142
ПЕДАГОГИКА ЖůНЕ ПСИХОЛОГИЯ - ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
№1, 2015
асыруда көптеген шаралар қолданыла отырып
жүзеге асырылды. Елімізде халықтың санын
көбейтуге байланысты негізгі шаралардың
барлығы Мемлекет тарапынан қойыла оты-
рып оны жүзеге асыру бағытында көптеген
қосымша құқықтық құжаттар негізінде жүзеге
асырып жатыр. Жалпы еліміздегі көші-
қон процесі ХХ ғасырдың аяғынан бастап
шиеленісіп кетті, ішкі миграция, сыртқы ми-
грация мен халықаралық миграциялар бағыты
мен мөлшері жыл сайын өзгерістерге ұшырап
отыр. Егемендігіміздің алғашқы жылдарында
көшіп келушілерге ерекше көңіл бөлінді, мем-
лекет тарапынан жеткілікті квота бөлінді, ел
болып сырттан келіп жатқан қандастарымызды
құшақ жая қарсы алып жаттық.
Бірақ, осы көшіп келген отандастарымызға
өзінің туған жеріне келгенде көптеген қиын-
шылықтар мен кедергілер кездесті.
Олардың
қатарында − азаматтық алу мǩселесі, жұмыс-
пен қамту, тұрғын үй мǩселесі. Ерекше мǩселе
қатарына жатқан: шетелде жүргенде бір жерде
бірге тұрған қазақ отбасыларының елге келген-
де ǩр жаққа, ǩр облыстарға бөліп, шашы ратып
тұруы олардың жаңа жерлерге үйренуіне жǩне
өзара қатынастарына бөгет болды. Елімізге
кейінгі кезде сырттан қандастарымыздың
келуі азайып отыр. Оған ǩсер етуші көптеген
факторлар бар, соның ішіндегі негізгісі ол
ǩлеуметтік фактор болып табылады.
Шетелде жүрген отандастарымыз өз тіл-
дерімен, өзінің салттарын ұмытпау үшін біз
шетелдегі қазақ диаспорасымен елшіліктер
арқылы байланысымызды жандандыра оты-
рып, олардың елге еркін келіп кетуіне мүм-
кіндік жасауымыз керек. Оларға шетелдер
сияқты екі азаматтық беру мǩселесін қарас-
тырса да болады. Шетелдегі қазақтардың
көпшілігінің өз кǩсіптері бар, оларды елімізге
инвестиция салуға жǩне жастарды өз істеріне
үйрету жағына, немесе шетелдегі оқып
жатқан жастар мен қазақ диаспорасы жаста-
ры арасындағы байланыстарды жақсарта оты-
рып, қазақ балаларының елге келіп отандары-
мен танысуына жǩне жаз мерзімдерінде қазақ
ауылдарына апарып кең қазақ даласының
өмірі мен салтын
көрсете отырып олардың
өз отандарымен, елімен, туған жерімен таны-
стыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін мем-
лекет тарапынан «Нұр Отан» партиясының
Жастар қанаты қолға алса жǩне ол Көші-қон
Департаменті арқылы белгілі бағдарламамен
жүзеге асырылып отырса, белгілі бір нǩтиже
беретініне сенеміз. Сонда біз өзіміздің от-
андастарымызбен байланысымызды одан
да ары жақсарта аламыз. Енді өмірге келіп
жатқан шетелдегі қазақ диаспораларының
ұрпақтары өз тілдері мен салттарын, елін,
жерін ұмытпайды жǩне өзінің қазақ елінің
азаматы, өз Отаны мен туған елі, жері бар
екендігін мақтаныш етері анық.
Шетелдерге қоныс аударып қазіргі уақыт-
та елімізден тысқары өмір сүріп жатқан қан-
дастарымыздың өткен тарихымен таныса
отырып біз олардың болашағы туралы да ой-
лануымыз керек.
Қорыта келгенде, қазіргі кездерге дейін
осы бағытта жүзеге асырылған шаралар-
ды ары қарай жалғастыра отырып қандаста-
рымыздың елімізбен байланысын дамыта
отырып, өткен тарихты танып білуге қол
жеткізуге Ел басының басшылығымен қол-
ға алынған Мемлекеттік «Халық тарих тол-
қы нында» бағдарлама негізінде еліміздің
тарихындағы «ақ таңдақтарды» зерттеуге
ерекше көңіл бөле бермекпіз.
ůДЕБИЕТТЕР
1 Садовская Е.Ю. Миграция в Казахстане
на рубеже ХХІ века: основные тенденции и
перспективы. − Алма-Ата, 2001. – С. 260.
2 Гольдин Г.Г. Международная миграция:
зарубежный опыт и Россия. − М., 1998. – 121 с.
3 ҚР Лондондағы
Елшілігінің деректік
құжаттары. − Лондон, 2003. − 15б.
4 Азимбай Гали. Демографические и ми-
грационные ресурсы этнической идентифи-
кации в Казахстане. В кн. «Проблема госу-
дарственной и национальной идентичности в
Казахстане». − Алматы, 1998. − С. 8-9.
5 Миграционные процессы после распада
СССР. − М.,1994.-235. вып.5.
6 Рустемов Н.Т. Стратегия развития соци-
альной сферы Казахстана. − Алматы, 2002. −
116.
7 Миграционная ситуация в странах СНГ. –
М.: Комплекс-прогресс, 1999. – 288 с.