Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет128/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ЗҰЛЫМДЫҚ – имансыздық, қиянат жасау, кісі ақысын жеу, қастық іс-әрекеттерге бой алдыру. 1) адамға қарсы жасалатын З. жазықсыз кісі өлтіру, нахақ қан төгу, бүлік шығару, азғындық жасау, адамдар арасындағы қарым-қатынас тәртібін қасақана бұзу, қысым жасап қорлық көрсету, қызмет бабын пайдаланып, қиянат жасау болады. 2) адамдар тобына, немесе бүкіл адамзатқа қарсы жасалған қастық әрекет. Ізгілік пен З. – адам бойындағы, рухани болмысындағы бір-біріне қарама қарсы сипаттар. Адам табиғатынан ізгілік жасауға құштар, дегенмен кейбір адам жасынан З-қа бейім болып өседі. Мұндай бейімділік сол адамның өскен ортасындағы, оның тәлім-тәрбиесіндегі кінәраттар салдарынан болатыны даусыз.


ИАСАУИ ҚОЖА АХМЕТ, Әзiрет Сұлтан (шамамен 1093, кейбiр деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) – 1166, Түркiстан (Иасы)] – түркiстаңдық ғұлама, әулие. Қ.А.И-дың арғы тегi қожалар әулетi. Әкесi – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзiрет Әлiнiң ұрпағы Шейх Ибраhим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелiгiмен танылған. Кейбiр деректерде Қ.A.И-дің Ибраhим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады, Қ.A.Я-дың ұрпағы негiзiнен осы қызынан тарайды. ІХ ғ-да Отырар, Исфиджаб, Баласағун, Иасы, Сауран, Сығанақ, Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, т.б. Мауераннахр қалаларында ислам дiнi уағызшыларының белсендi әрекеттерi саяси сипат алған болса, Х ғ-дан бастап ислам iлiмi жолындағы тәлiм-тәрбиелiк ордалар – медресе-теккелер түбегейлi орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қ.A.И. дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикh (құқық) мектебi ханафи мазhабының ондаған өкiлдерi өмiр сүрдi. Иасауи iлiмi осы саяси-әлеум., тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қ.A.И. ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи «Рашахат-ул айн-ил хайат» атты еңбегiнде Қожа Ахметтiң Арыстан бабтың шәкiртi болғандығы, одан заhир және батин iлiмдерiнің сыры мен мәнiн үйренгендiгi, оған 16 ж. қызмет еткендiгi туралы мәлiмет бередi. Иасауидың «Диуани хикметiнде» де Арыстан баб жиi ауызға алынады. Жалпы дәстүрлi түркiлiк сопылық рух пен Қ.A.И. дүниетанымы, оның iлiмiнiң мәнi мен маңызы «Диуани Хикмет», «Мират-ул Қулуб», «Пақырнама» сияқты мұраларынан көрiнедi. Қ.A.И. сопылық iлiмiнiң, дүниетанымы мен философиясының негiзiн моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жiктеуге болады. Иасауи iлiмiндегi парасат ұғымы адамның адамгершiлік ахлақи мәртебесiне және «инсани камил» дәрежесiне жету мәселесiн қарастырады. Қ.А.И-дың дүниетанымдық тұжырымдамасының теор. негiзiн шариат пен мағрифат кұраса, ал тәжiрибелік негiзiн тариқат белгiлейдi. Қожа Ахмет дүниетанымының мәнi – «адамның өзiн-өзi тануы» арқылы «Хақты тануы». Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – «тәуба», соңғысы «құлдық» (убу-дийат, абд). Бұл жолдағы адам «жаратылған – мен» екеңдiгiнiң ақиқатына, жаратылыс сырына көзi жеткенде, өзiнiң адамдық парызы – «Алла мен адамның және адам мен қоғамның» арасында «көпiр – жол» болу екендiгiн ұғынады. Иасауи хикметтерiнiң мәнi, философиясының өзегi – адам. Адам «кемелдiкке» жетуi үшiн қажеттi бiлiмдi игеруi керек. Бұл бiлiмнiң қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенiң ұлылығын көрсететiн, көркемдiгi жағынан ең жоғарғы кейiпте жаратылған болмыс екендiгi айқын көрсетiлген. Қ.A.И. хикметтерiңде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телiнедi. «Асылың бiлсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа» – дейдi ол. Сопылық мағынада «топырақ» – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсiқұмарлық, менмендiк, өркөкiректiк – адамды адамшылықтан кетiретiн қасиеттер. Қ.A.И-дың кейбiр хикметтерiңде өзiнiң бүкiл болмысымен топыраққа айналғандығын бiлдіретiн символдық ұғымдар қолданылады: «Басым топырақ, өзiм топырақ, тәнiм топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ». Бұл сопылық мағынада «уи-сал» (Хаққа қауышу) мақамын бiлдiредi. Топырақ болу, нәпсiден арылу – Хаққа қауышудың бiрiншi шарты. Осыдан кейiн адам ақиқатқа жетiп, инсани кәмiл дәрежесiне ұласып, өзiнiң Хаққа бастар «жол» екеңдiгiнiң мәнiне қанығады. «Топырақ болғыл әлем сенi басып өтсiн» дегендегi мақсат осыған саяды. Өйткенi сопылық атауда әулиелер мен пiрлердiң қабiрiн де «топырақ» дейдi. Қ.A.И. iлiмiнiң танымдық тiрегiн құрайтын адамгершiлiк қағидалардың өзегi – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтiң нәтижесiнде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құн-дылықтарды бойына сiңiргенде ғана «шындыққа», «жан тыныштығына» қауышады. Қ.A.И. iлiмiнде «жан тыныштығы», «шындыққа жету» адамгершiлiк қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тiкелей ахлақтық кемелдену арқылы өтедi. Нәтижесiнде рухани тазалыққа, өзiн өзi меңгеруге қолы жетiп, «Кемел адам» тұрпаты қалыптасады. Көшпелi түркi қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қ.A.И. iлiмi барша түркi халықтары мәдениетiне үлкен өзгерiс енгiздi. Дәстүрлi түркiлік дүниетанымның негiзi сыршылдық (мистик.) дiн екендiгiн ескерсек, сопылық танымның түркi мұсылмандығының ең маңызды ерекшелiгiн қалыптастырудағы себептерiн ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дiн феноменолсы тұрғысынан қарасақ, дiндердiң таралуындағы ескi ұстындардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсiнiк, ұғымдар негiзiнде өз орнын табатынын көруге болады. Көбiнесе дiндерде ескi ұстындар мистик, ин-ттармен тұтасып, «халық дiндарлығы» түрiнде тiршiлiгiн жалғастырады. Бұл құбылыстың көрiнiсiн Қ.A.И-дің сопылық-моральдық iлiмiнен көруге болады. Оның «құрма» символизмі арқылы Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың «себеп» болуы, өмiрiн пайғамбар өмiрiне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретiңде ұлының атын Ибраhим қоюы, пайғамбар жасына келгеңде тiрiдей «жерасты мешiтiне», яғни қылуетке түсуi, осының бәрi оның iлiмiндегi көшпелi түркiлерге исламды таратудағы маңызды әдiстемелiк, құбылыстық ерекшелiк әрi жаңалық болып табылады. Қ.A.И. шығарм. түркi-мұсылман әлемiне кеңiнен танылып, Иасауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кiшi Азияда Қажы Бекташ, Жүнiс Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерiнен Қ.A.И. сарыны байқалды. ХІІ ғ-дан берi түркi халқының дүниетанымына елеулi ықпал еткен Қ.A.И. сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күнi бүгiнге дейiнгi қазақ ақындары шығармаларында көрiнiс тапқан.
Әдебиет: Хикметтер, А., 2000; Көңiлдiң айнасы (Мират-ул-Кулуб), Анкара, 2000.Жармұхамедов М., Көненiң көзi, А., 1996; Абуов A.П. Мировоззрения Ходжа Ахмета Ясави, А., 1997; Ахметбек А. Қожа Ахмет Иасауи, А., 1998; Нуртазина H.Д. Ислам в истории средневекового Казахстана, А., 2000.


ИГІЛІК – адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның ниеттеріне, мақсаты мен мүддесіне сәйкес келетін, рухани және материалдық байлықты білдіретін жалпы ұғым. И. табиғи және қоғамдық болып бөлінеді. Табиғат И-тері – табиғи үдерістердің, мысалы, топырақтың құнарлылығы, жер асты пайдалы қазба байлықтары. Қоғамдық И-тер – адам қызметінің нәтижелері. Екі жағдайда да И. ненің болса да әлеумметтік анықтамасы, оның адам үшін пайдалылығы маңызды болады. Материалдық және рухани И. сұраныс, қажеттерді қанағаттандыру шарттарына байланысты ажыратылады. Сондықтан материалдық И-ке азық түлік, киім-кешек, баспана, өндіріс құрал жабдықтары және т.б. жатса, рухани игілікке – білім, рухани мәдениеттің жетістіктері, адамның мінез-құлқынан көрінетін адамгершілік қасиеттері және т.б. жатады. Адам бойындағы жасампаздық мүмкіндіктер ең жоғарғы И. болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет