Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


-ТАРАУ Өз-өзін массаждау



Pdf көрінісі
бет52/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63
10-ТАРАУ
Өз-өзін массаждау
 
Классикалық массаж
Массаждың осы түрін біз арнайы ең ақырына келтіріп отыр-
мыз. Өйткені оқырман қауым алдымен массаждың негізін, 
қасиетін, тәсілдерін, орындау әдісін зейін қойып шықса өзіне-өзі 
массаж жасау аса қиындықа түспейді деген ниеттеміз. Ал оған 
көңіл аудармай, бірден өзін сипалап, мыжғылай берсе, пайданың 
орнына зиян табады.
Ең негізгі тілек өз-өзіне массаж жасау үшін де дәрігермен 
ақылдасқан жөн. Дәрігер айтқан нұсқаулар бәрі бірдей есте қала 
бермейді. Сондықтан осы кітаптың арнаулы бөлігінде берілген 
массаж жасауға болатын және болмайтын жағдайларды есіне 
сақтаса адамға көп көмегі бар.
Өзіне массаж жасау – денені баптау деген сөз. Ертемен жа-
салған массаж күні бойы атқарылатын жұмысқа, қызметке ағзаны 
дайындау. Ол ертеңгі дене тәрбиесінің алдында өткізіледі. Сонда 
адам денесі сергек, бойына күш, ойына рухани азық толғандай 
болады. Жұмысқа да жадыраңқы көңіл-күймен аттанады. 
Бұл массаждың ерекшелігі – оны барлық жерде жасай беруге 
болады. Мәселен, ұйқыдан ояанған бойда кереуетте, жазу жаза-
тын үстел басында, тоғайда, моншада, далада, үйде, ванна ішінде 
– қысқасы барлық жерде адам өз-өзіне массаж жасай алады. 
Оның тағы бір ерекшелігі – әркім қай жерінің қалай ауыратынын 
да жақсы біледі. Міне, сол жерлерге көңіл бөліп, массаждың ең 
қолайлы тәсілдерін қандай жылдамдықпен орындау керек екенін 


103
анық сезеді.Егер жыл мезгілінің суық кезінде дене тез тоңатын 
болса, онда жеңіл спорт кійімдерінің сыртынан массаждайды. 
Адам қатты қалжырап шаршап тұрса, барлық денеге массаж 
жасаудың керегі жоқ. Басты, мойын мен иық үстін массаждаса 
жеткілікті.
Массаж жасаудың алдында денені тазалап жуады. Әсіресе, 
қолды сабындап, тырнақты жөкемен ысқылап тазалайды. Тырнақ 
денені сызып кетпес үшін өте қысқа етіп алып тастайды. Алақан 
мүйізі, сызаты жоқ, жарылмаған, құрғақ, жұмсақ болғаны абзал.
Денеде алақан жақсы сырғанау үшін әртүрлі заттармен сылап 
алады. Оған бордың ұнтағы, тальк, балалар опасы қолданады. 
Егер адам серуенге, не шаңғы тебуге дайындалса, онда де-
не қыздыратын «Эфкамон» не «Тигровая мазь» майларымен 
ысқылайды. Егде тартқан адамдарға сұйық майларын қолданған 
дұрыс. Өйткені тальк, т.б. ұсақ ұнтақтар теріні құрғатып жібереді, 
ал вазелин сияқты зат тері түтіктерін бітеп тастайды. Эвкалипт 
және зәйтүн майы өте пайдалы. Оларды алдын ала қайнатып 
алады. Шама келсе тіпті ешбір майды қолданбаған дұрыс.
Мұндай жағдайларда қан тамырлары кеңейіп, массаж жасаған 
аймаққа қан екпінімен құйылады. Тек мұны қысқа уақытта жа-
сайды. 
Адам өзіне-өзі массаж жасау үшін де анатомия мен физиоло-
гиядан мағлұматы болу керек. Бұлшық ет талшықтарын, қан та-
мырларын, лимфа тамырларын, лимфа түйіндерін, жүйке жүйесін 
айыра білу өте қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет