Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет127/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ЗОРЛАМАУШЫЛЫҚ ұстыны өз бастауын тірі жан иесіне зиян тигізбеуді дәріптеген, ежелгі Үнді елінің джайнизм философиясынан алады. Дегенмен З. ұ-ның тікелей зерттеле бастауы, америка ойшылы Генри Дэвида Тороның (1817 – 1862) қызметімен байланысты. ХІХ ғасыр ортасында АҚШ-та құлдықты жою жолдары іздестірілген күрестің өрістеуіне байланысты, тақырып оның басты зерттеу нысанына айналады. Өзінің «Азаматтық ырыққа көнбеу туралы» деген саяси эссесінде, сол тарихи дәуірдегі АҚШ қоғамын зорлық жасамай өзгертуге болатыны айтылады. Бұл идеяның құндылығы қарулы көтеріліске шақырудың, ресми билікпен террор жолымен есеп айырысудың, зорлық көрсетудің орнына күшке салмау, зорлық көрсетпеудің балама ретінде ұсынылуында болды. Осындай көзқарас кейін Л.Н. Толстой, М.К. Ганди, М.Л. Кинг еңбектерінен көрінісін табады. Осы ретте этика мәселелерімен айналысқан А. Швейцердің қыспақ көрсетпей, зорлық жасамай адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге қарсы тұрақты күрестің жүргізілуі керектігі туралы идеясын атап айтуға болады.


Әлем халықтарының бастарынан өткізген ұлт-азаттық көтерілістері, төңкерістер, азамат соғыстары және т.б. әлеуметтік дамудың өтпелі дәуірлерінде зорламаушылық ұстынының өзекті бола түсетінін көрсетеді. Өткен ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы жергілікті және халықаралық қақтығыстарға толы болды. Кеңес үкіметінің құлауымен халықаралық қақтығыстар көбейді. Жаһандану үдерісінің қарыштап дамуы әсерінен терроризм, мәдени сепаратизм әлемдік сипатқа ие болды. Осыдан З. ұ. зорлыққа жәй балама емес, парасат күшіне сүйеніп, қақтығыстан шығудың жолы ретінде қарастырыла бастады. Атап айтқанда, қазіргі заманғы халықаралық дипломатия қарым-қатынастың осындай үрдісін пайдаланады.
З. ұ. қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі. Ядролық қарудан бас тарту, халықаралық қауіпсіздік ұйымдарын құруға ынта білдіру, посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграция, «қақтығыс ошақтарына» айналған жерлерде бейбіт өмір мен келісім орнату шараларына қатысу Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында бейбітшіліктің жолын ұстайтынын көрсетеді. Атап айтқанда З. ұ. мен ынтымақтастық мемлекетіміздің сыртқы саясатының негізіне алынған. Ал ішкі саясат деңгейі дамуында ресми билік, ұлтаралық және дінаралық келісім шарттарын, билік пен саяси оппозиция өкілдерінің өзара байланысында өркениетті саяси күрес, билік пен азаматтық қоғам институттары арасындағы жемісті байланыстар принциптерін ұстанады.

ЗОРЛЫҚ-зомбылық теориясы XIX ғасырдың аяғында – ХХ ғасырдың басында пайда болып, кең өріс алған. Оның негізін қалаушылар – Л. Гумплович, К.Каутский, Е. Дюринг Германия және Венгрия мемлекеттерінің пайда болу тарихына сүйеніп, мемлекет тек соғысу және жаулап алу негізінде қалыптасады деп мәлімдеген. Австриялық социолог және мемлекеттанушы Гумплович сыртқы зорлық теориясының өкілі. «Тарихты қарасаңыз, ол бізге мемлекеттің зорлық арқылы емес, өзге бір тәсілмен пайда болуының бірде бір мысалын келтірмейді. Ол аздай, бұл бір тайпаның өзге тайпаға жасаған зорлығы болатын, ол күштілеу жат тайпаның өзінен әлсіз, отырықшыланып үлгірген тұрғындарды жаулап, басып алуында көрініс тапқан». Гумплович хайуандар өмірінің заңын адамзат қоғамына аударады, сөйтіп әлеуметтік құбылыстарды анайыландырады. Оның айтуынша, жабайы ордалардың, қоғамдардың, мемлекеттердің әрекеттеріне табиғаттың күрделі заңы билік етеді. К. Каутскийдің ойынша да, мемлекет сырттан жаулап алу арқылы пайда болады. Оның бұл тұрғыдағы уәждері Гумпловскийдікіне өте ұқсас. Е. Дюрингтің ойлары да осы бағытта дамыған. Сөйтіп, зорлық-зомбылық теориясы (ЗЗТ) бойынша, бір тайпаның өзге тайпаны жаулап алуы құлшылықтың негізгі себебі деуге де болады.
Бірақ іс жүзінде бұл теория құлшылықтың себептері мен табиғатын аша алмаған. Құлшылықты тудыратын бір тайпаның өзге тайпаны жаулап алуы ма, әлде, керісінше, қоғамның таптарға бөлінуіне байланысты жаугершілікті құлшылық туғызғаны жөнінде пікірталас ғылымда жалғасуда. Жаугершіліктің өзі, бір тайпаның өзге тайпаны жаулап алуы, тек еңбек құралдары және қоғамдағы өндіріс біршама деңгейге көтерілгенде ғана өзге халықтарды жаулап алатындығы тұжырымдар басымдық танытады. ЗЗТ айтуынша, жеке меншік құбылысының пайда болуы да жаугершілікке байланысты. Зорлық құлшылықты тудырады, ал құлшылық – жеке меншікті. Ал соңғы нәрсеге тайпалардың көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа көшуі де байланысты. Мұндай жағдайда туындайтын мемлекеттік билік тек білек күшіне негізделген. Ол ру-тайпалық мемлекет. Оның негізі – бір тайпаны өзге тайпаның күштеп басып алуы.Тарихқа жүгінсек, мемлекеттік билік жеке меншік құбылысын тудырады деген тезиске сену қиын. «Жеке меншік мемлекеттік биліктің құралы» деген тезиске сену одан да қиын. Бәрі де керісінше. Жеке меншік ақыр аяғанда мемлекеттік билікті тудырумен шектелмей, оның сипатына да ықпал етеді. Әрине, белгілі мөлшерде ЗЗТ растауға да болады. Мысалы, моңғол шапқыншылығы нәтижесінде орыс халқы жаулап алынып, Алтын Орда мемлекеті құрылды. Бұл мәселе Ұрым империясы, көне герман мемлекеті, тіпті, АҚШ тәжірибесінде де расталады. Сонда да, бұл теория тарихтағы зорлықтың мәртебесін мейлінше көтергенімен, көптеген мемлекеттердің және құқылық жүйелердің тіпті де жаулап алу нәтижесінде пайда болмағаны есепке алынбайды.

ЗҰЛМАТ – түрлі табиғи апаттар (зілзала, топан су, өрт, құрғақшылық, жұт) мен төтенше саяси-әлеуметтік қайшылықтарды білдіретін ұғым. Көшпенділік өмір салтына байланысты «жұт» жылдары халық өміріне қатер төндірді, үлкен сын болды. Сондықтан «жұт жеті ағайынды» деп, оның ұзаққа созылуынан сақтанды. Қазақ халқы тарихындағы Жоңғар шапқыншылығы, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, 1937-38 жылғы жаппай саяси қуғын – сүргін оқиғалары З. жылдары деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет