ПЕДАГОГИКА ЖůНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ №1, 2015 макан шөлінен өтіп, Гималай тауларынан
асып, Үндістанға бет алды. Бұлар бірнеше
жылға созылған Алтайдан Үндістан арқылы
Түркияға дейінгі көшті бастаған алғашқы топ-
тықұрады. Олардың ǩуелден бас тіреген жері
– көбіне дүнгендер өмір сүретін Қытайдың
Гансу аймағы болды. Сонымен қатар, 1938
жылы Баркөлдегі қазақтардың да бір бөлі мі
өз жерлерін тастап, көшуге бет алды. Шың
Шисайдың (сол уақыттағы аймақтың билеу-
шісінің аты) тұрақты ǩскерімен соғыса оты-
рып, 1939 жылы Гансу аймағына жетеді.
Осы лайша осы провинцияға өздерінен бұрын
келген қазақтарға қосылған.
1940 жылдың көктемінде Гансудан Үндіс-
танға көшуге шешім қабылдайды. Өздеріне
қарсы шапқан дүнген ǩскерлерімен соғыса
отырып, Тибетке жетеді. Кері қайтаруға
тырысқан Тибет ǩскерімен қақтығысып, Ги-
малай тауларына өтеді. Аштықтан ǩлсіреген
топ биік тауларда қатал климатпен күресе
отырып, Тибет пен Кашмир шекарасына
жетеді. Көшпенді топтардың келе жатқаны
туралы ақпарат алған Кашмир өз ǩскерін
жолдап, олармен де қақтығыс болады. Ақы-
рында Кашмир ǩскерлеріне елші жіберіп,
келіссөздер арқасында Кашмирге кіруге
рұқсат алады. 1941 жылғы 18 тамызда қалған
3039 адам қаруларын тастап, Кашмирдің Ла-
дак аймағына кірген. Кейін Музаффарабад-
та ǩдейі құрылған лагерьде 10 ай тұрады.
ůбден ǩлсіреген жұрт бұл лагерьде ауруларға
шалдығып, қырыла бастайды. 10 айдан кейін
бұлардың 1200-і ғана тірі қалады. Қазақтарды
бастаған топ басшылары жергілікті билік
өкілдеріне қойған табанды талаптары арқа-
сында олар Пенджап провинциясындағы Тер-
нова ауылына орналасады.
Алайда Қытайдың Батысында қалған қазақ-
тар өз жандары мен малдарын қорғауды жал-
ғастырады. 1936 жылы олар құрған «Ұлтты
қорғау ұйымын» ǩуелі Баймолда, ол шейіт
болғаннан кейін ůлібек ůкім (1985 жылы
Түркияның Маниса қаласында дүние салады)
басқарады. Айта кетер жайт, осы тұстарда
Қытайдың Батысында қазақтар, ұйғырлар,
қыр ғыздар, дүнгендер жаппай бас көтерген
уақыт болды.
1943 жылы Алтай аймағындағы қазақтар
Осман Батырдың бастауымен көтеріліске шы-
ғып, айтарлықтай жеңістерге жеткен. Деген-
мен қытай ǩскері қару жǩне сан жағынан басым
болды. 1944 жыл Іле аума ғындағы қазақтар
ůлихан Төренің бастауымен көтеріліске
шығып, Осман Батырға қосылады. Аймақтық
деңгейдегі жеңістер нǩтижесінде 1944 жылғы
15 қарашада үш аймақтан құралған Шығыс
Түркістан Республикасы жарияланады. Бұл
Республика тарқағаннан кейін, зорлық-зом-
былық көрген халықтан 1950 жылы жазда ша-
мамен 15 мың адам Үндістанға көшу үшін бет
алған. Бұл екінші көш болды. Лоп Нор, Та-
кламакан шөлдері, Тибет, Гималай таулары-
нан өтетін 5 мың шақырымдық қиын-қыстау
жолдың Үндістандағы соңына 1951 жылғы
тамызда 350 адам ғана жетеді. Шекарадағы
бір айға созылған келіссөздерден кейін Шри-
нагарда босқындар лагері құрылып, сол жерге
орналастырылады.
Жырақта жапа шеккен халық қиындық-
тардан басын көтере алмай қалады. Бірлесе
отырып мǩселелерді шешу үшін 1951 жылғы
17 қазанда Халифа Алтайдың ұсынысымен
Пешаварда «Шығыс Түркістандық қазақ
босқындарының ассоциациясы» құрылып,
қазақтардың құқықтарын қорғау, өмір сүру
үшін қажетті негізгі шарттарды алу үшін
жұмыстар жүргізіле бастады. Солардың бірі
Лахордағы Түркия Елшісі Небиль Батумен
кездесу болды. Жағдайды түсіндіргеннен
кейін, Н.Бату мǩселеге байланысты Анкара-
мен хабарласатынын білдіреді.
1951 жылғы 21 мамырда Анкарадағы
министрлер кеңесінің шешімімен Түркия
қазақтарды қабылдайтын болды. 1953 жылы
түрік ресми мекемелерінен тиісті құжаттар
келіп, қазақтар өз күштерімен Бағдатқа дейін
келіп, одан ǩрі түрік тарапы алып кететін бо-
лып келісілді. Осылайша алғашқы топ 1953
жылғы 12 қыркүйекте Пǩкістанның Карачи
портынан Басраға, ол жерден Бағдатқа, ал
Бағдаттан темір жолы арқылы Түркияға жетті.
Түркияда Батыс Қытайдан көшкен қазақ-
тарға қоса, 1980-ші жылдары Ауған стан нан
көшкен қандастарымыз да бар.