Жүргізуші:
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста, - дегендей сайысқа қатысушылар:
І топ: «Зерек» тобы
ІІ топ: «Жігер» тобы
Бағдарлама бойынша І кезең «Кел танысайық».
1-топ: « Зерек» тобы
Топ басшысы: Қуатжан Аяулым
Біздің ұран: «Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім»
2-топ: « Жігер» тобы
Топ басшысы: Амрина Азиза
Біздің ұран : «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»
2 кезең «Кім жылдам?»
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде – дегендей сайысымызды «Кім жылдам?» деген кезеңінен бастайық.
Әр топ мүшелері ұяшықтарды таңдайды, сұрақ оқылады, сол сұрақтарға лезде жауап беру керек.
Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше?(10, 50)
120 минут неше сағатқа тең?(2 сағат)
Түйе 10 пұт жүкті 1 сағат бойы көтеріп тұрса, 1000 пұт жүкті қанша уақыт көтеріп тұра алады? (1 cағат)
3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3мин)
5. 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма? (тең)
6 . Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? (5 кг)
7. Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)
8. 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір Ержан неше жаста?
3 кезең «Ойлан, тап!»
(әр топ сандықтан екі логикалық тапсырма алады)
-Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік.
«Үй иесі мен ұрылар»
Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.
Үй иесі мұны сезіп:
-Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.
-Сонда адам нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5ұры)
Достарыңызбен бөлісу: |