2.Ортағасыр дәстүріндегі рух және жан туралы теологиялық түсінігі
3.Тума идеялар Декарт) және транс-цендентализм (Кант)
4. Казақ философиясы: Шәкәрім жан, рух, ақыл туралы
Шығыс және Батыс мәдениетіндегі адам санасының бағытталуы
Ежелгі Шығыстың Үнді және Қытай мәдениетіндегі адам-ның санасы өз-өзін дамытуға, ішкі рухани күшін көбейтуге бағытталған. Батыстың әрекетшіл адамының санасы сыртқы дүниені өзгертуге бағытталған.
Ежелгі Шығыс философиясында жан мен ақыл-ойдың космологизмі
Ежелгі үнді философиясында ғарыштық дүниежүзілік жан – «Брахман», жеке дара (индивидуалдық) жан - «Атман» деп аталады. Упанишады бойынша, «Атманның арқасында көру, есту, иістерді ажырату, сөздерді айту, тәтті мен тәтті еместі ажырату мүмкін» [Упанишады. М., 1991] Субъекттің біртұтастығында жеті құрамдас бөліктері бар: дене, өмірлік қуат, сезімдер, интеллект, таза зерде («жоғарғы Манас»), Атман («Мен») және Брахман. Таза зерде мәңгі, ал бұзылатын деңгейлерге жанның өсімдік түрі (дененің өмірлік қуаты), сезімталдық және менталдық түрлері жатады. Олар уақытша өмір сүретін және өлімнен кейін жойылатын адамды құрайды. Ежелгі Үнді дәстүрінде Атман мен Брахманның, психикалық пен ғарыштықтың тепе-теңдігі туралы идеяның негізінде жанның өлместігі және оның қайта туылуы туралы ілім қалыптасқан.