Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет129/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ИДЕАЛДАНДЫРУ (франц. idealisation) – ақиқатында ешқашан болмаған объектілер туралы ұғымдарды ойша құрастыру. Олардың шынайы прототиптеріне (демек, ұғымдарда бейнеленетін қоршаған орта заттарына) жақын ұғымның пайда болуы. «Нүкте», «түзу сызық», «шеңбер», «абсолютті қара дене» И. (идеализация) нәтижесінде пайда болатын ұғымға мысал бола алады. Егер «ағаш», «жануар» және т.б. қоршаған ортадан табылатын (демек осы ұғымдардың мазмұнын құрайтын қасиеттерге ие болған заттар, мысалы, ақ қайың «бұл ағаш» деп айтылады) ұғымдардан айырмашылығында ақиқат өмірден осы «нүкте» ұғымына негіз болатынды табу мүмкін емес, демек объектінің ұзындығы, ені, биіктігі жоқ. Математикалық «түзу сызық», «шеңбер», физикалық «инерция» т.б. ұғымдар осыған ұқсас сипатқа ие болған. И. үдерісі ақиқат өмірде бар заттарға тән қасиеттерге назар аудармай, пайда болатын ұғым мазмұнына шынайы негіз, бейнеде болатын белгілердің енгізілуімен сипатталады. И. нәтижесі болатын ұғымдар туралы, олар идеалданған объектілер нәтижесі деп айтылады.


ИДЕАЛДАНҒАН объект – идеализация нәтижесі болатын ой танымы конструкциясы. Ғылыми теорияның элементі болатын И.о. таным қызметінің маңызды құралы. Теориялық ұстанымдар қалай да, реалды объектілерге тікелей қатысты болмайды, керісінше өзінің көптүрлігі мен эмпирикалық қасиеттері және қатынастарында алынған реалды объектілерді зерттеген кезде қол жетпейтінді, мәнді байланыстар мен заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін И.о-інің таным қызметі болады. И.о. сипаты дамыған ғылыми білімге тәуелді. Объектілер туралы эмпирикалық түсініктерді идеалдандыру жолымен пайда болған И.о. бөлектенеді. Дегенмен И.о-іні кіргізу, зерттелетін құбылысты теориялық талдаудың мүмкіндігімен байланысты. Дамыған ғылыми теорияларда жеке И.о-лер немесе олардың қасиеттері емес, керісінше И.о-тің құрылымы мен жүйелері қарастырылады.

ИДЕАЛДЫЛЫҚ (греч. idea – түр, бейне) – адамның мақсатты қызметі үдерісінде пайда болатын, оның еркі мен санасы түрлерінде көрінісін табатын объективті әлемнің субъективті бейнесі. И. аймағын табиғи, әлеуметтік, мәдени және рухани болмыстың көптеген түрлері құрастырады. Таным теориясында И. – адам қызметі түрлерінде, сананың, парасаттың қоршаған ортаны ойда бейнелейтін және тілде көрсететін қабілеті ретінде көрініс табады. Ол логикада сүйенетін ерекше ережелері бар идеалдандырылған объектілердің (сандар, фигуралар, ғылымның абстрактілі объектілері) ерекше болмысқа ие болған тобы ретінде алға шығады. Әлеуметтікте И. адамдардың қарым-қатынасын реттейтін жалпы маңызды мәдени нормалар жиынтығы, діни ережелер, мораль, құқық, өнер, ғылым ретінде көзге түседі. Дара-кісілік тұрғыда И. сұраныстар, мақсат, тілек, ойлар, рухани жан ізгілігі ретінде адамның ішкі әлемін құрайды. Бұлар адамның әлемдегі белсенділік детерминантын анықтайтын өмірлік қызметінің ерекше түрі. Сол арқылы ол өзінің жоғарғы, әмбебап, нағыз адами қасиеттерін анықтайды, жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет