Жылмағай Жылпосов – құрметтерлік қызметі жоқ, бір бөлімдегі қатардағы бес белсендінің бірі ғана, сынаптай сырғып иненің көзінен өтеді-ау, иненің өтеді. Қисынын келтіріп, аузындағыны жырып кету-оның өмірдегі игерген қосымша «мамандығы» сияқты. Жалпы балықтан жүн қырқып, сіркеден спирт сығатынның нағыз өзі[Тенишев Э.Р. Элементы духовной культуры // Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. – Москва: Наука, 1997, 48 б]. Деминутив аттар(ағыл. diminutive – кішірейтілген).
Қазақ тіліндегі ЖқЕ-дер эмоционалды-экспрессивті, кішірейту, еркелету мәнді - еке, - ке, - қа, - е, - а т.б (Әреке, Мәке, Тұқа, Шөке, Сәке т.б.) суффикстер арқылы беріледі. Халқымыздың үлкенді сыйлап, сыпайлық танытып, сыйлы адамдарды құрметтеу дәстүрі белгілі бір вокатив формаларын қолдану арқылы байқалады. Ұлттық-мәдени сипаты бар бұндай этикет формалары жалқы есімге - еке, - ке, - қа, - е, -ақосымшаларының жалғануы, деминутивтердің бұл тобы кейіпкердің әлеуметтік статусы, жасы мен жынысы, мамандығы мен қызмет дәрежесі, білімі туралы мәліметтер береді.
Ақаң да (Ахмет Аққошқаров та) аңқылдап өліп – тіріліп жатыр. Бәрі сыйлайды. ( Ү.Уайдин. Тілсіз Қоңырау.)
Әй, Сөйтеке, Сөйтеке!(Сойдақ) Сен бар ғой... егер адам болып аман-есен жүргің келсе бар ғой, а, онда бұдан былай : «Қазақ –жалқау халық!» деп ... нетпе, білдің бе?! Егер сен өйтіп нете берсең бар ғой, ә, онда біз де сені нетіп жібереміз, ұқтың ба?! ( Ғ.Қабыш. Сойдақ пен көкбазар.)
Көркем шығармалардағы кейіпкер аттарын ономасиологиялық өрісте этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу – халықтың қоршаған ортаға көзқарасы, дүниетанымы, этикалық дәстүрі, ұлттық психологиясы, тұрмыс - салты, әдет - ғұрпы мен танымы туралы мағлұмат бүкіл этнографиясының пішім – бейнесі халық тілінде сақталғанын «індете» зерттеу керек деген сөз. Кейіпкер аттары арқылы сықақшылар белгілі бір тақырыпты таңдап, қоғамның бетпердесін сыпырады.
Бұл тарауды қорыта келгенде, сықақшы қауымның кейіпкер аттарына бейжай қарамай, өз кейіпкерінің суретін дәл беру үшін сөздік қордағы бар сөзді, тіпті балағат, қарғыс сөздерді де пайдаланғандығы байқалды.