37
5-ТАРАУ
Массаж тәсілдері
«Ілім – іштегі нұр, өнер – сыртқа салынған түр», – дейді халық
мақалы. Халықтың осындай асыл сөздерін әдейі келтіріп отыр-
мыз. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген сөз де бар...
Бірінші сыныпқа барған балалар
барлық әріпті жаттауға
кіріседі. Дәрігерлік институтқа түскен студенттер анатомияны
жаттайды. Өйткені адам құрылысын білмей, білімді дәрігер болу
мүмкін емес.
Массажды меңгеру үшін де оның негізін түсініп, сырына
тере ңірек үңілу керек. Онсыз жасалған массаж керісінше ықпал
етуі мүмкін.
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы», – дегендей, ұстаздың
айтқан сөзін жадыңа сақтап, қол қимылдарына ден қою қажет.
Массаждың өз ерекшеліктері бар. Ол үшін денедегі бұлшық ет-
тердің орналасуын, қан-лимфа ағысының бағытын, лимфа түйін-
дерін анық білген жөн. Ал ең негізгісі – ауру адамның психология-
сын түсіну керек. Массаж класикалық және сегментарлық болып
бөлінеді. Олардың бір-біріне ұқсас ортақ тұстары баршылық. Де-
генмен массаж жасалатын жерге байланысты әр аумақтың өзінше
айырмашылығы да бар. Классикалық массажда массаж жасаушы
адам көбінде бір жерге ғана әсер етеді, ал сегментарлық массаж
жүйке жүйесі арқылы ішкі ағзалармен байланысады.
Классикалық
массаждың негізгі, көмекші және қосынды
түрлері болады. Массаж дене гимнастикасымен қабаттасып
жүргені дұрыс.
38
Массаждың негізгі тәсілдері: сипау, ысқылау, жұмсарту,
дірілдету, соққылау, сілкілеу.
Бұл тәсілдердің кейбіреуі тек
спорттық массажда қолда ны-
лады. Ал негізінде алғашқы төртеуі кез келген массажда болса да
қолданыла береді.
Сипау. Қандай массаж болмасын барлығы тек осы сипаудан
басталады. Оны бірінші орынға қоюдың өзінде үлкен мән бар.
Өйткені емдік, спорттық, гигиеналық, өзін өзі массаждау – осы
массаждардың бәрін сипаудан бастайды, бұл алғы шарт болып са-
налады. Сипау әр тәсілдердің арасында және массаждың соңында
жасалады. Бір сөзбен айтқанда, сипаумен басталған массаж тек
сипаумен аяқталады. Оны қаламайтын адам жоқ. Үлкен де, кіші
де, дене еңбегімен айналысушы да, ой еңбегімен айналысушы да
– бәрі де ұнатады. Өйткені сипау денеге ешбір қиянат жасамай,
тек рахатқа бөлейді.
Сипау – адам қолының алақаны мен саусақтары арқылы тері
үстінде жылжуы. Бас бармақты алшақ ұстап, төрт саусақтары
бірге, алақанды денеге сырғыта отырып, жаймен сипайды. Ол
кезде тері жиырылмауы керек. Асықпай, жеңіл, еркін,
белгілі
ырғақпен орындалады.
Массаж жасаушының қолы жұмсақ, бос, жылжығаны өте
нәзік болады. Сипаған кезде шеткері лимфалар орталыққа қарай
бағытталады.
Емдік массажында үстіртін және терең сипаулар болады.
Үстіртін жазықтықта сипау лимфа ағыны бойынша және оған
керісінше де жүргізіледі. Қолды, аяқты сипаған кезде алақанмен
қапсыра ұстап екі жағына бірдей жасайды. Мысалы, қолдың ұшы
ісіп кетсе, онда жоғары жағынан бастайды; алдымен тоқпақ жі-
лік, иықтың үсті, содан соң білек сүйектері, тек ақырында қол дың
ұшы сипалады. Бұлшық ет талшықтарының бойын қуа сипау ке-
рек. Сонда ғана қан және лимфа саңлаулары ашылып, ағындары
ұлғаяды.
Сипаған кезде қолға тиетін бұлшық ет, сіңір кездессе, қолды
батырыңқырап жіберу қате емес.
Еті аз буындардың тұсын,
сүйектер шығып тұрған жерді үстіртін сипайды, өйткені ол жер-
лерде жүйке талшықтары жоғары орналасқан, өте аз, сезімтал бо-
лады. Қолдың қимылы нәзік, денеге сүйкімді болу керек. Бағыты
39
лимфа түйіндеріне қарай дедік. Мысалы, қолды сипағанда қол-
тыққа қарай, аяқты сипағанда шапқа қарай бағыттайды. Өйткені
онда денедегі ең үлкен түйіндер орналасқан. Ал түйін бар жерді
(тақымның асты, қолтық, шап, омырау) еш уақытта сипамайды,
тіпті массаж жасамайды да.
Адам денесінің әр жерін әртүрлі сипайды. Мысалы, арқа, бел,
сан, бөксе – ауданына байланысты, кейде екі алақанмен кезек-ке-
зек сипауға болады.
Егер бет, саусақтар, жүйке талшықтары шығатын нүктелер,
не жүйке жүйесінің жүретін жолдарын сипау керек болса, онда
ала қанның керегі жоқ, бас бармақтың шеткі буыны жетіп жатыр.
2, 3 немесе 2-5 саусақтардың ұшымен бетті, саусақтарды, буын-
дарды, қабырғалар арасын сипауға болады.
Жартылай жұмылған саусақтармен алақанды, табанды сипай-
ды.
Бүкіл алақанмен немесе жұмған жұдырықпен арқаны, ішті,
кеудені, қол-аяқты сипайды.
Екі қолмен бірдей сипағанда қолдар қатарласып, не алма-ке-
зек жүріп отырады. Мысалы, бір қол желкеге жеткенде, екінші
қолды белден бастайды, біреуі біте берген кезде екіншісі бастап
кетеді.
Денеге күштірек әсер ету үшін бір қолдың үстіне екінші
қолды қойып, салмағын арттырып та сипайды.
Достарыңызбен бөлісу: