Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет43/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

114-жаттығу. Белгілі бір ақын не жазушымен кездесу ұйымдастырылса
қандай сұрақтар қояр едіңіздер. Әркім бес сұрақтан дайындаңыздар. 
 
115-жаттығу. 
Ф.Оңғарсынова, 
Т.Молдағалиев 
өлеңдерінде 
сұрау 
белгілерінің қойылуына назар аударып, себебін анықтаңыздар. Әр ақынның екі 
өлеңін алып талдаңыздар. 
 


55 
116-жаттығу. Көркем шығармадан сұраулы сөйлемнің әр түріне үш 
мысалдан теріп, кестені толтырыңыздар. 
Ма, ме, ба, бе, 
па, пе сұраулық 
шылаулар 
арқылы жасалуы 
Сұрау 
есімдіктері 
арқылы 
жасалуы 
Баяндауыш 
құрамында 
ғой, 
ше 
шылаулары 
келу арқылы 
жасалуы 
Баяндауыш 
құрамында 
шығар, болар 
сөздері 
келу 
арқылы 
жасалуы 
Баяндауыш 
құрамында ә 
одағайы 
келу арқылы 
жасалуы 
Интонация 
арқылы 
жасалуы 
 
 
 
 
 
Леп белгісі, оның қойылатын орындары 
Леп белгісі – лепті сөйлемнен кейін қойылатын таңба. Лепті сөйлем деп 
адамның көңіл күйін, түрлі сезімін білдіретін сөйлемді айтамыз. 
ЛЕП БЕЛГІСІ 
Қойылатын орындары 
Лепті 
сөйлемде
рден 
кейін 
Ұран, 
үндеу 
мәнді 
сөйлемдер
ден кейін 
Одағай, 
қаратпа 
сөз 
сөйлем 
басында 
келіп, 
көтеріңкі 
дауыспен 
айтылса 
Бұйрық, тілек, 
өтініш 
мәніндегі 
бұйрықты 
сөйлемнен 
кейін 
Ішінде сұраулы 
сөйлем 
жасайтын 
элементтері 
бар, 
бірақ 
ерекше 
бір 
сезіммен 
айтылған 
сөйлемдерден 
кейін 
Ма, ме, ба, бе, 
па, 
пе 
шылаулары 
бар, 
сәлемдескенде 
айтылатын 
сөйлемдерден 
кейін 
Шіркін, 
дәл 
осындай 
жігіт 
болып 
өсер 
ме 
еді! 
(Ш.А.) 
Жасасын 
бірлік, 
бейбітші
лік! 
Оны естігенде 
Бекболат: – Е, 
бәрекелді!.. 
Япырай! 
Түгел 
түсіп 
пе? – деді. 
(Ж.А.) 
Төлеген әнтек 
қипалақтап 
тұрып: – Кәне, 
жолдастар! 
Тамаққа 
жүріңіздер! – 
деді. (Ж.А.) 
Көзі 
тостағандай, 
терең, тұңғиық, 
қандай тамаша 
десеңізші! 
(Ш.А.) 
Сәлеметсіздер 
ме! – деді оған 
бейтаныс 
біреулер. (Ш.А.) 
117-жаттығу. Леп белгісінің қойылу мәнін түсіндіріңіздер. 
І. Қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызынан күмбірлеп шығатын күй 
дәл осы лек-лек тасқын шабыс емес пе екен! (Ш.А.) – Үрбие-ау! Бетіңді 
кішкене жуып жүрсейші! – деп, қазаншы қатынның алдына бір уыс бауырсақ 
тастады. (Ж.А.) Шалқаңнан жатып алып, көк аспанның тұңғиық теңізін барлап 
жатқан деген қандай рақат! (Ш.А.) Күлгенде де, ренжігенде де арасы қосылып 
кететін қалың қара қасы қандай әдемі! (С.Ш.) Қала мен жолда талай күн бірге 
болған уақытта бірде-бір сездірсеші! (М.Ә.) Сол уақытта Абай үлкен ықылас 


56 
білдіріп, айрықша бір тағзыммен төсін басып, қатты дауыстап: – 
Ассалаумағалайкүм!.. – деп сәлем берді. (М.Ә.) Үй артындағы қоста Қартқожа 
бала оқытып жатыр еді, бір күні Кәрібай қажы: «Бері шығып кетші!» – деді. 
(Ж.А.) Енді бір басып еді, аяқ асты қарауытқан шұқыр болды, шұқыр түбінде 
бірдеме ағараңдаған тәрізді, қимыл етті: – Ағатай-ай! – деді біреу ышқына 
сыбырлап. (Ж.А.) 
ІІ. Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлі сұлуға сая 
болсаңдаршы! Ызғырық-ау, ызылдағанша жапанда жалғыз қалған баланың 
әкесіне хабар берсеңші! (Ж.А.) «Заула отым, заула! Мазда отым, мазда! Қорқақ 
аңдар, тілсіз жаулар! Қаш, маңыма жолама! Күйдіремін, өртеймін!» – дегендей 
Ақбілек от тәңірге сүйініп, таң атқанша маздатып, жаны аман қалды. (Ж.А.) 
Ақбілек қай үйге барарын білмей, дағдарып келе жатыр еді, дуана: – Анау үйге 
барайық! – деп, адырдың бауырындағы үлкен қораны нұсқады. (Ж.А.) – Ойбай-
ау! Олар қайда? Көргеміз жоқ... – десіп, таңданып, олай да, бұлай да жүгірісті. 
(Ж.А.) Дос алдында жауап беруден дұшпан қолында өлген жеңіл емес пе! 
(Ш.А.) – Иә, сүйтіңдер, тізелесіп отырыңдар! Ұялатын үлкен кісі жоқ қой, – 
деп, Ақберген де айтты. (Ж.А.) «Құлыным-ау!» – деп Қалиша құшағын жайып 
құшақтай алғанда-ақ, Шәйза өзіне деген бір сұмдықтың болғанын сезіп еді. 
(Ғ.Мүс.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет