Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы


Григорий Уманов-Қазақстан педагогикасын дамытушы ғалым (1931)



бет55/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   81
Григорий Уманов-Қазақстан педагогикасын дамытушы ғалым (1931).

Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті тарих факультетінің түлегі бүгінде педагогика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Г. А. Уманов белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз, сондай-ақ өзі еңбек ететін Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Ұлттық университетінің педагогика кафедрасының профессоры. Сонымен бірге кафедра жанындағы педагогикадан кандидаттық және докторлық ғылым дәреже беретін ғылыми кеңес мүшесі, Ташкент ғылыми кеңестің мүшесі т. б.


Ол жергілікті халық тарихын, ұлттық дәстүрін, тілін, мәдениеті мен әдебиетін үйренуді өзінің борышы деп біліп, бүкіл отбасымен қазақ театрына барып, ұлттық өнерден сусындай бастады. Сол кездері ер жетіп қалған Григорий де мұндай мәдени демалыстардан қалыс қалмайтын. Кейін ол Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түскенде осы бағытынан танбады.
Шынында да, Г. А. Умановтың студенттік өмірі тек ізденіспен өтті. Оқуда озат болумен қатар, факультеттің, тіпті, университеттің қоғамдық жұмысына да белсене араласты. Үнемі білсем деген талпыныста жүретін оған кезінде тарих ғылымының докторы, атақты академик Серікбай Бейсенбаев, белгілі тарихшы ғалым Есмұқан Бехмахановтар дәріс беріп, ұстаздық етті. Білімдері терең, парасатты да мәдениетті ғалымдардан ғибрат алудың өзі де Григорий Абрамович үшін тәнті болған жас сол кезде-ақ ''үлкен ғалым боламын'' деген арманды көкірегіне мықтап түйген еді.
Университетті 1954 жылы бітірген ол еңбек жолын Алматы медицина училищесінің тарих пәнінің мұғалімі болудан бастады. Кейін Алматыдағы еңбек колонналары мектептерінде мұғалім және директор болып еңбек етті. Міне, осы кезден бастап ол қиын балалар тәрбиесін зерттеумен айналысты. Ұзақ жылғы еңбек, мол тәжірибе көп кешікпей өз жемісін берді. Ол 1960 жылдардың басында ''СССР-де кәмелетке жетпеген балалардың қылмыс жасау себептері'' атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбек кейін монографиялық кітап болып шықты. Негізі әр ғылымның өзіндік зерттеу ерекшелігі бар. Оның еңбектеріндегі ерекшелік - теорияның тәжірибемен тікелей байланысы. Мысалы, 1968 жылы ''Жеке оқушылар-мен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мәселелері'', 1969 жылы жарық көрген ''Кәсіптік-техникалық училищелердегі тәрбие жұмысының жүйесі'' атты монографиялары соның айқын айғағы. Қазақстандағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының, әсіресе, училищелердің озат тәжірибесін жинақтаған бұл дүниелерді оқушылар оқулық ретінде пайдаланып келді. Ал, 1970 жылы Г. Уманов ''Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім дамытудың педагогикалық проблемалары'' атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ол көп кешікпей үлкен кітап болып шықты. Мұны педагог ғалымдар, сол кездегі көрнекті педагог Р. Г. Лемберг Қазақстан педагогикасына қосылған үлкен үлес деп бағалады.
Ол өзінің ''Бала бақыты'' атты кітабында баланы жасынан еңбекке үйретудің тәрбиелік жүйесін жасаған. Тәрбие ісінде орынсыз ағаттықтар жіберуден сақтан-дырады. Сондай-ақ, ол Москвадан орыс тілінде шыққан ''Мы и наши дети'' атты еңбегін В. Сухомлинскийдің ''Балаға жүрек жылуы'' атты кітабы негізінде жазғанын автор мақтаныш тұтады.
Г. А. Уманов зерттеулерінің тағы бір ерекшелігі барлық проблеманы кез келген обьектісін жергілікті халықтың топырағынан іздейді. өзінің өскен ортасының табиғатын, ғылыми-техникалық прогресін мәдениеті, оқу-тәрбие ісін, әдебиетін, тарихын өз зерттеулерінің берік компоненттері етіп ала білді. Соңғы оншақты жылдар ішінде жазған ''СССР-де оқушыларға кәсіптік бағдар беру'', Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың педагогикалық проблемалары, ''Жеке оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жүйесі'', ''Қиын балалар-мен жүргізілетін тәрбиенің маңызды мәселелері'' атты еңбектерінде және Қазақстандағы оқу-ағарту, тәрбие мәселелеріне арналған теориялық танымды мақала-ларында екжей-тегжейлі баяндалған.
Сондай-ақ Г. Уманов - қазақ әдебиетінің даму тарихымен де айналысқан ғалым. Ол, тарих, әдебиет және педагогиканы біртұтас деп қарайды. Оған көптеген педагогиканың зерттеулері дәлел. Мысалы, ''Бала бақыты'' атты кітаптары тәрбиенің түйінді мәселелерін шешуде қазақ балаларының жүріс-тұрысы, қазақ отбасының күй-жайы, дәстүрі, халық педагогикасының мұралары жан-жақты талданып жазылған.
Сондай-ақ, Уманов өте қайрымды да парасатты, зиялы ғалым. Олай дейтініміз, оның жетекшілігімен 100-ден астам адам педагогика ғылымының кандидаты және докторы дәрежесіне ие болды. Ол толып жатқан диссертацияның оппоненті болып сөйледі. Қыруар кітаптар мен монографияларға, әдістемелік оқу құралдарына, оқулықтарға беташар жазып, батасын берді. Ол лекция оқуда да еңбек тәрбиесінің майталмен маманы. Бүгінгі Қазақстан педагогикасының көш бастаушыларының бірі. Оның педагогика саласындағы жүзеге асырылған істері айтарлықтай.
Умановтың бастамасымен Абай атындағы педагогикалық институттың барлық факультеттеріне ''Мектеп күнін немесе үзіліссіз педагогикалық тәжірибе'' енгізілген болатын. Оның мақсаты педагогикалық практиканың мерзімін ұзарту, яғни студенттер бірінші курстан бастап әр жылы 35-40 сағаттан педагогикалық тәжірибеден өтеді. Көп ұзамай бұл бастама Алматы қаласының барлық педагогикалық оқу орындарында қолдау тапса, ал 1989-90 оқу жылында бұл тәжірибе республиканың барлық педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие жоспарына енгізіліп, жүзеге асырылды.
Соңғы кездері ғалымды еліміздегі оқу-ағарту ісін қайта құру, ондағы басты проблема жаңа адамды дамыту, қалыптастыру және тәрбиелеу қатты толғандыратын болды. Ізденіс тағы да іс жүзінде көрініс тапты. Оның бірі - ғалымның бастамасымен Алматы қаласындағы 36, 65, 31 мектептердің жанынан ғылыми оқу-әдістемелік комплекс құрылуы. Комплекс үш бағытта: (Оқушылардың танымдық іс-қимылын белсендендіру'', ''Оқушыларды идеялық-адамгершілік рухта тәрбиелеу'', үшіншіден, ''Қиын балалар тәрбиесін жетілдіруде'' жүйелі жұмыс жүргізуді көздейді. Бұл іске бүкіл кафедра мүшелері жұмылдырылды. Мұндағы ең түпкі мақсат-қайта құру негізінде жоғары оқу орындарының қызметін мектепке жақындату, оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру еді. Бұл ісі өзінің жалғасын табуда.
Г.А.Уманов өміршең ғалым. Ол соңғы жылдары музыкалық және орта білім беретін мектеп, балалар бақшасы мен бағын, университет ашты. Мұның барлығын “Фрестиж” деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет