Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет79/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Шарттас мәнді іргелес салалас
Іргелес салаластың бұл түрінде компоненттерінің мағына-
ла ры өзара шарттас болып келеді. Ол әдетте екінші компонент-
тегі істелген не істелуге тиіс істің шарты болып келетін бірін-
ші компоненттің мынадай тұлғаларда тұруы арқылы жасалады:
1) Бірінші компоненттің баяндауышы үшінші жақтың жедел 
өткен шақ етістік тұлғасында тұрады. Кейде оған «екен» көмекші 
етістігі тіркесіп келеді де, екінші компоненттің баяндауышы 
үш жақтың бірінде тұрады. Мысалы: Жұрт айтты – көне береді
(Б. Майлин). Құдай салды – біз көндік (Ғ.М.). Әке-шешелеріңе 
шын жандарың ашиды екен – өз бастарыңды адамша дұрыс алып 
жүре білгендерің жөн (журналдан). 2) Алғашқы компоненттің 
баяндауышы бұйрық райдың екінші жағында тұрады. Мысалы: 
Енді жіберіп көрші, құдай біледі, әкеңді танытамын (Ғ.М.). Бір 
ауылды ғана құртып көр – бүкіл дала көтерілсін (М. Жұмағұлов). 
Салалас құрмалас сөйлемдерге
практикалық тапсырмалар
Тақырыптың мақсаты:
Салалас құрмалас сөйлемнің құр ма-
лас сөйлемнің бір түрі ретіндегі өзіндік ерекшелігімен танысу, 
ком поненттерін байланыстыратын тілдік амал-тәсілдерді түсініп 
игеру, компоненттерінің мағыналық қарым-қатынасын, олар дың 


Қазіргі қазақ тілі
131
түрлерін анықтай білу, салалас құрмаластың зерттелу жағ да йы-
мен танысу.
Тақырыптың дәйектемесі:
Қазақ тіл білімінде салалас 
құрма лас сөйлем мәселесі біршама зерттелген деп тұжырымдауға 
бола ды. Салалас құрмаластың өзіндік белгілері, түрлері, компо-
нент терінің байланысу тәсілдері онша көп пікір алшақтығын 
тудыр майды. Дегенмен жалғаулықсыз құрмаластардың компо-
нент тері арасындағы байланыс мәселелері, компоненттерінің 
мағы налық қарым-қатынастары (түрлері) тереңдей үйренуді 
қажет етеді. Тапсырмаларды және оған берілген жаттығуларды 
орындау барысында осындай қиын деген тұстарды жете талдап 
түсіну жағы көзделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет