Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет58/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81
Дәстүрлік дидактикада білім берудің мәдени құндылықтардың ретрансляторы ретінде консервативтік (ескішілдік) рөлін сақтау идеясын уағыздайды. Білім беру жас ұрпақтарға бұрынғы заман мәцдениетінің әмбебап элементтерін табыстау ретінде қаралады. Дәстүршілдік ағымның өкілдері жүйелі академиялық білімге жаңа тыныс беруге ниеттенеді. Білім беруді ұйымдастырудың осындай бағдарламасы Ж.Мажоның, Ж.Капельдің, Г.Кэвелтидің, Ч.Е.Финннің және басқалардың әлеуметтік-педагогикалық тұжырымдарында көрсетілген.
Рационалистік білім беру үлгісін әзірлеушілер П.Блум, Р.Ганье, Б.Скиннер және басқалары ең алдымен өздерінің күш-жігерлерін білімді меңгеру және жастарды білім беру тіршілік етіп жатқан практикалық бейімделуі проблемасына жұмылдырылады. Олар кез келген білім беру бағдарламасын білімнің, ептіліктің (іскерліктің), машықтардың «мінез-құлықтық (тәртіптілік) репертуарына» айналдыруға болады деп нандырады, ал әлгі білімді, іскерлік пен машықтарды білім алу үдерісінде меңгеру керек.
Феноменологиялық бағыт өкілдерінің білім беруге қатысты көзқарастары (А.Маслоу және т.б.). Олар білім беруді гуманизациялауды уағыздайды. Олардың пайымдауында дербес оқу туралы ой басты арқау болады.
Тәрбиенің теориялық негіздемелерінен екі бағыт байқалады: социологизаторлық көзқарас, биопсихологиялық көзқарас.
Солардың арасындағы басты айырмашылық-әлеуметтік және биологиялық тәрбие заңдылықтарына қатысты ұстаным. Жеке адамды тәрбиелеуде әлеуметтің (қауымның) жетекші рөлін жақтайтындар қуатты лекті құрады. АҚШ-та, Францияда, Жапонияда әлеуметтік педагогиканың ролі елеулі. Әлеуметтік педагогика мектептен тәрбиенің негізі әлеуметтік факторын көреді. Бұл әлеуметтік ортаның айрықшалау үлгісі. Мектепте қоғамдық құндылықтардың басты таратушысы болып мұғалім есептеледі.
Биопсихологиялық тәрбиенің бағытын құрайтындар:
- экзистенцалистік педагогика;
- жаңаша тәрбие беру;
- гуманистік психологиялық мектеп ұстанымдарының өкілдері.
Олар тәрбие ізгілігін, яғни баланың жеке басына бетбұрысты заманның талабы мен бұйрығы деп қарады.
Жаңаша тәрбие беру идеясы Францияда (Р.Галь, А.Медичи, Ф.Фабр және басқалар) кең тараған. Жеке адамға ортаға бейімделуге мүмкіндік туғызатын табиғи рефлексиясы бар биологиялық тіршілік иесі ретінде анықтама беріледі. Бір жағынан жеке адамның ортамен өзара ықпалдастығының (іс-қимылының) маңыздысы мойындалса, екінші жағынан жеке адамның қауымнан тәуелсіздігі жарияланады. Қатал жазалаудың заңдылығына күмән келтіріліп,жеке адамды ілтипат пен құрмет арқылы қалыптастыру мақұлданбады.
Гуманистік психологиялық мектептің басшылары (А.Маслоу, А.Конбе, К.Роджерс және басқалар) баланың мүдделерін, психикасын, жеке ерекшеліктерін ескеруді, баланың жеке басына ілтипатпен қарауды атап көрсетіп, оқушыларға қатысты мұғалім үстемдігі дәстүрінен бас тартуды ұсынады (Джуринский А.Н.1999).
Осы томды жасаудағы мақсат-қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамалары мен педагогикалық ғылым дамуының бағыттарын зерттеу, қорытындылау, XX ғасырдың II жартыжылдығы әлемдік білім теориясындағы білім беру тұжырымдамаларының, теорияларының, ағымдарының сан алуандылығымен таныстыру.
Курстың басты міндеті –XX ғасырдың II жартысындағы педагогика және білім беру саласындағы шетелдік ғалымдар туралы студенттерге мағлұмат беру, ең жаңа кезеңдегі шетелдік ғалым- педагогтардың негізгі еңбектерімен таныстыру; бүгінгі заманғы білім беру тұжырымдамалары мен педагогикалық ғылым дамуының бағыттарын қарастыру, қоғамның жаһандану жағдайларындағы білім беруді дамытудың қазіргі үрдістерімен таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет