Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет131/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ИДЕАЛЬДІ тип. Әлеуметтік және тарихи танымда қолданылатын, концептуальді тәсілдерді анықтау үшін М. Вебер ұсынған әдістемелік категория. И.т. категориясының қалыптасуы, оның кең көлемді танымал болуы ХХ ғ. классикалық білімнен, классикалық емес білімге өту үдерісінің тек жаратылыстану ғылымдарында емес, сонымен қатар социогуманитарлық білімде де жүзеге асқанынан мәлімет береді. М. Вебер ғылым жасаған терия мазмұнының сынға алынбай ақиқатпен теңестіріліп, терең мәннің бейнеленуі деп берілуін, зерттеу жұмысына кедергі жасайтын, оның бағытын бұрып жіберетін «теория мен тарихты араластыруды» қауіпті қате деп есептейді. Оның пікірінше, «капитализм», «христиандық» тәрізді ұғымдар жиі бақыланатын эмпирикалық ақиқат қорытындысынан шығарылмайды. Сондықтан ақиқатта нақты баламасы (аналогі) болмайтын зерттеуші «қиялы» И.т. болып көрінеді. Олар эмпирикалық ақиқатқа деген белгілі бір зерттеу бағытындағы көзқарастан пайда болады. И.т. «ғылыми пәндік фантазия» жемісі болып көрінетіндіктен, біздің бос ой шырмағына (ойынына), әлде ғылыми мәнді ұстанымға қатысты екенімізді ешқашан анықтау мүмкін емес. кез-келген концепцияның ғылымилығының жалғыз белгісі – зерттеудің жемістілігі. И.т-тің эвристикалық мәнділігі жоғары болса, ол соғұрлым ғылыми мәнді болады. Бұдан маңызды екі салдар туындайды: біріншіден, эмпирикалық мәліметтердің тек бір ғана жиынтығына жататын өзара бәсекелес, бірнеше И.т-тік конструкцияның паралельді өмір сүруі мүмкін. Олардың қайсысының ақиқат болатыны туралы сұрақ қойылмайды, арадағы айтыс тек қандай И.т-тің ғылыми білімнің өсуін қамтамасыз етіп, жұмысты жемісті істейтініне байланысты шешіледі. Екіншіден, нақты И.т. қаншалықты жетілген болып көрінсе де, ауыспалы, салыстырмалы, ол ерте ме, кеш пе жаңамен ауысады. Вебердің ойынша, тарихта және әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын И.т-дің өзара айырмашылығы бар. Тарихта көптеген жеке оқиғаларды жинақтап, жалпы заңдарды шығаруға бағытталмаған, дара оқиғаларды «мәдени мағынасында» түсінуге ұмтылатын И.т. осы «тарихи индивидуумды» түсіндіретін, себепті байланысты нақты үйлестіру бейнесі ретінде құрылады. Оқиғалардың жалпы ережелерін іздеуге бағытталған әлеуметтік ғылымдар олардың нақты кеңістік уақыттағы анықтығына көңіл бөлмейді. Сондықтан әлеуметтанушы барлық тарихи дәуірлерге және кез-келген географиялық нүктеде қолданылатын таза идеалды үлгілерді құрастырады. Басқаша айтқанда, әр түрлі И.т. арасындағы айырмашылықтың сандық сипаты, олардың жалпылық дәрежесі болады.

ИДЕНТИФИКАЦИЯ (лат. identificareсәйкестіру, бірегейлендіру, теңдестіру). Саналы немесе бейсаналы, сәттік немесе тұрақты түрде өзін басқа мәндімен теңдестіру. Арнайы әдебиеттерде қарастырылатын И.: 1) Сәттік И., бұған И. механизмі көмегімен тұлғалық белгілері, құндылық ұстанымдары қалыптасатын баланың рөлдік ойыны мысал болады. Тұрақты И. алғашқы және кейінгі қатардағы болып бөлінеді. Алғашқы И. баланың сәби шағында алғашқыда анасымен, сосын оның жынысына байланысты пайда болады. Кейінгі қатардағы И. жастық шақта, туыстық байланыстардан тыс (оқытушы, жетекші, досы және т.б.) қалыптасады. 2. Топтық И. (әлеуметтік теңдік) өзін қандай да бір әлеуметтік топпен теңестіру, оған кіретінін ұғынып, оның мақсаты мен құндылықтарын бөлісу. Адам өз өмірінде сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша айырмашылықта болатын бірнеше әлеуметтік топпен (мектеп сыныбы, жұмыс ұжымы, бір спорт клубының жанкүйерлері, бір партия мүшелері, бір үйдің, қаланың, мемлекеттің тұрғындары және т.б. болуы мүмкін) теңестіріледі. 3. Өзін көркем шығарма кейіпкерімен теңдестіру. Мұның нәтижесінде шығарма мазмұнын, мәнін жақсы түсіну орын алады. 4. И. психологиялық қорғану механизмінің бір түрі ретінде, бейсаналық деңгейде қатер төндіруші объектіге ұқсаумен байланысты болады. 5. Таным үдерісі ретіндегі И. (белгілі бір салаға жатқызу) немесе қандай да бір объектілерді білу. Бұған адам жадында жазылған эталонмен қабылданатын объектіні салыстыратын перцептивті (демек, қабылдаумен байланысты) И. жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет