Қазіргі қазақ тілі
137
пікірталастар туындайды. Бұл мәселелерді шешуде сабақтас
құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің рөлі ерекше,
әсіресе, оның баяндауышының.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің
қай мәселесін сөз етейік,
олар бағыныңқы компонентке келіп тіреледі. Сондықтан
зерттеушілердің бағыныңқы компоненттің белгілерін қалай
анықтайтынына қысқа тоқталып өтейік.
Т. Қордабаев: («Қазақ тілі мен әдебиет» журналы, 1958, №5)
1) сабақтас құрмалас сөйлемнің
әр компонентінің дербес
баяндауышы болады;
2) бағыныңқының өзіндік интонациясы және ой дербестігі
болады.
Бұл ертеректегі пікіріне кейін мынаны қосады:
1) бағыныңқы компонент дербес бастауышты болып келеді;
2) компонент
баяндауышы етістіктің көсемше, шартты рай
және есімшенің жатыс, көмектес жалғаулары мен септеулік шы-
лаулар, кейбір жұрнақтардан және етістіктің басқа да түрле рінен
жасалады (оқулық, 71 бет).
М. Балақаев бағыныңқы компонентінің мынадай белгілерін
көрсетеді:
1) предикаттық
қатынасты білдіреді;
2) айырым интонациямен айтылады;
3) мағыналық, тұлғалық дербестігі болмай, тиянақты басыңқы
сөйлемнің жетегінде келеді;
4) бағыныңқылардың басыңқыларға
мағыналық қатынасы
грамматикалық болады.
Қ. Есеновтің («Қазақ тілінің грамматикасы»-1967) пікірінше
бағыныңқы компонентке мынадай белгілер тән:
1) өзіне тән ой дербестігі болу;
2) предикаттық қатынас негізінде құралу (дербес бастауыш,
дер бес баяндауыш);
3) ұластырушы интонациямен айтылу.
Бағыныңқы компоненттің жоғарыда көрсетілген қасиеттерін
ұйымдастырушы, белгілеуші баяндауышы – сабақтас құрмалас
сөйлемді жасаушы орталық. Бірақ кез келген баяндауыш сабақтас
құрмалас жасай ала ма?
Кейбір түркологтар бағыныңқы
компоненттің сөйлем
Бердібай Шалабай
138
болуы ның шарты кез келген сөйлемдегімен бірдей, яғни
оның да баяндауышы жіктік жалғауында тұруы керек дейді
(М.Ш. Ширалиев, Н.А. Баскаков, А.З. Абдуллаев). Алайда көп-
шілік ғалымдар сабақтас құрмалас
сөйлем жасалуының негізгі
жо лына оның баяндауышы есімше, көсемше және шартты рай
тұл ғасында келуін жатқызады. Сонымен, сабақтас құрмалас сөй-
лем нің жасалуының негізгі жолдары мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: