54
болмақ? (Ш.А.) Мына жұмысқа араласуға Оразқұл рұқсат бере ме, жоқ па?
(Ш.А.) Туған қызым, мен саған бақытты өмір тілемейді деймісің? (Ш.А.) Туған
жердің артығын,
жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден
айырылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім
білсін? (Ж.А.)
Сұраулы сөйлемнің жасалуы
Ма, ме, ба,
бе, па, пе
сұраулық
шылаулар
арқылы
Сұрау
есімдіктері
арқылы
Сұраулық интонация арқылы
Баяндауыш
құрамында
ғой,
ше
шылаулары
келу арқылы
Баяндауыш
құрамында
шығар,
болар
сөздері
келу
арқылы
Баяндауыш құрамында
ә одағайы келу арқылы
Бүгін күн
қызарып
бұлтқа
батты,
ертең жел
көтеріле
ме,
жоқ
па? (Ә.Н.)
Бағып отырған
малыңды
тастап,
үй
тұрғызуға керек
дүниені
қайдан
іздерсің? (Ш.А.)
Анау
адам
мұның сөзін
дұрыс түсінсе
жақсы,
түсінбесе ше?
(Ш.А.)
Топырлап
кіріп
жатқан
мына
кісілерді
де
қуанышына құтты
болсын
айта
келгендей көретін
болар? (Ә.Н.)
– Баламысың деген, ә?
–
деді шал мұртынан
күліп. – Әуелі үйге
жетіп
алайық,
қалғанын
көрерміз.
(Ш.А.)
113-жаттығу. Сұраулы сөйлемдер қандай сұрау мәнді сөздердің
қатысуымен жасалып тұрғанын анықтаңыздар.
Шабандоздар дәл қазір неге үндемейді, бет-әлпеті неге сіресіп қалған, не
тыңдап келеді? (Ш.А.) Дәл осы жерде алдында отырған келіні емес өзге біреу
болса, Танабай мұндай сөздерді айтқызып қояр ма еді? (Ш.А.) Мүмкін,
бұлар
өздерінің түнде көрген түсін бір-біріне баяндайтын шығар? (Ш.А.) Машинаны
алғаш көргендей қуаныш, алып ұшқан жүрек қайда кеткен, осынша неге
қуанды, осынша аптыққаны несі? (Ш.А.)
Шалды ол қайдан қусын, бұл кетсе,
кім жұмыс істейді? Бұл шалсыз күн көре алар ма? (Ш.А.) Басқаларға торайдай
шұбыртып бергенде, бұған келгенде құдайдың көзі неге жұмулы? (Ш.А.) Көп
жылқы ана ауылдың шабындысына түскенін көрдің бе? (Ж.А.) Туған жердің
артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп,
еріксіз елден айырылған,
шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін? (Ж.А.)
Достарыңызбен бөлісу: