ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ
ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ И ФОЛЬКЛОРИСТИКА
ҼОК 821.512.122.
С.Д. Дҽрібаев
Ҽл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Алматы, Қазақстан
АҚЫН-ЖЫРАУЛАРДЫҢ ӚЛЕҢ-ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ НҦХ (Ғ.С.) ЖӘНЕ АЮБ
(Ғ.С.) ПАЙҒАМБАРЛАРДЫҢ ТАРИХЫ
Ислам дінінің тарихы ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы ақын-жыраулар
поэзиясының негізгі арнасы. Бұл мақалада ақын-жыраулардың ӛлең-толғауларындағы
Нұх(ғ.с.) және Аюб (ғ.с.) пайғамбарлардың шежіресі баяндалған. Сӛз зергерлері ұлттық
құндылықтарды Құран аяттары арқылы жыр арқауына айналдырады. Дәстүрлі жыр
мектептерінің барлығында да ислам тарихына, пайғамбарлар тарихына ерекше кӛңіл
бӛлінді. Ақын-жыраулар пенденің Алла алдындағы парыздарын жырлай отырып
имандылық, адамгершілік мәселелерінде пайғамбарлар ӛмірін үлгі етеді.
Тірек сӛздер: пайғамбарлар тарихы, парыз, дін, құндылық, сабыр, дәстүр.
Жаратушы Иенің жердегі елшілері саналған пайғамбарлардың ҿнегелі ҿмірі мен
дүнияуи тіршілікке кҿзқарастарын қалың бұқараға үлгі ету Қожа Ахмет Ясауидің «Даналық
кітабы», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Рабғузидың «Қисса сул-ҽнбия» секілді
ортағасырлық ҽдеби жҽдігерлердің негізгі арнасы болса, бұл дҽстүр кейін хандық дҽуірдегі
ақын-жыраулар поэзиясында да жалғастығын тапты. ХVІІІ ғасырда ҿмір сүрген Үмбетей
жыраудың:
Мен пайғамбардан бастасам,
Ҽңгімеге кетермін [1, 75], –
деп пайымдауы да пайғамбарлардың адамзат баласын тура жолға бастаған игілікті істеріне
қатысты айтылғаны ақиқат. Бүгінде барша мұсылманның жүрегіне орныққан Алланың хақ
діні исламның кеңінен қанат жаюына олардың сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.
Ислам философтары да Алла елшілерінің ізгі амалдарына ерекше мҽн бере отырып,
иллаһи ҿмірдің үлгісін кҿрсеткен пайғамбарлық жолды зерттеу нысанына айналдырды.
Мысалы, пайғамбарлық туралы тұжырымда ислам ҽлеміндегі ғұлама ғалымдардың бірі Ҽл-
Кинди былай дейді: «Құдіретті білімнің мысалы – Алланың (ол ұлы һҽм құдірет иесі) ҿзінің
елшілеріне (оларға Алланың шапағаты жаусын) берген білімі, бұл білім ізденісті де, еңбекті
де, зерттеуді де, математика мен логикаға зеректікті де, уақытты да қажет етпейді, оған
(елшіге) қайырымды Һҽм мейірімді Алланың бұйрығымен, соның жҽрдемі, оқытуы ҽрі
зердесіне байлауы арқасында ҿздерінің жүрегін ақиқат нұры тазартуы арқылы жетеді. Бұл
білім қарапайым адамдарға емес, тек елшілерге ғана тҽн (Алла оларды рақымына бҿлесін).
Бұл (білім) пайғамбарлардың ерекше қасиеттерінің, яғни оларды жай адамдардан
оқшауландырып тұрған кереметтерінің бірі, ҿйткені жай адамдар ізденіссіз, логикаға жҽне
біздер тізіп ҿткен математика ғылымдарына арнайы уақыт сарп етпей-ақ, бірінші сезімдік
жҽне екінші субстанция білімдерін, сондай-ақ соңғыларында ұшырасатын білімдерді де білуі
мүмкін емес. Хақ Тағаланың елшілері (Алланың рақымы жаусын) мұның ешқайсысын қажет
етпейді. Ешқандай ізденусіз, Хақ Тағаланың бұйрығымен білім алады. Білімнің осындай түрі
бар. Сонда біз Алла Тағаланың кереметтеріне иланамыз. Ал жай адамдар мұндай білім ала
алмақ емес, бұл білім олардың табиғи қабілетінен тыс. Адамдар бұл білімді аса қастерлейді,
Жаратушының осы білімді сыйлаған елшілерінің сҿзіне иланады» [2, 269]. Пайғамбарлардың
173
адамзат баласына үлгі болған ҿнегелі ҿмірлері еуропалық ғалымдардың назарынан да тыс
қалған жоқ. Кҿрнекті ғалым Ф. Шюон ҿзінің «Исламды ұғыну» атты еңбегінде Алла елшілері
туралы: «Рухани принцип ретінде Пайғамбар - ҿзіміз жеке-жеке бҿлшектері болып
табылатын Күллі тұтастық қана емес, ҿзіміз ауытқып, алыстап бара жатқан Ҽдепкі Бастау;
ҿзгеше айтқанда, Пайғамбар Үлгі бола тұрып, тек «Кемел адам» (ҽл Инсан ҽл Камил) ғана
емес, «Ежелгі адам» (ҽл Инсан ҽл Қадим) ретінде кҿрінеді. Бұл тұста кеңістіктік жҽне
уақыттық символиканың ұласып кетуі кҿрініп тұр: «Кемел адам» деңгейіне жету (немесе
Толық адам деңгейіне кҿтерілу) дегеніміз ҿз мүмкіндіктеріңнің шегінен шығып, ҿз еркіңді
«ҿзге» абсолютке тигізу, күллі ғарыштық ҿмірге, күллі тіршілікке сіңіп кету; ал «Ежелгі»
немесе «Ҽуелде жаратылған Адам» болу дегеніміз мҽңгілік сҽбилікке оралу, ҿз архетипіңмен
бірігіп кету, ҽдепкі жҽне мінсіз пішінмен, тҽңіртекті субстанциямен ұласып кету» [3, 380]
деген пікір айтады.
Ақын-жыраулар толғауларында кҿп баяндалатын қисса – Нұх (ғ.с.) пайғамбар
заманында болған топан су апаты. Нұх (ғ.с.) қауымы да Алла Тағаланың бірлігіне, Оның
күллі Ғалам Иесі екендігіне мойынсұнбағандардың қатарынан болды. Пайғамбарымыз
оларды райларынан қайтаруға қанша тырысса да жүректерінен иман нұры ҿшкен пенделер
оған құлақ аспады. Пайғамбар Жаратушы Иенің бұйрығымен кеме жасаған сҽтінде оған күле
қараушылар кҿп еді. Алла Тағала бұл турасында Нұх
сүресін түсірді. Бұл сүре тура жолдан
адасқан қауымға қатысты оқиғаларды былайша ескертеді:
(Нұх ғ.с.):«Раббым! Расында мен
елімді күндіз-түні шақырдым».(5); Бірақ шақыруым, олардың қашуын ғана арттырды.(6);
Расында мен оларды Сенің бағыштауың үшін шақырған сайын, олар саусақтарын
құлақтарына тығып, киімдерін бүркенген бойда, қасарысып, паңданған сайын паңданды» (7).
Алашқа сҿз оздырған Тұрмағамбет шайыр Нұх (ғ.с.) пайғамбардың алдағы апаттан
аман қалу үшін Алла ҽмірімен кеме жасауы мен оның жолын мансұқ еткен кҽпірлердің
күдігіне:
Үйреткен Жебірейіл жҿн-жобасын,
Жасауын жоқ еді бұрын ешкім білген.
«Ақыры ағашты ермек еттің бе?», - деп,
Кҽпірдің кҽрі-жасы кҿріп күлген.
Бірі астын, бірі үстін, бірі орта
Бұл кеме болып үш қат түзетілген [4, 334],- деп жоғарыдағы сүре
аяттары арқылы тҽпсір жасайды.
Нұх (ғ.с.) дұғасы қабыл болып, жер бетін топан су баса бастаған сҽтте, адасқан қауым
шын нҽубеттің жеткенін түсінді. Олар тҽубаға келіп, Нұхтан (ғ.с .) жҽрдем сұрай бастады.
Бірақ бҽрі кеш еді. Алла олардың дұғасын қабыл алмады. Қамар сүресінің: «Сонда ол
Раббына: «Күдіксіз мен жеңілдім, маған мұрсат бер» деп жалбарынған.(10); Сондықтан
кҿктің есігін құйылған жаңбырмен аштық.(11); Жерді жарып, қайнарлар шығардық. Сонда су
ҿлшеулі ҽмір бойынша қосылды.(12); Оны (Нұхты) шегеленген тақтайлы кемеге
орналастырдық.(13); Қарсы келгендерге жаза түрінде Нұх (ғ.с.) тың кемесі кҿз алдымызда
жүріп бара жатты.(14); Расында оны ғибрат қып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма?»(15)
деген аяттары осы оқиғаға дҽлел. Сол секілді Һуд сүресінің 40 аятында бұл туралы:
«Ақыр ҽміріміз келген заманда, тандырдан су қайнады. Нұх (ғ.с.)қа: «Ол кемеге ҽр нҽрседен
бір жұп жҽне бұрын үкім етілгеннен басқа семьяңды орналастыр. Ҽрі иман келтіргендерді де
ал» дедік. Негізінде онымен бірге иман келтірген ҿте аз ғана еді» делінген.
Пайғамбар ҿміріне қатысты оқиғаны Құран сүрелеріне сүйене отырып толғаған ақын-
шайырлар да жыр сүйер жамағатқа терең ой тастап, сабақ алуға шақырады:
Нұхының наласымен жердің жүзін
Қаптап ед топан суы дұға айбаттан [5, 53].
Шораяқтың Омары
Мҽшүріп Мағрұппен толған адам –
Кҿп қауымы Нұх пайғамбардың қайда кетті? [6, 67]
Қарасақал Ерімбет
174
Заманында Нұхының
Топан судың тасқанын,
Тау мен тастан асқанын... [7, 278]
Түмен Балтабасұлы
Жоғарыдағы мысалдарда Түмен ақын мен Шораяқтың Омары
Һуд жҽне
Қамар
сүресіндегі оқиғаларды сол қалпында жеткізуді мақсат етсе, Ерімбет шайыр пайғамбар
уағызына құлақ аспаған пенделердің қияметтегі мекені тозақ екенін тҽпсір етеді. Ал Нұх
(ғ.с.) кемесіне мініп аман қалған аз ғана қауым тіршіліктің қайта түлеуіне негіз
болғанын Наурызбек жырау:
Хазіреті Нұхының
Уақытында топан су басып
Қырық жылға дейін болмады
Қара жердің құрғағы.
Бұзылғасын діндері
Сол күндегі пендені
Ҽмірімен Алланың
Су жіберіп қырғаны.
Ақыл да беріп Нұхыға
Сексен мың түрлі мақұлық
Кемеменен дарияға
Содан да қалған тұқым дейді
Осы күнгі тұрған жаһанды
Сапырған мұхит, кҿк теңіз
Сол топанның сарқыны.
Солардың аққан толқыны
Кемеге мінген болмаса
Жоқ қылған дейді жалпыны.
Кемені сонда шығарған
Содан да бері бұл кеме
Кереметпенен келеді
Су бетінде қалқып-ай
Түсінсең сҿздің парқын-ай [8], – деп жырға қосқан.
Қазақ халқының аңыз-мифтерінде Нұх (ғ.с.) кемесі Қазығұрт тауына тіреледі. Оған
қатысты «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол ҽулие болмаса неге қалған» деп
басталатын аңыз ҿлең де сақталғаны белгілі. Адамзат баласы Нұхтың балаларынан
тарапты-мыс деген аңыздар кҿптеген халықтарда кездеседі.
Алланы шын жүрегімен сүйіп, Оған бар ықыласымен берілу нағыз мүмін үшін – ең
бірінші парыз. Иманы кҽміл адам Алланың берген несібесіне қанағат етіп, байлықты да,
кедейшілікті де Жарататушының сынағы деп қабылдайды. Осы ретте ақын-шайырлар да
ҿз толғауларында тҿзімділік пен сабырлылықтың ҿлшемі ретінде Құрандағы Аюб (ғ.с.)
пайғамбардың ҿмірін мысалға ала отырып ҿрнектегенін аңғарамыз. Алланың ауыр
сынағына тҿзе отырып, сабырлылықтың ерен үлгісін кҿрсеткен пайғамбар ҿмірін
жырлаған ақын-жыраулар тыңдарманға терең ой салуды мақсат еткені анық. Себебі,
сабырлылық – Алланың сүйген құлдарының қатарынан болсам деп тілеген мұсылман
баласы үшін ең ардақты қасиет. Құранда жиі тоқталған ең ұлық қасиет туралы Бақара
сүресінде «Ҽй, мүміндер! Сабыр мен намазбен (Алладан) жҽрдем тілеңдер, күдіксіз Алла
(Т.) сабыр етушілермен бірге» (153 аят)
деп тарқатылады.
Құран Кҽрімнің Ҽнбия сүресінде пайғамбардың ауыр кеселге душар болғаны
баяндалады: «Аюб (ғ.с.) те Раббына: «Маған бір пҽле келді. Сен мҽрхамат етушілердің
абзалысың» деп жалбарынды» (83 аят)
.
Пайғамбардың денесін құрт жеп, орнынан тұра
алмайтын халге жетті. Кҿзі кҿр болып, қамкҿңіл кҿңіліне тағы бір ауыртпалық салды. Бірақ
ол барлық қиындыққа шыдап, Раббысынан күдерін үзбеді. Оны жұқпалы ауру деп ойлаған
175
адамдар енді олармен араласпайтын да болды. Тҿменде беріліп отырған жыр жолдарында
жоғарыдағы аятта баяндалған пайғамбардың ауыр кеселге душар болу оқиғасы жырланған:
Аюбтың кҿзі кҿр болды
Күйініп ашу дертіне [9, 84].
Базар Оңдасұлы
Құдайдың, ойлап тұрсам құдіреті кҿп,
Аюбтың тҽнін құртқа қорек етті [6, 67].
Қарасақал Ерімбет
Қырық жылдай құрт жеді
Денесін Аюб пайғамбар.
Қыңқ деместен сонда да
Мойынсұнды Аллаға.
Қабағын бір де шытпады.
Ісіп-кеуіп жылаумен
Пенденің бар ма ұтқаны?
Шүкірлік етті пайғамбар
Сол жатқанның ҿзіне.
Алла салып назарын,
Саулығын қайта нықтады [7, 359].
Түмен Балтабасұлы
Алланың сүйген құлы Аюб (ғ.с.) пайғамбардың сынақ кезіндегі салиқалы қалпынан
танбаған сҽтін ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин да тҽлім алушыларға тҽрбие
негізінде тарқатқан :
Аюбты сегіз жылдай мың құрт жеді,
Болыпты бҿлек-бҿлек соның тҽні...
Мал-жаннан, ру, туған бҽрі безіп,
Далада жалғыз жатып «Алла» деді.
Малды алды, баланы алды, сабыр етті,
Дұшпандар мысқыл атып жҽбір етті.
Разымын не берсең де Құдайым деп,
Бҽрін де қабақ шытпай қабыл етті.
Қорлама кем адамды, болсаң дана,
Кҽріпті Құдай сүйсе не еді шара? [10, 15]
Берілген мысалдарда Аюб пайғамбарды қанша жыл ауру меңдегені туралы Ыбырай
Алтынсарин сегіз жыл десе, Түмен ақын қырық жыл деп түйіндейді. Ҽрине, бұл туралы
нақты мҽліметтер болмаған соң, ақындық қиялға ерік берілгені сҿзсіз. Сҿз зергерлері бұл
ретте пайғамбар ҿмірін ҿз оқушысы мен тыңдарман қауымға үлгі етуді басты мақсат еткен.
«Пайғамбарлар қиссасы» атты еңбекте Алланың ауыр сынағына ерекше шыдамдылықтың,
Оған шынайы махаббаттың үлгісін кҿрсеткен Аюб (ғ.с.) жҿнінде: «...Ол ҿз ауруынан
ешкімге, тіпті ҽйеліне де шағымданбайтын. Бір күні ҽйелі оған: «Егер Раббыңа дұға қылсаң,
сені бұдан құтқарар еді», – дейді. Аюб Аллаға шипа сұрап дұға қылмайтын, Оның тағдырына
разы еді. Сонда ол: «Біз қанша жыл молшылықта ҿмір сүрдік?» деп сұрады. Ҽйелі: «Жетпіс
жыл», - деп жауап берді. Сонда ол: «Мен молшылықта ҿмір сүргенімдей сынақ мерзімі
ҿтпейінше Аллаға шипа сұрап дұға қылуға ұяламын»,- деді. Сонда ҽйелі үмітсіздікке
салынып: «Бұл сынақ қашанға дейін созылады?» [11, 140] деп қалды. Аюб ашуланып, осыдан
жазылса оған жүз дүре соғуға Алламен ант ішеді» деген дерек беріледі.
Аюб (ғ.с.) пайғамбар барлық ауыртпашылыққа тҿзіп қана қоймай, ешқашан
Раббысынан үмітін үзген жоқ. Ислам дінінің ең басты құндылығы, имандылық бастауы
болып есептелетін сабырлылық қасиеті пайғамбар бойынан қай кезде де табылып жататын.
Тұнық ойдың қазынасын Құраннан қозғаған Тұрмағамбет шайыр пайғамбардан үлгі
болған осы асыл қасиет туралы:
Не ҿнер мүсибатқат мұңайғаннан?
176
Шүкір етер, шытпас қабақ мұны ойлаған.
Сабыр етіп Саттар Хақтың бҽлесіне,
Артықша Аюб нҽби шырайланған [4, 85],–
десе, ҽр сҿздің асылын саралап, шырайын кіргізген Шораяқтың Омары:
Бҽлеге Аюб нҽби сабыр ойлап,
Бҽдҽны саһатланды жарақаттан [5, 53],–
деп ҿрнектейді. Ал, ХІХ ғасырда дүйім жұртты аузына қаратқан Дулат Бабатайұлы
пайғамбардың қиналған кезінде жанына сүйеу болған жарын да:
Тілеуі дұрыс пенде жоқ
Аюб пенен Сақыптай [11, 140],– деп жырға қосады.
Ауруы асқынып, ҽл-дҽрменнен айырылған сҽтте де Аюб (ғ.с.) Алланың жіберген
ауыртпалығына налымады. «– Е, раббым, – деді ол, – жаныма қатты зақым жетті, ең
рақымды шапағатшым. Сол тұста оның иман-итыхаты ең шырқау шегіне жеткен еді. Ол
ҽзҽзілдің уҽсуҽсҽсін тойтарды... Алла Тағала оның мінҽжатын қабыл алды, оның аризасына
құлақ асты. Алдыңа қарай жүгір, – деген уҽһи келтірді Алла оған, – алдыңнан шапшыма
бұлақ кездеседі, оның суынан ішіп, жуын. Сонда ада-күде жазыласың. Күш-қайратың баяғы
қалпына келеді. Аюб солай істеп, құлан-таза сауығып шыға келді» [12, 220]. Пайғамбардың
Алла рақымшылығымен ауруынан айығуы Сад сүресінің аяттарында: «Оған: Аяғыңмен
жерді теп. Міне саған шомылатын ҽрі ішетін суық су» (дедік) (42)
деп жазылған. Осылайша
Аюб (ғ.с.) Алла құдіретімен жанына шипа тауып, балалы болып, мұратына жетеді.
Ақын-жыраулар Алла елшілері болған пайғамбарлар ҿмірінің мҽн-мағынасына
тереңдей дендеп, олардың сауапты амалдарын, ғибратты істерін үлгі етуді басты парыз етті.
Бұл ретте сҿз зергерлері кҿркемдеу тҽсілдеріне кҿп бой алдырмай Алла Тағаладан келген
нақты аяттарды тҽпсірлегені ақиқат.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1
Бес ғасыр жырлайды. 1 том. – Алматы: Жазушы, 1989. – 384 б.
2
Ҽлемдік философиялық мұра. 5 том. – Алматы: Жазушы, 2005. – 558 б.
3
Ҽлемдік мҽдениеттану ой-санасы. 3 том. – Алматы, Жазушы, 2005. – 504 б.
4
Ізтілеуұлы Т. Шығармалары. – Алматы: Дешті Қыпшақ, 2007. – 588 б.
5
Шораяқов О. Сҿйле, тілім, жошылып. – Алматы: Рауан, 1995. – 301 б.
6
Қарасақал Е. Ұлағат сҿзім ұрпаққа. – Астана: Фолиант, 2009. – 408 б.
7
Кҿне күннің жыр күмбезі. – Алматы: Жазушы, 2007. – 496 б.
8
Наурызбек жырау. Келдіңдер бүгін топталып. Үнтаспа. – Алматы: Дастан, 2010.
9
Базар жырау. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1986. – 200 б.
10
Жеті ғасыр жырлайды. ІІ том. – Алматы: Жазушы, 2004. – 400 б.
11
Құран хикаялары. – Алматы: Жалын, 1992. – 220 б.
12
Бабатайұлы Д. Шығармалары мен тағылымы. – Алматы: Раритет, 2003. – 288 б.
В статье исследуются исторические корни сказаний о Ное и Иове в лирических толгау
акынов и жырау. Мастера словесного искусства, взяв за образец праведную жизнь
пророков, возводят гуманизм и духовность как долг земной души перед Творцом.
The article examines the historical roots of says of Iova and Noya in lyrical tolgau ofakyns
and zhyrau. Masters of verbal art, modeled on a righteous life of Prophets erect humanism and
spirituality as a duty of the Earth's soul before the God.
177
ҼОЖ 0-01-1
Т.О. Есембеков
1
, Ж.Т. Қадыров
2
, Ҽ.Қ. Шапауов
3
, Ж.С. Таласпаева
4
Ҽль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
1
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
2,4
Ш. Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті
3
Алматы, Петропавл, Кҿкшетау, Қазақстан
КӚРКЕМ МӘТІННІҢ КОМПОЗИЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУ АМАЛДАРЫ
Бұл мақалада кӛркем мәтіндегі уақыт пен кеңістік жүйесінің ортақ, әмбебап
қасиеттері бар екендігі, сонымен қатар ол жүйе құрылым автордың дүниетанымына,
әдеби жанр түріне қатысты жеке сипаттары жайлы сӛз болады.
Түйін сӛздер: мәтін, шығарма жүйесі, стиль, шығарма дүниетанымы, композиция
Кҿркем шығарманың жазылу тарихына қатысты материалдар мен негіздер
анықталғаннан кейін олардың кҿркем мҽтіндегі түзілімін, құрылуын, ұйымдастырылуын,
орналастырылуын қарастыруға, яғни композициялық бітім, композициялық құрылым,
архитектоника, сұлба, монтаж, конструкция, жүйе, структура, рҽсім сияқты ұғымдарға
сүйене отырып, олардың мҽтіндегі нақты бейнелену түрлерін саралауға кірісуге болады.
«Композиция» да «образ» ұғымы сияқты барлық ҿнер түрлеріне тиесілі категория. Ҽр
ҿнер үшін композицияның ең кішкене құрамдас бҿлігі бар, ол - музыкада - такт,
архитектурада - тік жҽне кҿлбеу сызықтар, ал суретте бояу мен түс деп анықталған екен. Ал
ҽдеби шығармалардағы ҽмбебап ең кіші құрылымдық бҿлшекті табу қиынның қиыны. Егер
ҽңгіме туындының оқиға құрылымы жайында болса, ең кіші бірлік қимыл сҽті деп
белгіленеді. Ал назар образдарға ауса, онда микро жҽне макрообраздар /образ - сезімдер,
образ - персонаж, пейзаж, портрет/ жҿнінде сҿз қозғау керек. Поэзия, драматургияның ең
кішкене құрылымдық бірліктері ҿзінше бҿлек.
Жеке шығарманың сыртқы құрылымына кҿз салсақ, оның түрлі құрамдас бҿліктерден
тұратынын (бҿлім, тарау, кітап) байқау қиын емес. Ал, композицияның ішкі элементтерін сҿз
еткенде ойға оралатын алғашқы пікірлер негізінен характерге байланысты болмақ. Оның
адами, тұлғалык, т.б. табиғатын таныту үшін авторға кейіпкерінің мінез-кұлқының ҽр түрлі
қасиеттерін кҿрсету қажет болады. Жазушы оның сырт бейнесін, түр-түсін /портрет/
сезімдерін эмоция, экспрессия/, сҿйлеуін /монолог, диалог, полилог, ішкі ойын, ол қатысқан
оқиғаларды /эпизодтар/, табиғат суреттерін /пейзаж/, іс-қимылдарын кҿрсете отырып,
ортамен, оның ҽлеуметтік басқа персонаждармен қарым-қатьнасын айқындайды. Зер сала
қарағанда, аса күрделі құрылым арқылы автор образға байланысы бар күрмеуі қиын ҿмір
құбылыстарын барынша толық қамтуға тырысатынын байқауға болады.
Композицияны - бейнелеу құралдарының мҽтіндегі орналасу тҽртібі деп қана
түсінетіндер де бар, олар бейнелеу құралдарының құрамы, қызметіне қарап шығарманың
жанрын айқындауға күш салады, бұл кейде сҽтті де шығуы мүмкін.
Жалпы композиция ұғымы ҽдебиеттануда ҽр түрлі мағынада қолданылады дегенмен,
оның кҿп мойындаған анықтамалары бар. Оларды энциклопедия, ҽдеби терминдер
сҿздігінен, глоссарийлерден іздеп тауып, мұқият танысып, ҽр студент ҿзіне мағынасы
түсінікті анықтамаға сүйенгені жҿн, бірақ басқа кҿзқарастарды да біліп отыруы керек.
Шығарма композициясының тұтастығы сюжетке, образдардың орналасу қатарына,
баяндау, суреттеу, хабарлау, ҽңгімелеу сияқты формалардың табиғи ауысуына, орналасу
ретіне тҽуелді деген пікірдің орынды жақтары кҿп, ойлана қарайтын тұстары да баршылық.
Ҽдебиеттануда аяқталған туындының бір кезеңде тұйықталған композициясымен қатар
бітпей қалған нұсқасын («Ақбілек») немесе схема-жоспарын да зерттейді, ол шығарманың
сұлбасын, жұмыстың ҽрбір варианттарын арнайы қарастыруға байланысты болады.
178
Сюжет құрылымы, ҽрбір образ, сурет, сҽт, эпизод, деталь, портрет, пейзаж, ретордация,
лирикалық шегініс, монолог пен диалог, жеке сҿз – композиция түзетін бейнелеу құралдары.
Жас зерттеушіге шығарманың композициясын талдауды олардың қайсысынан, неден бастау
керек деген ой келетіні анық. Тиімді ҽрі оңтайлы жолдың бірі - туындының құрылымын
біртіндеп, сатылай отырып талдаудың реті мындай болуы ықтимал:
а) сырткы композиция компоненттерін анықтау
ҽ) сюжет пен фабуланың құрылымын талдау
б) идеялық-тақырыптық жүйенің композициядағы қызметін
в) образдар құрамы мен қатарының жүйесін айқындау
г) уақыт пен кеңістік, мекен шақ композициясын кҿрсету
д) баяндау түрлерінің мҽтіндегі ұйымдастырылуы.
Сыртқы композиция автордың кҿркем мҽтінді мағыналық тұрғыдан ҽдіптеп, реттеп,
жүйелеп орналастырып рҽсімдеуі. Ҽдеби шығарманы бҿліктерге ажырату, олардың
шекарасын белгілеу, пішіндік тұрғыдан жіктеу барысында мҽтінге эмоциялык-экспрессивтік
мҽн, астарлы мағына үстеледі. Автор ҿз кітабының безендірілуіне, яғни графикалық
суреттері мен бояуларына, метографиялық кескіндерге қатысты ҿз ойларын баспагерлерге
білдіріп отырады, яғни кітаптың сырты мен ішінің ортақ мазмұнға сҽйкес болғанын қалайды.
Мұқабадағы автордың аты-жҿнінен бҿлек алғашқы беттерден бастап бірден кҿзге
шалынатын сыртқы композицияның элементтері мыналар:
а) шығарманың атауы;
ҽ) авторлық арнау;
б) эпиграф;
в) алғысҿз, кіріспе;
г) бҿлімдер, тараулардың атаулары;
д) прозалык мҽтінге енгізілген ҿлең, кұжаттар;
е) эпилог, соңғы сҿз.
«Абай» эпопеясының тҿрт кітабы, «Қан мен тердің» үш кітабы, «Кҿшпенділер»
трилогиясының кітаптарының ҽрқайсысының да ҿзіндік жеке сыртқы композициясы бар деп
есептеледі. Лирикалық цикл, жинақтар, топтамалар да осы есепке кіреді. Дерекке жүгінсек,
жазушылар ҿз туындыларының атауына ерекше мҽн беріп, тіпті ұзақ уақыт дҽл атауын таба
алмай қиналатындар да бар екен. М. Ҽуезовтің «Абайы» - «Абай жолы», С. Мұқановтың
«Адасқандар» деген алғашқы аталуының кейін «Мҿлдір махаббат» болып ҿзгеруінің
себептері туралы қызғылықты зерттеулер бар. Демек, шығарманың аталуына автордың
идеясы мен ұстанымынан біршама хабар беретін, туындының жанрын, стилін анықтауға
себі бар, автор мен оқырман арасындағы диалогқа жол бастайтын алғашқы мағлұмат деп
қарау керек. Ҽр жазушының атауға қояр ҿз талабы бар, туындысына ат қоюда ҿзінің
дағдысы мен дүниетанымына сҽйкес белгілі бір шығармашылық пҽлсапа ұстанатын
қаламгерлер бар, сондықган ҽр кезеңдегі шығарма атауларының поэтикасын жүйелеп
арнайы зерттеу де керек сиякты.
Қазақ прозасындағы шығарма атауы сан алуан, бірақ тиянақтап қарағанда оларда
белгілі бір ортақ заңдылықтар, жүйелер байқалады. Прозалық мҽтіннің атауларының жиі
кездесетін түрлерін былайша жіктеп кҿрсетуге болар:
Кейіпкердің аты, жҿні, лақап аты, кҽсібі, шығарманың атауы ретінде алынуы мүмкін,
мұндайда кҿркем мҽтін құрылымы моноцентристік сипатқа ие болады, яғни басты
оқиғалардың дені негізгі кейіпкер арқылы ҿрбіп, дамып отырады. - «Абай», «Ботакҿз»,
«Азамат Азаматыч», «Ұлпан», «Сүйекші», «Дарабоз».
Ұлттық прозада анималистік атаулар жиі кездеседі. «Кербұғы», «Жетім бота»,
«Кҿксерек», «Қараторғай». Мұндай атауларда астарлы мағына, меңзеу, ишара сипаты мол
болады.
Оқиғаның мезгілі мен мекені - «Орманда», «Таудағы шайқас», «Мезгіл жаз еді»,
«Шыбынсыз жаз», «Тал түс еді», «Қыс суреттері», «Дауылдан кейін», «Он бес жыл ҿткен
соң».
179
4. Шығарманың атауында басты тақырып айқындалып, негізгі проблематика
белгіленеді. «Ҽке мен бала», «Қан мен тер», «Мансап пен ұждан», «Тар жол тайғақ кешу»,
«Қасеннің құбылыстары», «Оқыған азамат».
5. Атау - сұрак түрінде кездесіп тұрады. - «Кім кінҽлі?», «Қайдасың, қасқа құлыным?»,
«Кім менің ҽкем?».
6. Туындының тақырыбына, сюжетіне автордың берген бағасы атауға айналады. - «Іш
пыстырар оқиға», «Кҿңілсіз қуаныш», «Қазақи оқиға», «Ҿмірде не болмайды».
7.
Кҿркем мҽтіндегі ерекше мҽні бар сҿз, сҿйлем, мотив шығарма атауына бекітіледі. -
«Ұйкым келмейді», «Күт мені», «Шолпанның күнҽсі», «Күнікейдің жазығы», «Кінҽмшіл
бойжеткен».
8.
Атау ретінде пейзаж немесе портреттік белгі алынуы мүмкін. - «Боран», «Шатқалаң»,
«Бадырақ кҿз», «Асау арна», «Жансебіл», «Галстук».
9. Мҽтін аталуы оның жанрын белгілейді. - «Тергеуші күнделігі», «Аңшының
жазбалары», «Автобиографиялық ҽңгіме», «Ҽзімханның ҽңгімелері».
10. Меңзеу, ишарат, символ мҽніндегі атаулар. «Жаңғырық», «Ҿмір жорығы»,
«Алдаспан», «Ҽурелең», «Қаһар», «Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу».
11. Юмор, сатиралық мҽндегі атаулар. - «Талпақ танау», «Жаман-жҽутік», «Дҿкей
келе жатыр», «Талтаңбайдың тҽртібі».
Атау ретінде белгілі бір оқиға алынады. - «Кҿктебедегі кездесу», «Жекпе-жек», «Соңғы
кҿш», «Күткен күн», «Отырар ойраны».
Басқа мҽтіндерден алынған үзінділер, мақал-мҽтелдер де атау бола алады. - «Махаббат,
қызық мол жылдар», «Созақтан шыққан Гамлет».
Негізгі жҽне қосымша атаулар қатар жүреді. - «Атаукере» (Қауіпті будан).
Кҿркем мҽтіннің жалпы атауымен қатар ішкі бҿліктерінің де атауы болуы мүмкін,
олардың арасындағы қисындық, мағыналык байланыстарға назар аударудың қажеттілігі бар.
«Абай жолы» эпопеясының ҽр бҿлімінің атаулары бар: «Қайтқанда», «Ҿрде», «Ылдида» т.б.
Олар ақын Абайдың жүріп ҿткен ҿмір жолының кезеңдерін сипаттап тұрғанымен қоса
эпопеяның жалпы атауына да тікелей қатысты. Сонымен қатар ҽр жазушының шығармасын
атауда ҿзіне ұнайтын атау типтері болады. Б.Майлин, Д.Исабеков, О.Бҿкеев
шығармаларының аталу себептерін, ҿзгеру сипатын, тарихын арнайы қарастыруға болады,
ҿйткені бұлар кҿркем мҽтіннің жалпы жазылу тарихын анықтауға да тікелей байланысты.
XX ғасырдың басындағы прозалық туындылардың атауларын жинактап, жүйелеп
отырып салыстыра талдаудың ғылыми-ақпараттьң маңызы зор.
Сыртқы композицияның кҿзге түсетін келесі элементі - эпиграф. Кҿне Грек елінде
құлпытастағы, ескерткіштердегі жазуларды эпиграф деп атаған. Эпиграф барынша қысқа ҽрі
нұсқа алынады. Егер шығарманың аталуы -автордың такырыпты белгілеуі болса, онда
эпиграф - автор идеясының астарлы түрде меңзелуі деген пікірге ден қоюға болады. Эпиграф
кітаптан, кез келген басқа мҽтіннен, ойдан шығарылған негізден алынуы мүмкін, сонымен
қатар бұған хаттар, ҽңгіме-сұхбаттар да пайдаланылуда. Бір шығармада бірнеше эпиграф та
кездесе береді, бұл жағдайда олардың логикалык, кҿркемдік байланысына мҽн беру кҿп
нҽрсені айқындайды.
Шығармадағы эпиграфтардың тақырыптық, мағыналық, стильдік ұқсастығы мен
бірлігін аңдаған жҿн, кейде олар бір-бірімен ҽдейі кереғар мҽнде берілуі мүмкін. Эпиграф
пен мҽтіннің аталуының арасындағы осындай күрделі мазмұндық байланыстарға назар
аудару арқылы туындының авторлық идеясына жақындайтын негізгі жолды табуға болады.
Егер эпиграф басқа кҿркем мҽтіннен алынса, екі шығарманы қатар оқып, салыстырған
пайдалы. Мүмкіндік болса, жазушының эпиграфты алуының себебін анықтайтын ҿзінің
немесе замандастарының куҽліктерін іздеп кҿру керек. Мысалы, «Анна Каренина»
романындағы кҿпке мҽлім эпиграфтың сырын Л. Толстойдың ҿзі айтып кеткен,
замандастары, туған-туыстары да сол мазмұндас жазбалар қалдырған.
Қазіргі казақ жазушыларының ішінде эпиграфты жиі қолданғандардың бірі - Оралхан
Бҿкеев. «Қар қызы», «Атаукере» сияқты шығармаларында қаламгер басқа мҽтіндерден,
180
жазбалардан үзінді келтіреді. Аталған шығармалардың композициясында, образдарды
түсінуде, тақырыпты танытуда бұл эпиграфтардың орны ерекше. Бір қарағанда оқуға
ауырлау, тығыз мағыналы мҽтіндер эпиграфтағы ойлармен байланыстыра оқылса, бұл
туындылардағы авторлық концепция айқындала түсіп, кҿркем мҽтін оқырманын тартып
ҽкетеді.
Орнымен алынған эпиграф - шығарманың идеясьн, образдар табиғатын, жазушы стилін
айқындау құралы, ендеше ҽдебиетшінің оған да ерекше мҽн бергені абзал. Автордың
эпиграфты алып тастауы, орын ауыстыруы да оның кҿркемдік шешімінің дамуынан хабар
беретін ақпар. И.Тургенев «Ҽкелер мен балалар» романына эпиграф ретінде мына бір
диалогты бір енгізіп, бір алып тастап отырған:
«Жас жігіт орта жастағы адамға: «Сізде мазмұн бар, бірақ күш жоқ. Орта жастағы
адам: Ал сізде мазмұны жоқ күш бар». /Қазіргі ҽңгімеден/ Осы эпиграфтың романның
идеясын тереңірек түсіндіретін кілт екеңдігін байқаған зерттеушілер кҿп болған.
Туындыдағы авторлық арнаудың тарихын, себебін, мағынасын талдау да қызықты
ойларға жҽне шығарманың проблематикасы мен идеялық ерекшелігін айқындауға жетелеуі
мүмкін. Ҽдебиеттануда И. Чернышевскийдің «Не істеу керек?» романы жан-жақты
зерттелген, кҿптеген ғалымдар оның жазушының ҽйеліне арналғанын шұқшия талдаған.
Ҽйелі бір кезде жазушыға екеуі де сүйіп оқитын Кольцовтың ҿлеңдер жинағын сыйлаған
екен. Автор романда осы жинақтан үзінділер келтіреді, яғни ол осы арқылы сүйікті жарына,
қамқоршы адамына ҿзінің сезімдерін жеткізуге тырысқан, ҽрі ҿз кҿңіл-күйінен хабар беруді
мақсат еткен. Қазақ жазушылары Ғ. Мүсіреповтің, С. Мұқановтың т.б. шығармаларындағы
арнаулар ҽлі күнге дейін ғылыми тұрғыдан сҿз етілмей отыр.
Ҽрине, арнау кейде кҿркемдік мазмұнмен байланысты болмауы да ғажап емес, бірақ
ҽдебиетші арнауды талдау назарынан тыс қалдырмауға міндетті, ол шығарманың жазылу
тарихын нақтылай түсетін ақпарат болуы ҽбден мүмкін.
Сыртқы композицияның келесі екі құрамдас бҿліктері пролог /алғысҿз/ пен эпилог
/соңғысҿз/ прозаға драматургиядан енген деген пікір бар. Алғысҿз роман, повесть, драма
оқиғаларымен үнемі тікелей байланыса бермейді, ол кейде баспаның, кейде баяндаушы
автордың атынан беріледі, онда жалпы оқиғаға, болмаса кейіпкерлер мен шығарманың
жанры, стилі, мақсаты сияқты мҽселелерге сипаттама берілуі мүмкін. С. Сейфуллин «Тар
жол тайғақ кешудің» алғашқы басылымының алғы сҿзінде ҿз туындысының жазылу
мақсатын айта келіп, оны кҿркем шығарма қатарына қоспайды, ҽрі оны роман деп те
айтпаған. Аталмыш туындының жанрлық ерекшеліктерін зерттегенде осы пікірге ерекше
назар аударған жҿн.
Ҿ. Қанахиннің «Қарт сарбаз хикаясы» атты романының 1983 жылы баспадан шыққан
20000 данасы замана қайшысымен туралып кеткен. Аман қалған жалғыз данасы автор
дүниеден озған соң 1994 жылы «Жұлдыз» журналының № 1 санында бас редактордың алғы
сҿзімен басылған, онда шығарманың жазылу тарихына қатысты ақпараттар кҿп.
Соңғы сҿз, ҽдетте, романдарда жиі кездеседі, ол кҿбінесе шығармадағы оқиғалардан
уақыт жағынан алшақтатылады.
Эпилогтарды мазмұны мен құрылымы тұрғысынан ашық жҽне жабық деп ажырату
қабылданған. Жабық эпилогта шығармадағы оқиғаның толық аяқталуы, образдың жеріне
жеткізе суреттелуі, оқиғалардың тұйықталуы заңды. Эпилог кейде күтпеген шешім ұсынуы
да мүмкін. Мысалы, С.Кҿбеевтің «Қалың мал» романының эпилогы шығармадағы қым-қуыт
тартыстардьң күтпеген шешімі ретінде түсіндіріліп жүр. Қожаш пен Ғайшаның шығарма
соңындағы бақытты идиллиялық тұрмысын бейнелейтін кҿріністер жазушының негізгі
идеясын басқаша бағалауға жетелейді. Эпилогта кҿбінесе оқиға барысы тез ҿзгереді, басты
желілер ғана ҽңгімеге арқау болады.
Ашық сипаттағы эпилогтар оқиғаньң толық дамуын беріп қана қоймай, оның жаңа
сапаға ауысуын, ҽрі қарай жалғасуын да кҿрсетіп, оқырман назарын оқиғаны басқа
қырларына аударуға бағытталады. Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы эпилог
осындай.
181
Автор ҿз шығармасының соңғы тұстарындағы эпилогтың қызметін атқаратын бҿліктің
атын атап, түсін түстеп бҿліп кҿрсетпеуі жиі кездеседі. Мұндайда соңғы тарауға барынша
байыпты талдау жасау қажет. «Он бес жыл ҿткен соң» шығармасында автордың эпилог пен
негізгі оқиғаның орын алмастырулары сияқты шешімдері зерттеуші үшін қызықты
сұрақтардың бірі болуы керек.
Шығарманың жалпы мҽтіні тарау, бҿлім, кітап, том сияқты автор белгілеген
бҿліктерден де тұратыны бар. Тараулар бірігіп бҿлім құрайды. Кітап бҿлімдерден тұрса, том
құрамына бірнеше кітап кіруі де кездеседі. Талдау барысында қаламгердің саналы түрде атап
кҿрсеткен сыртқы композиция белгілерін, яғни оның кҿркем мҽтінді тарауға, бҿлімге
бҿлудегі ұстанған мақсатын, олардың оқиға ҿрбітудегі рҿлін анықтау - шығарма
композициясын зерттеудің басты шарттарының бірі.
Прозалық мҽтіннің сыртқы құрылымының ең кішкене бҿлігі абзац болып саналады,
оны кейде «прозалық шумак» деп атау да кездеседі. Бұлай деуге негіз де жоқ емес: ҽр
абзацтың кҿлемін автор белгілейді, абзац та шумақ сияқты аяқталған ойды білдіретін
синтаксистік, ырғақтык, мазмұндык тұтас құрылым. Зерттеушілер кҿбінесе шығарманың
бастапқы жҽне соңғы бҿліктеріне назар аударады. Ал текстегі абзацтардың мҿлшері,
олардың шеңдестіріле, қапталдастыра орналастырылуы қаламгердің стилі мен оның
прозасының дағдылы ырғағы жҿнінен толымды мағлұмат бере алады. «Абай жолы»
эпопеясының алғашқы кітаптарында бас кейіпкер қысқа сҿйлейді, соңғы кітаптарда ақын
ұзақ-ұзақ ой толғайды, айтары да кҿбейген, ойлары да күрделі. Демек, М. Ҽуезов
кейіпкерінің ҿсуін, дамуын кҿрсетуде абзацты да ҿте ұгымды пайдаланған.
Прозалық жҽне драмалық шығармалардың кұрылымында поэзиялық үзінділер, хаттар,
құжаттар, суреттер сияқты автор бҿліп кҿрсеткен, ҿз алдына мағынасы бар мҽтіндік
фрагменттер жиі кездеседі. Қазақ романдары мен пьесаларындағы бұл құбылыстың тҿркіні
түсінікті, (С.Торайғыровтың «Қамар сүлу» романындағы ҿлеңмен жазылған хаттар
шығармаға ҽрі жинақылық, ҽрі керемет эмоциялық мҽн беріп тұр. «Шұғаның белгісі», мен
«Тар жол тайғақ кешуде» де бұл компонеттер белсенді қызмет атқарады.
Жазушы кҿп жағдайда ҽңгімелер циклын, шығармаларының жинағын ҿзі құрастырады.
Материалдарды орналастыруда автор белгілі бір мақсат ұстанады. Мысалы, О. Бҿкеев «Қар
қызы» повесін 1968 жылы жазған, ал «Сайтан кҿпірі» 80-жылдары жарық кҿрді. Кейін
жазушы екеуін біріктіріп «Біздің жақта қыс ұзақ» деген атпен бастырды, онда «Сайтан
кҿпір» бірінші, «Қар қызы» екінші қойылған. Жазушы осы басылымға «Роман-диптих»
деген анықтама берген. Шығарманың соңындағы авторлық түсініктеме мен ескертулердің
де семантикалық қызметі назардан тыс қалмағаны жҿн. Міне, осы ҿзгерістердің астарына
үңілу талант иесінің творчестволық ізденістерінің дамуын анықтайтын зерттеу жұмысына
ұласқаны орынды. Мҽтіндерді жүйелі қарай отырып олардағы реттілікті, бір мақсатқа
бағытталғандықты байқау қиын емес.
М. Ҽуезовтің «Қыр суреттері» шығармасындағы бҿліктер шеңберлене орналасқан,
осының ортасында қалған, шығар жерін таба алмай жүрген қазақ елінің тағдырын кҿрсетуге
автор ішкі мазмұнмен қатар сыртқы құрылымды да тиімді қолданған.
Зерттеуге таңдап алынған кҿркем мҽтіннің сыртқы құрылымының ерекшеліктерін
ғылыми ой-елегінен ҿткізген соң оның ішкі композициясын, яғни кҿркем мҽтіннің
мазмұнына тікелей байланысты негіздердің ұйымдастырылу заңдылыктарын зерттеуге
кірісуге болады. Кҿркем мазмұн -ҿте күрделі ұғым, кең мағынада алғанда, мазмұн-пішінмен
тығыз бірлікте болатын эстетикалық категория. Тар мағынада алғанда мазмұн ұғымы бір
кҿркем мҽтін тҿңірегінде ҽңгіме етіледі, бірақ ол мҽтіндегі сюжет, образ, тақырып, идея
сияқты түсініктердің қай-қайсысьнан болсын ауқымды, ҿйткені олардың бҽрі бірігіп барып
кҿркем мазмұн құрайды.
Сюжет пен фабула ұғымдарының ара-қатынасы, байланысы жҿнінде ҽдебиеттануда
тұрақты пікір қалыптаспай отыр, оған себеп те кҿп. Бір топ ғалым сюжет терминінің
семантикалық ҿрісін кеңейтіп қолдануды, сондықтан фабуланы ғылыми айналымнан
шығарып тастауды ұсынған болатын. Кейбір зерттеушілер екі терминді де сақтай отырып,
182
бірак ҽркайсысының үғымдық шекарасын нактылап, қолдану аясын аныктауды жактайды.
Қазақ ҽдебиеттанушылары ҿз еңбектерінде сюжетті жиі қолданады, жекелеген еңбектерде екі
терминді синонимдік мағынада қолдану да байқалады.
Аздаған айырмашылықтары ғана болмаса, орнықты ғылыми пікірлердің дені сюжет
терминінің мазмұндық ауқымы, колданылу ҿрісі фабуладан кеңірек дегенге тоқтайды екен.
Тарихи тұрғыдан қарағанда ғылымда фабула (латын) ұғымы сюжеттен (фр) кҿп бұрын
қолданыла бастағаны белгілі.
Фабула туралы бұрын-соңды айтылған пікірлерді жинақтап сараптасақ, олар мынадай
үш түрлі негізгі кҿзқарастың тҿңірегінде топтасқан:
а) фабула -кҿркем мҽтіндегі оқиғалардың ретті қатары;
ҽ) фабула - себеп-салдарлық қисынға тҽуелді негізгі оқиғалардың ретті орналасуы;
б) фабула - динамикалық мотивтердің тізбегі (Томашевский Б.В.) Ғалым кҿркем
мҽтіндегі жағдайды (ситуация) ҿзгерте алатын сарынды динамикалық мотив деп есептейді,
яғни ол - тартысты дамытатын, оқиғаны ілгерілететін, кейіпкерді жаңа қырынан танытатын
белсенді кҿркемдік күш. Прозалық туындыда оқиға барысына елеулі ҿзгеріс енгізе апмайтын
статикалык сарындар (табиғатты кҿрсету, портретті суреттеу, ретордация, лирикалык
шегініс т.б) болады. Б.Томашевский прозалық мҽтінде еркін жҽне
байлаулы мотивтер бар
екенін дҽйектеген болатын. Кҿркем мҽтіннің жалпы мазмұнын баяндап беру кезінде еркін
мотивтерді тастап кеткеннен оқиғаның реті, себебі, уақыты кҿп ҿзгере қоймайды, ал
байлаулы мотивті ұмыту оқиғаның ретті байланысына нұқсан келтіреді, мҽтінді осы
тұрғыдан да талдап, мотивтерді жіктеп қараған артық емес. Соңғы кезде интегративтік жҽне
дисперстік мотивтердің сюжет құрылымындағы белсенді қызметі жиі айтылып жүр.
XX ғасырда сюжет термині тҿңірегіндегі ғылыми ізденістер күрт ҿсіп, сюжетология
ғылымы қалыптаса бастады, ол негізінен мынадай тезистерді зерттеуге ден қойды:
а) сюжет - ең алдымен бейнелеу құралы;
ҽ) сюжет -шығарманың нақты мазмұны;
б) сюжет - мотивтердің кҿркем мҽтіндегі ретті байланыстары;
в) сюжет - оқиғалар мен оларды баяндау мен суреттеудің жүйелі бірлігі;
г) сюжет - оқиғалардың даму барысы.
Прозалық мҽтінді талдау барысында оқушылар оның сюжетіндегі динамикалық
мотивтерге кҿбірек назар аударатыны байқалып жүр. Шығарма қызметі ҿзгермелі,
жылжымалы мағына мен мҽндерден тұратынына ден қойғанда оқиғаның даму ретіне қарай
мотивтердің де қызметі, мазмұны ҿзгеретінін ұмытпау керек. Т. Ахтановтың «Боран»
романында табиғаттың бұл құбылысы статикалық сипатта бейнеленеді, бірте-бірте ол
адамдардың қарым-қатынасына ҽсер ете бастайды. Қоспанның алай-дүлей бораған ішкі
сезімдері, адамдардың тағдырын қарша үйірген оспадар шешімдер мен қарарлар бораны,
айналаға адамша қарауға, ҿзгені кҿруге мүмкіндік бермейтін үндеулер бораны мен
бұйрықтар ызғырығы оқиға дамуына ерекше ҽсер ете бастайды. Боран образы ҽрі
статикалық, ҽрі динамикалык қызмет атқарып, кҿркем мазмұнға айналады, автордың ҿз
романын осылайша атауының бір себебі мазмұнға айналады, автордың ҿз романын
осылайша атауының басқа себептері де бар. Прозалық мҽтінде сюжет құрылымы мен
фабуланың барысы ҽр түрлі бола береді.
Мҽтіндегі сюжет пен фабуланың композициялары бір-біріне сҽйкес келмей калуы да
мүмкін. Детективтік сииаттағы шығармаларда, ҽдетте, біз ең алдымен қылмыстың болғанын
білеміз, одан кейін тергеу жұмыстарының жылжуы арқылы қылмыстың себебі мен
жағдайын бірте-бірте біле береміз. Атақты Ш. Холмс жайындағы ҽңгімелердің кҿбінің
композициясы осылай құрылған. Кейде бір мотив шығарманың аяғына дейін құпияда
ұсталады, оқырманның назарын, ойын аудару үшін жазушылар бұл ҽдісті жиі қолданады.
Осы туындының фабуласын айту үшін алдымен құпияны ашу керек, ал сюжетте оқиға
түзілісі оның соңынан басына қарай жылжытылған.
Сюжет барысы фабуланың дамуымен ыңғайлас та бола алады. «Абай жолы»
эпопеясында оқиғаның даму логикасын бұзу жоққа тҽн. Сюжет пен фабулаға негіз болған
183
ҿмір - ҿз еркімен ағып жатқан судай кҿп ауыстырусыз, оқиға кҿп алмастырылмай, алға-
кейін жиі жылжытылмай негізінен ҿз ағынымен берілген.
Ҽңгіме, повестерде жиі кездесіп жүрген тағы бір ҽдіс - мҽтінде алдымен оқиғаны
баяндаушы таныстырылады, қалған уақытта ҽңгімеші ҿз қалауынша ҿткен-кеткенді еске
түсіріп отырып, тұтас оқиға құруға тырысады, автор оған бірде кҿмекші, бірде ақылшы
болып отырады.
Бірнеше сюжеттік желісі бар романдарда оқиғалардың уақыт жағынан бірізділігін
сақтау автор үшін оңай емес. Жазушы олардың біреуін үзіп қойып, екіншісін баяндап
болғасын оған қайта ауысады, сҿйтіп мҽтіндегі оқиға жалғасып кете береді. Кейде
ықшамдылық үшін автор оқиғаларды суреттемей, олардың қысқаша мазмұнын ғана айтып
кетеді. Фабулалық уақыт қысқарып, шығарманың кҿлемі азаяды, оқырман назарын ең басты,
шешуге сҽттерге бағыттауға мүмкіндік туады.
Сюжет
композициясы
дегеніміз
-
оны
құрайтын
негіздердің
мҽтіндегі
ұйымдастырылуы, орналастырылуы. Антитеза мен шендестіруді, баяндау ырғағын, суреттеу
сипатын күрт ауыстырып отыру, оқиғалардың хронологиясын ҿз қалауынша ҿзгерту арқылы
жазушы шығарманың мағынасын тереңдетеді. Оқулықтарда композиция құрайтын
элементтер қатарына суреттеу, ҽуезе, ҽңгімелеу, баяндау, ҽңгімешінің интригасы, қыстырма
эпизодтар, микро жҽне макросюжеттер, негізгі жҽне қосымша сюжеттік желілер, лейтмотив,
кҿркемдік дҽлелдеу мен нақтылауға байланысты компоненттер т.б. жатқызылған. Кейде
автор мҽтінінің бір бетінде бір мезгілде ҽр жерде ҿтіп жатқан оқиғаларды баяндауға мҽжбүр
болады, мұндайда оқиғаларды монтаждау ҽдісі қолданылады. Сюжетке тығыз байланысты
тартыс, интрига, перипетия, коллизия, қимыл, ҽрекет сияқты ұғымдар оқиғаның дамуына
тікелей ҽсер етеді. Студент бұл терминдерді жеке-жеке де, белгілі бір байланыста да
қарастыру арқылы мҽтіндегі сюжеттің даму ҿрісін нақты кҿрсете алады.
Сюжеттің Аристотель белгілеген бес элементі - экспозиция, оқиғаның байланысы,
дамуы, шарықтау шегі, шешімі ғасырлар бойы ғылыми зерттеулерге негіз болып келді.
Олардың ішінен Гегель триадасын, «Фрейтаг схемасын» т.б. бҿліп атауға болады. Қазіргі
кезде сюжет элементтерінің катары молықты. Оған қоса сюжеттердің бей-берекет араласуы
(контоминация), ұзаруы, қысқаруы, қосарлануы, трансформациялануы, күрделенуі, қирауы
оның элементтерін нақты зерттеуге жол сілтейді. Сюжет тек мҽтін ішіндегі құбылыстарды
ғана сипаттамайды, бір жазушының негізгі шығармалары бірігіп бір ортақ сюжет кұрауы
мүмкін (Достоевскийдің бес романы сияқты).
Сюжеті күрделі кҿркем мҽтінде байланыс, кульминация, шешілу бірнешеу болуы
мүмкін, бірақ айналып келгенде бҽрі қосылып ортақ сюжет құрайды. Ш. Айтматовтың
«Боранды бекет» романында космонавтарға, Найман анаға, Едігей ҿміріне қатысты сюжеттік
желілерді жеке-жеке де, тұтастырып та қарастыруға болады.
Сюжеттің шешілуіне финал, эпилог, соңы деген ұғымдар мағыналық тұрғыдан жақын.
Финал – кҿркем мҽтіннің аякталар сҽті, ал соңы - мҽтіндегі соңғы абзац, сҿйлем не сҿз.
Бұлар жҿніндегі толық мҽлімет беретін зерттеу ретінде «Сюжет жҽне кҿркем жүйе»
(Даугавпилс. 1983) деген жинақтар шоғырын қарау керек. Осы элементтердің ҽрқайсысының
кҿркемдік қызметін арнайы зерттеу обьектісі етіп алуга болады.
Уакыт пен кеңістік категориялары - ҽдеби туындыдағы автор, образ, сюжет, стильмен
тығыз байланысты. «Авторлық кеңістік», «сюжеттік уақыт», «уакытқа тҽн стиль», «образ
ҿмірі мен ортасы» сияқты тіркестер ҽдебиеттануда жиі қолданылатынының себептері
жетерлік. Соңғы кезде «авторлық уақыт», «шығармашылық кеңістік» деген ұғымдар жан-
жақты зерттеле бастады. Кҿркем темпорологая деген арнаулы пҽн де ҿзінің зерттеу ауқымын
кеңейте түсуде.
Адамзат тіршілігі, ҽлем қозғалысы, адам ҿмірі екі тұрақты координат – уақыт пен
кеңістік аясында, арасында ҿтіп жатады. Кҿп жылдар бойы уакыт – негізінен тарихи жҽне
биографиялық мағынада, ал кеңістік географиялық, топонимикалық тұрғьща қабылданып
келді. Уақыт пен кеңістікті түйсіну, түсіну қабылдау жҿнінде де ҽр ілімнің ҿз бағыты бар.
Психология, дінтану, пҽлсапа мен физика, геология, биология аталмыш категорияларды ҿз
184
мақсат-мүддесіне сҽйкес зерттеуде. Ҿнертану уақыт пен кеңістікті бейнелеудегі амал-
тҽсілдерді ҿзінше қарастырады.
Ҽдебиетшілерге лингвистикадағы уақыттың грамматикалық жҽне кҿркем болып
жіктелуіне қатысты пікірлер мен таластарға зер салған тиімді.
Ҽдебиеттану мен аударматануда уақыт пен кеңістік түйсікпен сезілген, санамен
ҿрілген, автор қиялымен, интуициясымен, білім-білігімен құрастырылкан, баяндалған,
суреттелген, жүйеленген кҿркемдік негіздер деп қабылданғаны кҿп болды. Бұкар жырау,
Махамбет, Абай шығармалары аркылы олар ҿмір сүрген уақыт пен орта туралы біраз ақпарат
алуға болады, сонымен қатар озі ҿмір сүрген уақыт пен орта жайлы олардың бағамы мен
түсінігін тануға мүмкіндік бар, яғни осы орайда жалпы уақыт, шетеулі ҿмір, интимдік түйеік
жайында да мҽлімет іздеп табудың талай жолы, амал-тҽсілі табылады. «Қозы кҿш жер», «бие
сауым уақыт» - ұлттық-мҽдени ұғымдар болумен қатар нақты ҿлшем жҽне кҿркем образ
деңгейіндегі реалийлер, бұларды ұлттық мекеншақ түрлері деп қарастырудың қисыны бар.
Жеке зерттеуге болатын кҿркем мҽтіндегі кеңістіктің мынадай түрлері мен сипаттарын
бҿліп кҿрсетуге болады:
а) жоғары, орта жҽне тҿмен ҽлемдерден тұратын вертикаль кеңістіктер
ҽ) дүниенің тҿрт бұрышына (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс), оңы мен солына, алды
мен артына катысты бағыттар, олардың шекараларын қамтитын нақты, шартты бейнелер.
Мысалы «Алдың – жалын, артың – мұз» (Абай) деген жолда неше кеңістік бар екені жҿнінде
кезінде талас туған болатын. Кҿркем мҽтінде бұлардың бҽрін горизонгальдық кеңістіктер
деп атау қалыптасқан;
б) геометриялық фигуралар пішіндес кеңістіктерден ҽдеби мҽтінде жиі кездесетіндері –
шеңбер, үшбұрыш, квадрат, шар, т.б.; оларды қолданудың астарлы, шартты мҽндері кҿп.
в) алыс жҽне жақын кеңістіктер. Кҿркем шығармада алыстың – жақын, жақынның
алыстап
кетуі
сияқты
қүбылыстар
автор
мен
кҿркем
образдың
заттар
мен құбылыстарға кҿзқарасына, екі ұғымның мҽтіндегі қарым-қатынасына байланысты;
г) шексіз немесе тұйықталған кеңістіктер;
д) динамикалық (жол, ҿзен), статикалық (тау, кҿл, мола) кеңістіктер;
е) фантастикалық, кҿзге кҿрінбейтін (рухани ҽлем, сезім кеңістігі), виртуалдық
жҽне т.б. кеңістіктер (Ш.Айтматов «Боранды бекет», О.Бҿкеев «Сайтан кҿпір»);
д) онейрикалық кеңістіктер (адамның түс кҿруі, қиял элемі, жаннъщ ҽр түрлі күйге
енуі).
Кҿркем мҽтіндегі кеңістіктер жүйесін талдаудың мынадай оңтайлы жолын ұсынуға
болады:
1) кеңістіктер түрін, олардың арасындағы бинарлык, оппозициялық байланыстарды
(жоғары-тҿмен, шығыс-батыс, қала мен дала, ҿлілер мен тірілер) анықтау;
2) кҿркем кеңістіктердің мҽтіндегі орналасу ретін, қозғалыстарын;
3) ҽр образға тҽн кеңістік ҽлемін айқындау, ҽр кеңістікке сипаттама беру;
4) ұлттық-мҽдени кеңістіктерге сай белгілерді жіктеу;
5) «пейзаждық ойлаудың» мҽтіндегі кҿріністерін зерделеу, тұрғылықты мекеннің іші
мен сыртына («Қорғансыздың күніндегі» үйдің іші мен маңайы) назар салу.
Кҿркем уақытты зерттеудің бірнеше бағыттары бар. Біреуі – автордың кҿркем мҽтінді
жазу уақыты, яғни шығармашылық тарихы, биографиялық кезең. Екіншісі – кҿркем мҽтіннің
оқырман санасына ҽсер ететін ішкі уақыт.
Уақыттың қыр-сырын ашық (ҿзі ҿмір сүрген уақыт) жҽне жабық (қиялдан туған уақыт
кҿрінісі) сипаты арқылы бейнелеудегі авторлық ізденісті де жеке қарастыруға болады.
Прозалық мҽтіндерде жиі кездесетін кҿркем уақыт түрлерін қысқаша былай санамалап
кҿрсетуге болады:
а) тарихи, реалды, уақыттар, олар ҿткен, осы, келер шақ түрінде кҿрінеді.
ҽ) қоғамдық-ҽлеуметтік уақыт, олардың қалыптасу, ҿзгеру, ауысу барысы;
б) мифологиялық-фольклорлық уақыт;
в) фантастикалык, онейрикалык уақыттар;
185
г) сюжеттік-фабулалық уақыт, персонаждық уақыт;
д) жанрлық уақыт (романдық, эпостық);
е) уақытсыздық.
Сюжеттік уақыт дегеніміз – автордың сюжет барысында бейнеленген, суреттеген
уақыттарының белгілі бір ретпен орналастырылуы болса, фабулалық уақыт – белгілі бір
уақыт аралығында ҿткен оқығаларды қамтиды. Жазушы мҽтінде уақыт ағымын ҿзгертіп,
ауыстырып, кейде ҽдейі бұзып отырады. Ол үшін ретроспекция (лирикалық, пецзаждық,
оқиғалық шегіністер) ен ретордация ( уақытты баяулату, созу) қолданады,
Ретродация авторға сюжеттік уақыт ағымының ырғағын ҿзгерту үшін керек. Табиғат
пен айналаны тамсана суреттеу, кейіпкер ойы мен қиялының шартараптарын кезіп ҿту,
кеңістікті шолу сюжеттік уақытты соза тұру үшін де пайдаланады. Жазушының оны не
себепті істегеніне ой жүгіртіп отырған адамның кҿп нҽрсеге кҿзі жетеді. «Абай жолы»
эпопеясында фабулалық уақыт негізінен ҿте ұщқыр, бір- екі бетте талай оқығалар суреттеліп,
оған авторлық баға беріліп отырады. Бірақ, М. Ҽуезов кез келген сҽтте уақытты созуға да
шебер. Мысалы, Біржан салдың Абай ауылына келгенде күндеріне эпопеяның бірнеше беті
берілген, ұлы ҽнші мен ұлы ақынның кездесуінің ҽрбір сҽті жазушы үшін аса қымбат,
сондықтан романда Абай аулы ғана емес, бүкіл табиғат, тіпті уақыттың ҿзі де Біржан ҽндерін
тоқтап тыңдап тұрғандай болады. Сюжеттік уақытты баяулата отырып сюжетті дамытудың
ҽдемі мысалы осы шығар.
Хат, құжат, ҿлең үзіндісі сияқты қыстырма конструкциялар да фабулалық уақыттың
қозғалысына тікелей қатысты, олардың кҿркемдік фуекциясын арнайы қарастырған
зерттеулер бар.
Кҿркем мҽтіндегі оқығаның кейбір тұстары сюжеттік уақытта бірнеше рет қайталануы
да мүмкін... Эпопеяда Қодар мен Қамқаның ҿлімі үш мҽрте қайталанады. Автор бұл
трагедияға бола Абайдың жігіт Абайдың, ақын Абайдың кҿқарасын білуді мақсат тұтқан.
Ҽрине, кҿз алдында ҿткен қатыгездіктің шын мҽнін бала Абай толық білген жоқ, ол жігіт
шағында кҿп нҽрсеше кҿзі жетті, ақын Абай Қодар мен Қамқаның мойнындағы тұзақ ҿз
мойнына түскегндей қиналды. Фабулалық уақыттағы бір сҽтті сюжетте бірнеше қайталану
арқылы жазушы абай образының, ақын дүгиетанымының дамуын да кҿрсеткен.
Кҿркем уақыт тек үш ҿлшемнен \ҿткен,осы,келер \ шақтардан тұрмайды, ол реальды
жҽне фантастикалық бола алады. Фантастикалық уақыттың ҿзі кезінде ертгілік, түс кҿру,
елес, армандау деп бҿлініп отыр. Сонымен қатар, кейде кҿркем шығармада автор уақытты
жоқ етіп суреттеуі, болмаса мҽңгілік уақытты бейнелеуі де мүмкін.
Ҽдеби композицияның ҽрқайсысы кҿркемдік кеңістік пен уақытты ҽрқилы
ұйымдастыруға мүдделі. Оқиғалар, образдар автор жасаған ҽдеби кеңістікте ҿмір сүреді.
Олар нақты немесе қиялдан шшығарылған болады. Кҿркем мҽтіндегі нақты кеңістік пен
уақыт шектеулі, автор оқиғаны бір сағатта бір бҿлме ішінде ҿткізуді мақсат етсе, онда ол
сюжет құру мен кейіпкер таңдауға осыған сҽйкес ерекше қарауы керек. Нақты кеңістік
ретінде үй, ауыл, қала, дала, ел таңдап алынады, ал нақьты уақыт есебінде сҽт, күн, ай, жыл,
ғасыр алынуын автор шешеді, оларға мҽн мен маңыз берілітінінн есте сақтаған жҿн
Нақты кеіңістікте үш мҿлшер бар\жоғары, орта, тҿмен\, ал фантастикалық кеңістік бір
ҿлшемнен, не сансыз кҿп мҿлшерден тұрады. Образдың, оқиғаның кеңістікте орын
ауыстыруы дҽлелді болуына тікелей автор жауапты, ол шын дҽлел\ қайта оралу, жұмыцс
бабы, кҿңіл сыры\ жҽне шартты түсінедіруді\ солй боп кҿрінді\ падаланады. Кҿркем
ҽдебиетте кҿркем жҽне фантастикалық кеңістіктер араласып кететіні де жеткілікті. \ Ш.
Айтматовтың «Боранды бекет» романы/.
Кҿркем мҽтіндегі уақыт пен кеңістік жүйесінің ортақ, ҽмбебап қасиеттері бар.
Сонымен қатар ол жүйен құрылымсының автордың дүниетанымына, ҽдеби жанр түріне
қатысты жеке сипаттары да болады. Соңғы кезде «уақыттық- кеңістіктік континуум» деген
ұғым кҿркем мҽтінді интерпретациялау үшін жиі қолданылып отыр. Уақыт пен кеңістік
белгілерінің қабыса, матаса, меңгеріле байланысуын зерттеу үшін «мекеншақ» (хронотон)
ұғымы қолданылады. Мекеншақтың циклдық, түзк сызықты, міңгілік түрлері жҿнінде
186
арнайы зерттеу бар. Кҿркем мҽтінде бұлар араласып жүре береді, бірақ кей шығармада
біреуі басыңқы болып, қалғандары оған бағыныңқы болуы да кездеседі. Календарлық,
биологиялық, ҽлеуметтік, психологиялық хронотоптар прозалық мҽтіндерде авторлық
ұстанымға байланысты белгілі бір жүйе құруыны назар аударып отыру – кҿрҿркем мҽтінді
тереңірек талдауға кҿмектесетініне дау жоқ.
Ҽдебиеттер тізімі
1
Алпысбаев Қ. Кҿркем мҽтінді талдау ҽдістері. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.
– 298 б.
2
Ақшолақов Т. Кҿркем шығарманың эстетикалық табиғаты. – Алматы: Ғылым, 2002.
–192 б.
3
Ахундов М. Концепция пространства и времени. – М.: 1982. – 265 с.
4
Ананьева С.В. Время – пространство – автор. – Алматы, 2003. – 213 б.
5
Атымов М. Идея жҽне композиция. – Алматы, 1970. – 214 б.
6
Ҽбдезұлы Қ. Қазақ прозасы жҽне ұлттық идея. – Алматы, 2005. – 266 б.
7
Ахметов К.К. Ҽдебиеттануға кіріспе. – Қарағанды, 2004. – 198 б.
8
Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. – Алматы, 1975. – 255 б.
9
Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. – М.: 1988. – 235 с.
10
Бодрияр Ж. Система вещей. – М., 1995.
11 Бахтин М. М. Эстеика словесного творчества. - М.: 1986. – 258 с.
12 Бауэр В., Дюмотц И., Головин С. Энциклопедия символов. - М.: 2000. – 267 с.
В данной статье с точки зрения научной стороны раскрываются общие и
универсальные черты системы время и пространство в художественном тексте, а также
анализируется мировозрение автора.
This article describes the the research problem of the composition of the artistic text. In this
article from the point of view of scientific side of раскрываеться general and universal lines of the
system time and space in artistic text, and also analysed мировозрение author.
УДК 822.151.212.2
А.Ф. Зейнулина
С.Торайғыров атындағы ПМУ
Павлодар, Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |