Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Массажға қажет негізгі қағидалар



Pdf көрінісі
бет53/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63
10.1. Массажға қажет негізгі қағидалар
1. Массаж жасағанда қолдың қимылы жұмсақ, жеңіл боп, 
теріде қызарған не көгерген із қалдырмауы тиіс. Дұрыс жасалған 
массаж сол аймақты жылытып, адамның көңіл-күйін көтереді.
2. Белгілі бір жерге массаж жасау қажет болса, алдымен 
одан жоғары аймақты, тек содан соң ғана жарақаттанған бөлікке 
тікелей кіріседі. Мысалы сіңір созылғанда, буын тайғанда, сүйек 
сынғанда, т.б.
3. Массаждың тәсілі, ұзақтығы күш әр адамның алдына қой-
ған мақсатына тікелей байланысты.


104
10.2. Массажға дайындық
Әркім өзіне массаж жасағанда денені мейлінше босаңсытып да-
йындау керек. Өзін-өзі массаждап отырған кезде тыныс алуды ес-
тен шығармау керек. Аяқ-қолды массаждағанда ең ыңғайлы жағ дай 
– орташа физиологиалық қолайлы тыныштық немесе аяқ-қол дың 
сіресіп, бүктетіліп, бүгіліп қалмай орташа қалыпта болуы. Осын дай 
қалыпты массаж біткенше сақтайды. Әсіресе, бұл қағида бұл шық 
еттері жақсы жетілген қоң еттерін массаждауға тікелей қатысты.
Аяқ талып кетпес үшін тақымның астына бүктелген көрпе не 
жастық салып, аяқты кішкене орындыққа қояды.
Қолға массаж жасағанда сәл бүгіңкіреп, үстел үстіне салып 
қояды. Ішке массаж жасау үшін тізені бүгіп шалқасынан жатады, 
әйтпесе, орындыққа жайланып отырады. 
Теріде кішкене сызат алған не тырналған жер болса, ол 
массажға кедергі келтірмейді. Тек айналасы қабынып, талау-
рап тұрмаса болғаны. Массаж жасаған кезде ол жерге тиіспесе 
болғаны. Массаж жасаған жерде алақан астынан шошынған без 
не түйілген бұлшық ет аңғарылса, ол жерді массаждау қиын-
ға түседі және түк түбінің қабынуына алып келіп соғады. Сон-
дықтан мұндай жерді мақта-матадан тігілген киімнің сыртынан 
массаждаған ыңғайлы. Түк басып кеткен жерге жылжытатын зат-
тарды, майларды қолданбайды.
Массаждың тәсілдері белгілі кезекпен қолданыла береді. 
Мүм кіндік болса тәсілдердің бәрі қолданыла береді. Мәселен, си-
пау, ысқылау, жұмсарту, сол сияқты дірілдету, қағу, олардың бәрін 
бірнеше рет қайталап орындаған соң есте сақталып қалады. Өзін-
өзі массаждап отырған кезде тыныс алуды естен шығармау керек. 
Демді іште ұстап қалу, басты салбыратып, денені иіп бүгіліп кет-
кен дұрыс емес, осының бәрін қадағалау керек
Күнделікті жасаған массаж кейбір аурудың бетін қайтаруға 
үлкен көмек көрсетеді. Әсіресе, гипертония ауруында өз жағ-
дайына лайықты қолданған массаж тәсілдері қан қысымын әжеп-
тәуір төмендетіп, тіпті қалпына келтіруі мүмкін. Бас қатты ауыр-
ғанда жеңіл, үстіртін ғана алақанмен желкені, мойын, маң дайды 
сипайды. Қандай қимыл болмасын – барлығы да денеге жағымды 
жұмсақ болғаны абзал.


105
Өз-өзіне жасалатын массаж тәсілдері классикалық массаж 
тәсілдерінен еш айырмашылығы жоқ. Ел арасынан кең тара ған 
және кітаптың арнаулы тарауында тәптіштеп жазылған тәсіл-
дердің әр түріне тоқталып, үстіртін суреттеп кетуді жөн көрдік.
Сипау – массаждың басына, аяағында, басқа тәсілдің ара-
сында қолданады. Егер тірек-буын зақымданса сіңір созылып, 
тарамыс тартылып, буын шығып, онда сипаудан басқа еш тәсіл 
қолданылмайды. Оны бір немесе екі қолмен бірдей орындайды.
Негізінде алақан немесе саусақтың жұмсақ ұшымен сипайды.
Қозғалыс жеңіл ырғақпен без түйіндеріне қарай бағытталады. 
Орындау тәртібіне байланысты ол үзіліссіз және үзіліспен, үс-
тіртін және қапсыра уыстап ұстап терең жасалатын болып бө-
лінеді. Тері тым сезімтал болса қолдың сыртымен сипайды.
Жұмсарту – ең күшті тәсіл. Оны көбіне екі қолмен орындай-
ды. Бұлшық еттерді қапсыра уыстап алып жоғары-төмен, көл-
денең бағытта қозғап жұмсартады. Ол тек алақанмен орындала-
ды. Массаж жасағанда сол аймақты мейлінше босаңсыту үшін 
жақсылап тірек қою керек.
Дірілдету – массаж жасайтын аймақты, саусақ ұшымен, ала-
қанмен, жұдырықпен жиі-жиі түиіп дірілдетеді. Оның үзіліспен 
жасайтын түрінде қолды әр қимылдан соң жұлып алып отырады. 
Ал үздіксіз дірілдеткен кезде қол денеден алынбай бір орында 
қозғалыс жасап тұра береді. Осы көрсетілген тәсілдерге қолдың 
ұшымен соққылау, қағу, шапақтау, сыдыру сияқты массаж түрлері 
қосылады.
Өз-өзіне массажды бір белгілі бөліке жасағанда 3-5 ми-
нут, ал барлық денеге жасағанда 15-25 минут қажет болады. Әр 
массаждың арасында үзіліс керек. Ал барлық жерді массаждап 
болған соң жатып біршама тынығу пайдалы.Массаж жасар ал-
дында қандай мақсатпен, не үшін, оның қандай әсері болатынын 
болжап білген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет