Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Бас пен бетке массаж жасау



Pdf көрінісі
бет54/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63
Бас пен бетке массаж жасау.
Басты алға иіп, орындыққа жайланып отырады. Саусақтың 
ұштарымен маңдайдан бастап тура сызықпен немесе шеңбер 
жа сай желкеге дейін ысқылайды. Маңдайдың ортасынан екі са-
май ға қарай қолдың ұштарымен не алақанмен алма-кезек орын-
дау ға болады. Осылай қастың үстін, кейін көздің айналасын, 


106
жоғарғы жағын самайға қарай, ал төменгі жағын мұрынға қарай 
бағыттайды. Толқындата сипап болған соң, еріннің айналасына 
көшеді. Сұқ және ортаңғы саусақ еріннің үстінде үшінші және 
төр тінші саусақ еріннің астында, толқындата сипап шығады. 
Осы дан соң маңдай, бет терілері бұлшық еттерін ысқылайды. Ал 
үшкіл жүйке талшықтары шыққан нүктелерді бір немесе екі сау-
сақтың ұштарымен дірілдетеді. Массаж беттің барлық жерін сипап 
аяқталады. Бетке массажды аптасына екі-үш рет жасаса жеткілікті.
Мойын және трапеция тәрізді бұлшық етке массаж жасау. 
Желкені массаждау үшін отырып не түрегеліп тұрып жасайды. 
Екі қолды желкеге қойып, алақанмен жоғарыдан төмен қарай тра-
пеция тәрізді еттің бойымен омыртқа жотасының екі жағынан си-
пап шығады. Ысқылау саусақтардың ұшын мойын етке тік қойып 
жылдам, қимылмен орындалады, екі қолмен бірдей не оң қолмен 
сол жақты және керісінше сол қолмен оң жақты массаждайды. 
Немесе саусақтардың басымен мойын еттерін батыра шаншиды. 
Осындай кейін бір сипап алып, сәл бүгілген алақан бастың екі 
жағынан ұстап тұрғандай болады. Міне, осы қалыпта саусақтарды 
сәл батырып жан-жаққа шеңбер жасай ысқылайды. Қажет болса 
желкенің үлкен жүйкесі шыққан нүктені дірілдетіп массаждайды. 
Одан кейін сол желкеден бастап жауырынның бұрышына дейін 
екі қолмен немесе алма-кезек бір қолмен жайлап сипайды.
Ал мойын, бұғақ өте нәзік, сондықтан оны иектен төмен 
алқымға дейін алақанмен сипайды. Жұмсарту тек бұғана – төс-
емізікпе бұлшық етінде ғана орындалады. Онда да төрт саусақтың 
ұшымен бұлшық ет бойымен бастыра жылжытады. Дәл сол 
аймақтан өтетін күре тамыр мен венаға тиіспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет