3.Сөйлесім әрекетін жасаудың стохастикалық моделі
Стохастикалық модель тіл күй-жайдың соңғы саны ретінде сипатталуы мүмкін дегенге сүйенген Дж.Миллер мен Н.Хомский тарапынан 1963 жылы ұсынылды. Олар сөйлеуді элементтердің мынадай бірізділігі ретінде сипаттауға мүмкін деп есептейді: болып өткен (предшествующих) элементтердің пайда болуының бар болуы (наличие) мен ықтималдылығына тәуелді болатын тілдік тізбектің әрбір жаңа элементінің көрінуі жүзеге асатын элементтердің бірізділігі.
Мысалы, «әрбір бесінші элемент болып өткен төрт элементтердің көрінуіне тәуелді пайда болу мүмкіндігіне ие болады» деп пайымдалды. Бұл тілдік элементтердің бір ізділігін статистикалық процедуралар көмегімен сипаттап көру болып табылады. Дегенмен, бұл теория бойынша сөйлесім әрекетін жасауды бір ізділікпен (солдан оңға қарай) үйрену үшін бала сөйлей алғанға шейін өз ана тілінде 2100 орасан зор көлемде сөйлем тыңдауы қажет. Бұл теорияны сынаушылардың ескертуінше, бұл үшін он адамның өмірі де жеткіліксіз.
4.Тікелей құрастырушы моделі
Тікелей құрастырушы бойынша сөйлеуге анализ жасау тәсілі де Миллер мен Н.Хомскийдің есімдерімен байланысты. өз кезегінде тікелей құрастырушы элементтерден тұратын ядерлы сөйлемдер негізінде адам сөйлеуі құрылады деп беріледі. Мысалы, мына төмендегі фраза (39) мынадай элементтер қатарынан (35-38) тұрады:
(35) (Ұры) (ақылды).
(36) (Ұры) (жас).
(37) (Қазы) (көңілсіз).
(38) (Қазы) (ұрыны) (қатал жазалады).
Бұл жай (ядерлы) сөйлемдер жиынтығында құрмалас сөйлем құрастырылады. Мұнда солдан оңға және төменнен жоғарыға қарай нәтиже шығады деп жорамалданады Бала доп лақтырды.
(40) Ол доп лақтырды.
(41) Ол әрекет етті.
№ 5 Дәріс. Сөйлеуді қабылдау
Тірек сөздер: қабылдау, форманы қабылдау, мағынаны түсіне білу, ұғыну, жекелік мән, продуциент, реципинет.
Сөйлеуді қабылдау сөйлеу әрекетінің сыртқы пішінінен тыс жатқан мағынаны анықтай білу үдерісін білдіреді. Сөйлеудің ұйымдасуының грамматикалық формаларын қабылдау және түсіну оның құрылуының лингвистикалық заңдылықтарын білуді талап етеді. Қабылдаудың деңгейлігі тілдік сигналдардың өңдеудің бірізділігін қалай бейнелесе, айтылған хабардың құрылудың деңгейлік сипатын солай бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |