Қазіргі қазақ тілі
139
көмектес сеп тік жалғауларында келгендері ғана сабақтас құр-
ма ластың баян дауышы болады дейді. «...Өйткені
осындай тұл -
ғадағы есімшелер сөйлем ішінде кеңістік мәнде жұмсалып,
баян дауыштық қызмет атқаруға бейім тұрады»... «Са бақтас құр-
малас сөйлемдердің жасалуы... көп жағдайда ба ғы ныңқы ком-
по ненттің пысықтауыш категориясымен тығыз байланысты»
(Қ. Есенов). М. Балақаев атау, табыс, барыс, ілік жалғауында тұ рып
есімшенің бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бола алмай тыны
жайында былай дейді: «Олай болатын себебі – жатыс, көмек тес,
шығыс жалғаулары жалғанған есімшелер ғана бағыныңқы лар-
ға тән мағыналық қатынастағы сабақтас
сөйлемдер жасай ала-
ды, ал олардан басқа септіктегі есімшелер күрделі, үйірлі мү-
шелер тобында айтылады да, бағыныңқы мен басыңқы арасында
болатын мағыналық қатынасты білдіріп сабақтас сөйлем құрай
ал майды» (М. Балақаев. Сабақтас сөйлемнің кейбір ерекшелік-
тері туралы: «Қазақ тілі мен әдебиеті», 1959, №2, 44-бет).
Мысалдар:
Әбдірахман дәлелді сөзін аяқтағанда, Хакім біраз аңтарылып
қалды (Х. Есенжанов).
Самалық жауап күтіп кідіргенмен, нағашым да үндей алмай
қалды (С.М.).
Ысқақтар жасы кіші болғандықтан, Абайға сәлем беріп келіп
аттарынан түсті (М.Ә.).
Бағыныңқы компоненттің жатыс жалғаулы есімшеден жасал-
ған түрі өте кең қолданылады. Ол осы қалпында бағыныңқының
баяндауышы бола алса, шығыс
септікті тұлға жайында мұны
айтуға болмайды. Ол өзінен бұрын
-дық
жұрнағының немесе
өзінен кейін септеулік шылаудың (кейін, соң) айтылуын қажет
етіп тұрады. Ал көмектес жалғаулы есімшеге келетін болсақ, ол
бастапқы шылаулық қасиетіне байланысты шын
мәніндегі септік
жалғаулармен бірдей қарастырылмайды.
Есімше бағыныңқының
-ғанда
тұлғасы көбінесе мезгіл, соны-
мен қатар шарт мәнін білдірсе,
-ғанмен
қарсылық,
-ған дық тан
себеп мағыналарда жұмсалады.
Енді бір мәселе, есімшенің
-ғанша, -ғандай
тұлғалы түрлері
жайында. Кейбір зерттеушілер бұларды көсемше формаларына
жатқызады (Қ. Есенов).
Бердібай Шалабай
140
-ғанша
формасы көбінесе мезгіл мәніндегі бағыныңқының
баяндауышын жасайды.
«Сол
жайлы орынға жеткенше, Айгүлдің әні де үзілмеуі
керек» (Ғ.М.).
«Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып
та болды» (Ғ.М.). «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге
адас» (мақал) (қарс.бағ.).
-ғандай
формасына аяқталған
бағыныңқы компоненттің
қандай мағыналық мәнде жұмсалуы жөнінде екі пікір бар.
Қ. Есенов оларды
амал бағыныңқыға жатқызса, Т. Қордабаев
салыстырмалы бағыныңқыға жатқызады.
1. Тәнге ас керек болғандай, жүрекке де ақыл сонша керек
(М.Ә.).
2. Ақтардың азабы аз дегендей, құзғын қарғалар мен иттер де
өліктерді басынып алған (С.М.).
3. Құрақ қамыс басын ақырын жел желпіп, судыратып кеткен-
дей, қысқа сыбыр қазақ тобын түгелдей айналып шықты (М.Ә.).
Есімшенің басқа тұлғалары да бағыныңқы компоненттің
баяндауыш тұлғасында келіп, сирек болса да, сабақтас құрмалас
сөйлем түрлерін жасауға қатысады. Мысалы:
1. Екі қабат үйдің жағасына көтерілерде, Боқай бәрін жинап
өз қолына алды (Ғ.М.).
2. Өзі ұзақ сапарға кетерде, Ушаков жұмыскерлер барағын бір
аралап шығып, азды-көпті көңілдерін бір аулап кететін (Ғ.М.).
3. Бәтесті менің жақсы көруімді сезетіндей, ол да маған жылы
ұшырайтын (С.М.).
Достарыңызбен бөлісу: