Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


АВТОРЛЫҚ ЭМОЦИОНАЛДЫЛЫҚТЫҢ ТИПТЕРІ



Pdf көрінісі
бет31/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

5. АВТОРЛЫҚ ЭМОЦИОНАЛДЫЛЫҚТЫҢ ТИПТЕРІ 
Өнерде соңғы жүз жылдықтарда (әсіресе, XIX-XX ғғ.) авторлық эмоционалдылық 
қайталанбас дербестікке ие болды. Солай десек те, онда тұрақты қайталанушылық бастау 
көзге ие әлдебір заңдылық бар. Басқаша айтар болсақ, көркем туындыларда жинақтау мен 
эмоцияға ие тұрақты «қоспа» орын алатын өмірді танытудың белгілі бір типі ұшырасады. 
Бұл қаһармандық (героика), трагизм, ирония, сентименталдылық және бірқатар аралас 
феномендер. Аталған қатарға енетін ұғымдар мен терминдер өнертану мен әдебиеттануда 
кеңінен қолданылғанымен, олардың теориялық мәртебесі түрлінше түсіндірліп келеді. 
Осы құбылысқа сай келетін түсінік көне үнділік эстетикада "раса" терминімен 
аталды[193]. Замана ғалымдары (өздерінің әдістемелік ұстанымдарына орай) 
қаһармандықты, трагизмді, романтиканы және т.б. не эстетикалық санаттама (көбіне 
отандық философтар), не болмаса, метафизикалық санаттама (Р. Ингарден), немесе, пафос 
түрлері бойынша (Г.Н. Поспелов)[194], не болмаса, тұлғаның авторлық концепциясын 
бойына сыйдырып, туындының тұтастығын танытушы "көркемдік модусі" (В. И. Тюпа) 
деп атайды[195]. Ғылыми психологияның терминін кәдеге жарата отырып, адам санасы 
мен тірлігінің осы феномендерін өнерде не авторлардың, не болмаса, персонаждардың 
(суреттелетін бейнелердің) "құндылығы" сипатында көрініс табатын дүниетанымдық 
эмоция деп атауға болады. Аталған эмоциялар белгілі бір адамдар мен олар жататын
топтардың құндылық бағдарларымен қосыла өріледі. Олар осы өрлім аясында өмірге 
келіп, оны жүзеге асырып отырады.
§1. ҚАҺАРМАНДЫҚ 
Қаһармандық ерте тарихи жоғарғы жанрлардың, ең алдымен, эпопеялардың (дәстүрлі 
халықтық эпостың) эмоционалды-мағыналық бастау көздерінің басым бөлігін құрайды. 
Бұл арада ержүректік, ұлы істер атқаруға қабілеттілік, өзін-өзі сақтау түйсігінен арылу, 
тәуекелге бел буу, бәрінен айырылу, қауіптілік, өлімді қасқая қарсы алу сынды 
адамдардың іс-әрекеттері байрақ болып көтеріліп, асырыла дәріптеледі. Қаһармандық 
көңіл ауаны ерік-жігер жинақылығы, қайыспас қайсар рухпен байланысты болып келеді.
Ерлік жасау – өзінің дәстүрлі ұғынылуында (оны жүзеге асырушының жеңісі мен қаза 
табуына тәуелсіз) адамның өлімнен кейінгі даңққа бөленуінің нағыз ақиқат жолы. 


50 
Қаһармандық индивидуалдылық (осы сөздің бастапқы мәнінде) таң қалу мен табынуды 
тудырып, өзгелерден мәртебесі артып тұруды суреттейді. С.С. Аверинцевтің пікірінше, 
қаһармандарға аяушылық сезімі білдірілмейді, қайта оларды көкке көтеріп мадақтайды.
Қаһармандық қадам көбіне әлеует пен күш-қуатты танытудың мақсатты паш етілуі 
болып табылады. Гераклдің аңызға айналған ерліктері тап сондай болып келеді, әрі ол 
қоян жүрек Эврисфей үшін жасалмайды. "Қаһармандық этика әлемінде мақсат амал-
тәсілдерді ашпайды, ерліктің амал-тәсілдері кез келген мақсатты ашып көрсетеді", -дейді 
Аверинцев[196]. Жаугерліктің даңғазасына басы бүтін еніп кететін тентек Васька 
Буслаевтың қимылдары, кейбір жағдайдағы Тарас Бульбаның іс-әрекеттері де тап 
осындай. Ерте тарихи дәуірлерден бастау алатын қаһармандықтың өзіндік мақсатының 
арқау жібі Жаңа уақыт адамының өзін дербес тұлға ретінде бекемдеуіне дейін 
тарамдалып, "бетерадамның" қаһармандық жолы "Заратустра солай деді" кітабында өз 
«шыңына» жетіп, дау-дамайдың өзегіне айналды.
Адмзат өмірінде ұшырасатын басқа тұрпаттағы, рухтанған бетер тұлғалық мақсаттағы,
осы сөздің жоғарғы мәнділігін ашып бере алатын альтруистік (қалтықсыз қамқор), 
құрбандықты: қаһармандық маңызды, әрі этикалық жақтан даусыз болып табылады. Оның 
түп тамыры еуропалықтар үшін ежелгі дәуірге (туған Троясының қорғаушысы Гектор 
образы немесе "эсхилден кейінгі" интерпретациялардағы отты әкелуші Прометейлерге) 
кетеді. Осы арадан бастап оның арқауы кейінгі жүз жылдықтардағы өнердегі Л.Н. 
Толстойдың "Соғыс және бейбітшілігінің" қаһармандығына, А.Т. Твардовскийдің 
Василий Теркинінің образына т.б. ұласады. Қаһармандықтағы даусыз ақиқат кейбір 
жағдайларда адамның жеке басын, тәуелсіздігі мен азаттығының құқығын қорғауды 
(мысалға, В.Т. Шаламовтың "Майор Пугачевтің соңғы шайқасы" әңгімесі) танытады. 
Қаһармандықтағы заңсыздыққа қарсы тұру жалпыға бірдей мәртебеге көтеріліп
өзгермейтін нормаға айналғандығы турасында Г. Белль: "кім бұйрыққа бағынбай құрметті 
қылмыс жасап, қолын қанға былғау мен талқандауға қарсы шығып, жанын берсе"
олардың есімдерін мәңгі есте қалдыру керек деп орынды сөз етеді[197].
Қаһармандықтың тынысы көбіне адамның өзін танытуы жолындағы қоғам мен 
адамзатқа қызмет ету талпынысын өз бойына (керісіншелікпен бірге, заңдылықты түрде) 
сыйдырады. Осындай "қоспа" Байрон мен П.И. Пестелдің тағдырларында орын алды. Ол 
әдебиетте (1820-1830-шы жылдардағы романтикалық поэмаларда, М. Горькийдің 
ертеректегі туындыларында) ұшырасады. Осы тәрізді қаһармандық кейбірде өмірдің ащы 
шындығын да сыни байыптап (мысалға, Ф.М. Достоевскийдің "Қылмыс пен жазасындағы" 
Раскольниковтің образы) ашып көрсетеді.
XIX орыс ғасыры мен оның әдебиетінде қаһармандықтың бой көрсетуі түбегейлі түрде 
ХХ ғасырдың басында большевизм үшін бәрін қайыра қорыту үшін бет пердеге 
айналды[198] немесе қатты сынға ұшырады[199].
1930-1940-шы жылдар аралығында қаһармандық социалистік реализмнің апологеті (бір 
идеяны жанын бере қорғауы), өнер мен әдебиеттің өзіндік орталығы ретінде 
қарастырылды. "Елің батыр бол десе, кез келген жан қаһарманға айналады",-деп 
шырқалатын сталиндік дәуір әнінің тармағы көп нәрсені аңғартады. Бұл сөздерде өз 
кезегінде ешкімнің бұйрығынсыз, адамның жүрек қалауымен ерікті түрде жасалатын 
қаһармадық іс-әрекетті құлдық ұрып құлақ асатын ләппайлыққа айналдырып 
тұрпайыландырудың лебі бар.
Қаһармандық өзінің байыпты мағанасында – ежелгі тарихи кезеңдердің мәдениеті мен 
өнерінде басымдыққа ие болды. Гегель мемлекетке дейінгі, "заңдылыққа дейінгі" 
уақыттарды "қаһармандар ғасыры" деп есептеп, кейінгі дәуірлердегі адамзаттың 
маңдайына қаһармандық кезеңдерді еске түсіру жазылған ұйғарды[200]. Осы іспеттес 
ойды тарихшы Л.Н. Гумилевте айтты. Ол "кез келген этногенез", яғни, халықтың 
(ұлттың) қалыптасу процесі "қаһармандықпен, кейде шағын адамдар тобының басын 


51 
құрбандыққа тігуінен басталады" деп тұжырымдады. Осы адамдарды ғалым
пассионариялар (тұқым-тектілік) деп атап, "пассионарлық этикалық нормаларға еш 
қатыссыз, біртектес ерліктерді мен қылмыстарды, туындыгерлік пен адалауды, игілік пен 
зұлымдықты жеңілдікпен өмірге әкеледі",-деп атап көрсетті. Гумилев әр халықтың бастау 
көзінде "қаһармандық ғасыр" жатыр деп есептеді[201].
Осының бәріне күмандана қарау қиындық тудырады. Сонымен бірге, ең әділі сол – 
басқа да дағдарыс кеулеген, қиын-қыстау сәттерде әмірлі үнмен алға шығып 
қаһармандықпен басты бәйгеге тігуге үндеген жандар халықтар мен адамзаттың көп 
ғасырлық тарихында үнемі байқалып отырады. Сондықтан, қаһармандық көркем 
шығармашылық үшін аса маңызды болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет