Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет130/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ИДЕАЛИЗМфилософияның негізгі сұрағы, шешіміне байланысты пайда болған, Рухтың, идеяның, сананың біріншілігін, материя, табиғаттың, болмыстың, объективті шындықтың екіншілігін мойындайтын ұғым. И-нің кез келген түрі материализммен сай келмейді, қайшылықта болады. Терминді 1702 жылы Г.В. Лейбниц идеалист Платон мен материалист Эпикур философиясы салыстырмасында қолданған. Дегенмен, ең алғашқы идеалистік ілім ретінде санды, шекті мен шексіздікті заттардың алғашқы негізі деп есептеген Пифагор философиясы мойындалады. Пифагор әсерін сезінген Платон идеализмді классикалық деңгейге көтерді. Платон жаңаплатоншылдар идеализмі, кейін Г. Гегель философиясы арқылы объективті идеализм атауына ие болады. Объективті идеализм адам санасынан тыс заттардың реалды өмір сүретінін мойындайды және руханиға объективті болмыс үлесін береді. Ол субстанциальді (мәнді), сондықтан да заттықпен салыстырғанда ақиқат өмір сүреді. Адам ойы, ұғымдары, бейнелер оның өзінен тыс өмір сүретін объективтенген руханилықтың көрінісі, сондықтан да адам ойының түрлері болмыс түрлеріне бара-бар, тең болады. Сайып келгенде, шындық, жақсылық, әсемдік, көркемдік және т.б. обективті өмір сүреді. Объективті идеализм ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында абсолютті идеализм атауымен (Ф.В. Шеллинг, Г.В. Гегель) және жаңагегельшілдер (Т. Грин, Ф.Г. Брэдли, Б. Бозанкет, Дж. Ройс, Б. Кроче және басқалар) философиясында кең таралымын табады. ХVІІІ ғасырда Дж. Беркли, Д. Юм философияларында субъективтік идеализм қалыптасады. Беркли негізін қалаған субъективті идеализм: «Өмір сүру – демек, қабылдауда болу» («существовать – значить, быть в восприятии»). Осылайша, субъективті идеализм ненің болса да (заттар мен денесіз идеялардың, рухтардың), тәжірибе аймағынан тыс өмір сүретініне күмән келтіреді. Субъективтік идеализмде болмыс жалғыз ақиқаттық болатын тәжірибеге сәйкес келеді. Субективтік идеализм түрі болатын солипсизм (солипсизмге ең жақын келген имманенттік мектеп өкілдері В. Шуппе мен Р. Шуберт-Зольдерн) болмысты таным субъектісінің санасымен шектейді. Субективтік идеализм тәжірибеден тыс заттардың өмір сүретіні туралы сұрақты «мәні жоқ» деп жариялайды. Субективті идеализм ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың бірінші жартысында (прагматизм, эмпириокритицизм, махизм, неопозитивизм) кең таралымын тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет