Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды



бет24/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99
Байланысты:
umkd gpz

Саралау. Зерттелетін объектілер қандай да бір сапаның көріну дәрежесі бойынша бір қатарға орналастырылады (ретке келтіріледі). Бұл қатарда бірінші орынды осы сапаның ең жоғары деңгейі бар объект алады және оған ең жоғары ұпай беріледі (сандық мән ерікті түрде таңдалады). Содан кейін сараланған қатардың әрбір объектісіне алатын орнына қарай төменірек бағалар беріледі.
Бақылау объектілерінің барлық жиынтығын өлшенетін белгінің дәрежесі бойынша бір-бірінен анық ерекшеленетін бірнеше рангқа топтастыру.
Мысалдар:
1) Сынып оқушылары білімді, шеберлікті және дағдыларды бағалаудың бес ұпайлық
жүйесіне сәйкес, Үздік оқушы, Жақсы оқитын оқушы және т. б. болып бөлінеді.
2) Оқушылардың осы жағдайға деген қарым-қатынасын анықтауға жүргізілген
анкеталау оларды топтарға бөлуге және былайша бағалауға мүмкіндік берді:



Анық оң көзқарасты оқушылар

ранг +2

әлсіз оң көзқарасты оқушылар

ранг +1

немқұрайлықпен қарайтын оқушылар

ранг 0

әлсіз теріс көзқарасты оқушылар

ранг -1

анық теріс көзқарасты

ранг -2



Жұптық салыстыру. Оқушылар бір-бірімен (әрқайсысы) қандай да бір сапа бойынша салыстырылады. Егер олар тең болса, әрқайсысы бір ұпайдан алады. Егер біреуінің сапасы екіншісінен жоғары болса, біріншісі екі ұпай, ал екіншісі 0 ұпай алады (спорт ойындарындағы секілді айналмалы жүйе бойынша). Әрқайсысының алған ұпайларын жинақтай отырып, әр оқушының осы сапа бойынша даму деңгейінің сандық көрсеткішін аламыз (оның рангы).
Мысал. «Кім мейірімдірек?» белгісі бойынша салыстыру нәтижесінде келесі кесте
шығады:
3-кесте

Тегі



Ысқақов

Ғабдуллин

Жүнісов

Жалпы ұпайы
(рангы)

Ысқақов

-

1

1

2

Ғабдуллин

1

-

2

3

Жүнісов

1

1

2

4



Рейтинг. Бұл әдіс бойынша объектіні бағалау құзыретті сарапшылардың бағалау пайымын орташаландыру арқылы жүргізіледі. Бағалаудың ортақ өлемшарттарына (реттік шкаламен, ұпаймен) ие бола отырып, сарапшылардың әрқайсысы, бір-бірімен ақылдаспай, өздіренің пайымдарын шығарады (ауызша және жазбаша түрде). Сараптамалық бағалаудың орташа нәтижесі объективті болып табылады және рейтинг деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет