Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Актобе. РИПК СО, 1999.
2.
Қазақстан Республикасы “Білім мемлекеттік бағдарламасы” / Қазақстан мұғалімі. – 2000.
- №33-34
3.
ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,1994ж
4.
ҚР орта білімнің дамыту тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,-1997, 34б.
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МАҢЫЗЫ
Тұрлыбекова Ташкүл Арапбайқызы
Айдарова Ләззат Бекжігітқызы
«Болашақ» мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімдері
Қазығұрт ауданы, ОҚО
ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі
білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру
~
444
~
үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге
асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі.
Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына
сәйкес жаңартылған білім беру мазмұнын қанат-қақты енгізу туралы шешім қабылданып,
республикада 30 мектепке мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын қанатқақты
енгізу және орта білім беру мазмұнын ішінара жаңарту 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бас-
талды.
Жаңартылған білім беру мазмұнын сынақтан өткізуде облыс бойынша 1-сыныптың
140 оқушысы, бастауыш мектептің 7 мұғалімі, 2 қанатқақты мектептің 15 пән мұғалімі
қатыстырылып отыр. Сондықтан осы мұғалімдерді қажетті білім нәрімен, іскерлік
рухымен, дағдылар және құзыреттілікпен қаруландыру – тікелей институттың құзы-
рындағы іс.
Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4 сыныпқа
арналған «Жаратылыстану», гуманитарлық-қоғамдық пәндерінің негіздерін оқытуда
«Дүниетану» және тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері)
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Тағы бір
жаңалығымыз, бастауыш мектептің 3-4 сыныптарында оқушыларға ақпаратты іздеу, талдау
және тасымалдау дағдыларын үйрету мақсатында «Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар» пәні оқытылатын болады. Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның
ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және
интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы
білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік
құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу,
жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату.
Бастауыш мектеп оқушысы математика және информатика, жаратылыстану, адам
және қоғам, технология және өнер, дене шынықтыру сынды білім салалары аясында білу,
түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлерінде күтілетін нәтижелерді көре
отырып, меңгеруге талаптанады. Білім сапасын анықтау құралдары ретінде оқуға
ынталандыратын және оқушының жеке даму траекториясын белгілеуге мүмкіндік беретін
формативті бағалау мен мектепішілік суммативті бағалау түрлерімен белгіленді.
Стандарттың осы бөліктері өз оқуын өз бетімен құруға қабілетті, өмір бойы білім алуға
ұмтылатын оқушы тұлғасын дамытуды көздейді.
Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі
білім берудегі жаңа және нақты жағдайға икемделу дегенді білдіреді. Педагогтарды бұл
бағытта даярлау нәтижелі жүруде. Соның бірі соңғы 2-3 жыл көлемінде қоғамда пайда
болған, шетелдік әріптестер үндеген «Facebook», «WhatsApp» тәрізді әлеуметтік желі бағ-
дарламаларын қолдану педагог үшін аса қиындық соқтыра қойған жоқ. Бұл – қуанышты
жағдай. Әр жаңалықты бірінші кезекте жеке басына қолдануды меңгерген адам ғана
оқушысына мазмұнды білім бере алады.
Нәтижесінде мұғалім жеке уақытын, қаржысын үнемдеуге, заманауи технологияны
жеке басына пайдалана білуге үйренеді. Мұндай ұстаз педагогикалық қызметіне де жаңа
технологияны толыққанды қолдана білу дәрежесіне көтеріледі.
Стандартта белгіленген жаңа мазмұн оқушылардың сыни, шығармашылық тұрғыда
ойлау дәрежесін дамытуды да көздейді. Осы дағдыны мұғалімдерге үйрету мақсатында
мектебімізде өткізілетін барлық коучингте сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың тәсілдері,
сыни ойлауды оқу және жазу арқылы дамытудың стратегиялары, жобалау әдісі, өз пікірін
жазбаша рәсімдеу (мақала, эссе, комментарий беру және т.б.) әдіс-тәсілдері кеңінен
қолданылады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасы
қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны
ерекше.
~
445
~
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жыйылған
білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж. Пиаже Л.С.Выготский
теорияларын басшылыққа алады.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста
оқушылардың:
1.
Өзбетінше тұжырым жасау,қорытындыға келу.
2.
Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
3.
Проблеманы шеше білу.
4.
Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
1.
Әдіс түрлері.
2.
Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы
3.
Басқалармен қарым-қатынас жасай білу,қорғай білу.
4.
Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.
5.
Топтық тұжырымға келе білу.
6.
Топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу.
Бұл сын тұрғысынан ойлау стратегиясын тәжірбиеде қолданғанда төмендегідей
жетістіктерге қол жеткіздік:
1.
Сабақ ойын формасында өтетіндіктен, оқушы оқу материалын тез қабылдайды.
2.
Оқушының сабаққа қатысу ынтасы артады. «Енжар» оқушы белсенді оқушыға
айналады.
3.
Баланың жауапкершілік сезімі артады. Құрбысынан қалмауға тырысады.
4.
Баланың өз ойын жеткізе білу қабілеті артады.
5.
Оқушының еске түсіру қаблеті шынығады.
6.
Баланың оқу материалын толықтай меңгеруіне жол ашылады, оқушылар жаңа
тақырыпты бір-біріне өздері түсіндіреді, мұғалім межелеген жоғары талаптардан шығу
мақсатында еңбек етеді.
Жалпы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» 90 түрлі стратегиясы бар,
солардың ішіндегі- Даралық пен ұқсастық, Венн диаграммасы, Бес жолды өлең, Галереяға
саяхат, INSERT кестесі, ББҮ стратегияларын сабақтарымда қолданамын.
Бұл оқыту ойындары арқылы оқушылардың білімге, үйренуге деген құштарлықтары оянып,
оқу қызметінен жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.
Мәселен, «Даралық пен ұқсастық» үйрету ойынында оқушылар тақырыпты өздері
оқып талдайды, теориялық білімдерін бекітіп, жинақтайды, топпен жүмыс істеуге
дағдыланады.
Өзара сыйластыққа, бір-бірін тыңдай білуге үйренеді.
Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі,
мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады:«V» — білемін
«+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді., Венн
диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын
салыстыру.«Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой
толғау кезеңінде қолданылады.
Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар
тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу
материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады.
Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады.
Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап
береді.
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық
,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген
қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.Егер де жаңа технология
~
446
~
элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп
ойлаймын.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында (17 қаңтар, 2014 жыл) белгіленген «орта білім
жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту
деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс,
оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау
машығын игеру болуға тиіс» деген міндетін орындауда мұғалімдердің біліктілігі қашанда
бірінші орынға шығады.
Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің
ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
«Қазақстан-2050» даму стратегиясы
2.
М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Әдістемелік нұсқау, 2002 жыл
3.
3. Ізденіс және даму перспективалары. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2016 жыл.
4.Білім. Таным. Тәрбие. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. №1, 2016 жыл.
5.
«Қазақстан кәсіпкері» журнал №10, 2010 ж
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Тұрлыбекова Фарида Арапбайқызы,
«Болашақ» мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Тұрлыбекова Перуза Арапбайқызы
Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Қазығұрт ауданы, ОҚО
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық,
педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және
ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа
жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа
технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға
ретінде ұлағатты саналады.
Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім
күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп
отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі
әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық
үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге
келеді.
Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек
қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған
тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының
жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту,
білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Білім берудің түрлі тәсілдері әртүрлі білім
жетілдіру курстарында оқытылып отырады. Қазақстан Республикасының жалпы білім
беретін мектептерінің педагогтарын Кембридж университетінің білім берудегі тәсілдерін
үш деңгейлі курс арқылы жалпай оқыту қолға алынған.
~
447
~
Курс екі тілде оқытылып әр облыстарда және Астана қаласы бойынша арнайы
дайындалған тренерлер дәрістер жүргізді. Білім берудің кешенді міндеттерін және
мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән
беріп сол курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын.
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға
қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп
айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып,
жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен
өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап,
жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және
бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың
нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін
қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа
жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау
тәсілдерін қарастырады.
4. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы
өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған
сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар
жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі
негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау.
Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани
біледі.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық
ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және
психология
балалардың
жас
ерекшеліктеріндегі
ширақтықты,
өзгерімпаздықты
айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар
жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына
сергіту сәтін жүргізуде жас ерекшеліктерді ескеріп отырып орындату қажет.
7.Білім беруді басқару және көшбасшылық
Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің
сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен
түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға саяды. Қандай жағдай
болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа
негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту
және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық
деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді.
Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін
тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.
Осы модульдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін
жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән
беру. Құзырлы білім беруде ұстанатын факторы оқушының өздігінен білімнің мәнін
меңгеруі және бағалай білуі. Бағдарлама нәтижесінде - тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы
~
448
~
оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен
еркін тіл табысатын, сандық технологияларда құзыреттілігін көрсететін оқушылар
дайындалады.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі жаңа технология негіздері
болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана
білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық
технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолдану.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу
материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына
жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс
істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі
қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей
сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Оқытуда мультимедиялық құралдарды пайдалану тимділігі орасан зор. Сондықтан
мүмкіндіме қарай сабақта ақпараттық құралдар мен электронды оқулықты жиі қолданамын.
Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультемедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде
пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:
-Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
-Танымдық қабілетін қалыптастырады;
-Этнопедагокикалық тәрбие береді;
-Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
-Оқытушының уақытын үнемдейді;
-Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;
Білім беру үдерісіндегі соңғы уақыттарда көп қолданылып,оң нәтижесін көрсеткен
модульдік оқыту технологиясы туралы айтуға болады.Модульдік технологиялардың
ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық
процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау
қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру. Сабақтың қызықты,
сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым
Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда
айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен
пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде
меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамыту.
Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі
әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді
жолы болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері
қағидалары, белгілі бар.
Тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір
ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты
ұсынуға болады. Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау
қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ
формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-
қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау
мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге,
өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.
Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала
отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге
бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту.
Оның мазмұны:
~
449
~
1.оқытудың жалпы мақсатын қою;
2.жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3.оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;
4.оқу әрекеттерінің жиынтығы;
5.нәтижені бағалау
Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:
1.кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)
2. сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру)
3. қорытынды бөлімі (бақылау, тест)
Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық
бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған
озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң
тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін
маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық
технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары
деңгейде болуы қажет. Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз.
Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс.Оқушыларды кәсіптік білім
алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан,өз пікірін ашық
білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек.
Пайдаланылған әдебиеттер;
1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау
2.Қазақстан Республикасының Білім Заңы
3.Жанпейісова М.М.. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде //
Алматы,2006, -4,5 бет
4.Қазақ ұлттық энциклопедиясы ,Алматы // -241б
5.Кәсіби даму мектебі // Алматы, Верена 2007,93-97 б.
Достарыңызбен бөлісу: |