екі бӛлімнен тұрады: әдіснамалық және ісәрекеттік (орындау-процедуралык).
Алғы бөлімде тақырып кӛкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапкы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады.
Ал екіншіде - зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары жасалады. Зерттеу кӛкейкестілігін негіздеудің мәні – оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың кажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеқтегі аса күрделі де кажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалык ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі кайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларга тәуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалык ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезендегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдык маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптық негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды. Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалык практиканы талдаудың нәтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым кұрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарамақарсылыктарды баяндап беру. Әдетте, проблема шешімі зерттеу максатын құрайды. Мақсат - кайта түзіліп, ӛрнектелетін проблема.
Бекіту сұрақтары 1. Зерттеу проблемасы.
2. Зерттеудің тақырыбы мақсаты, міндеттері.
Блиц тест: 1. Мәселелік жағдаятты туғызатын үдеріс немесе құбылыс:
а) зерттеу нысаны;
б) жетекші идея;
в) зерттеу пәні (заты).
2. Ғылыми және арнаулы әдебиеттер, мұрағат құжаттары іс-әрекет қорытындысы:
а) зерттеу кӛздері;
б) жетекші идея;
в) теориялық негіздері;
г) методологиялың негіздері.
3. Жобалау механизмі базасындағы адам туралы ақпарат алуға негізделген психологиялық тесттер:
а) процессуалдық;
б) жеке тұлғалық;
в) жобалаулық;
г) графикалық.
4. Кез келген қызмет түріндегі адамның тәжірибелік жетіктігін бағалау негізін құрайтын психологиялық тесттер тобы:
а) интеллектуалды;
б) жетістік;
г) процессуалды
Әдебиет: 1. Организация и планирование научных исследований. Учеб.пос.для магистрантов./сост. А.А. Тленбаева. - Алматы: Қазақ унив., 2016-65с.
2. Хмель Н.Д. Методология научного поиска школа начинающего исследователя.- Семипалатинск,СГПИ, 2017. - 28с.
3.Кушнир Ю.З. Методология и методика педагогических исследований. - Могилев. 2018 г.
№7 Дәріс тақырыбы: Зерттеу элементтері
Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 1.Зерттеу жұмысының нысаны.
2. Зерттеудің пәні.
Дәріс тезисі: Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын тандау кезегі келеді. Нысанға педагогикалык процесс, педагогикалык болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалык қатынас алынуы мүмкін.
Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не әлі де күмәнді қайшылықтарды камтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдык процесс бағытталғанның бірі - нысан.