Презентация №3 Философия тарихында жан мен рух, сана мен ақыл мәселесі Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша


Ортағасырлық христиандық дүниетанымдағы жан туралы теологиялық түсініктер



бет8/11
Дата14.09.2023
өлшемі39,29 Kb.
#107638
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ортағасырлық христиандық дүниетанымдағы жан туралы теологиялық түсініктер
Августиннің іліміндегі жан туралы тұжырымдамасы
Августин Аврелий
(354-430 жж.)
«Жанның мөлшері туралы»

Августин адам денесі мен жанның дуализмі туралы діни түсінікті қолдайды. Адам Құдайдың кейіпі бойынша жаратылған және өзінің бойында екі бастаманы біріктіреді: жан мен тәнді, ақыл мен сезімді. Бір жағынан, жан Құдайдан ерекшеленеді, екінші жағынан, Құдайға жаннан жақын нәрсе жоқ.
Жан мен дененің өзара қатынастарын Августин иерархия ретінде түсінеді: жоғарғысы төменгісін басқарады. Құдай әлемді қалай басқарса, солай жан денені басқарады, ол денеге жетекшілік ету үшін жаралған. Егер Платон денені жан үшін абақ, түрме деп қарастырса, Августин жанның денеден қашудың моральдық себептері жоқ, өйткені дене - рухтың мекені, - деген. Жан - өмірлік күш-қуат. Адам бойында жанның үш деңгейі бар; өсетін, сезетін және есті деңгейі. Есті жанның бес қабілеті бар: ойлау, ізгіліікке ұмтылу, Құдайға ұмтылу, ақиқатты танып білуге, ақиқатты аңғаруға

Фома Аквинский жан туралы

Фома Аквинский Аристо-тельдің ілімін қолдайды: адам – бұл жан мен дененің бірлігі. Жан – дене тірші-лігінің және белсенділігінің бастауы.

Фома Аквинский жанның вегетативтік, сезімдік және ақылмен ұғынылатын бөлімдерін ажыратады



Фома Аквинский
(1225 - 1274)
«Теология жинағы»

Фалсафа: Ибн Сина рух туралы



Ибн Сина
(980-1037)
«Рух - бұл қажетті болмыс. Ол таза, ізгі, таза акикат және таза акыл ой
Эманация (өзінен ағызу) жолымен ол табиғатты жаратқан.
Табиғат - ықтималды болмыс. Рух мәңгі болғандықтан, табиғат та мәңгі.
Жан денемен бірге өзара әрекеттесіп өмір сүреді, сондықтан оның денеден бөлек, жеке өлместігі мүмкін емес»

Жаңа Заман: Рене Декарттың дуализмі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет