Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет165/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Антикалық идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және ортағасырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасты. Алдымен Италияда пайда болып, кейіннен Еуропаның басқа аймақтарына да таралады «Солтүстік Қ. Ө-і». Шын мәнінде бұл өтпелі дәуір болды, өйткені, онда ортағасырлық мәдениет пен антикалық мәдениет элементтері ұштасып жатты. Сөйтіп, бұл мәдениеттердің синтезі жасалды, кейіннен осы негізде Жаңа дәуір мәдениеті қалыптасты. Зайырлы мәдениеттің рөлі артады. Бұл дәуірдің мәдениеті гуманизм құндылықтарына негізделеді. Сондықтан бұл дәуір қайраткерлерін гуманисттер деп атайды: оның өкілдері осы дәуір мәдениетіне ой еркіндігі мен сын көзқарасты енгізді. Р. дүниетанымы антропоорталықтық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы адам, ал Құдай барлық заттардың бастауы. Қоғам адамдар әрекетінің нәтижесі. Бұл дәуір адамның өзіндік санасы өзін таныту, өз күш, қабілетін сезіну ретінде көрініс табады. Сондықтан мұнда «алыптар» атанған ірі тұлғалар: Леонардо да Винчи, Тициан, Петрарка, Сервантес, Пико Делла Мирандолла, Бэкон, Кампанелла, Эрази т.б. өмір сүрді. Адамдық әрекет құндылық деп жарияланды. Адамгершілік дүниені (Құдаймен бірге) жаратушы деп түсініледі. Тән сұлулығына адамға деген қызығушылық қайта жаңғырады. Өнерде адам қуанышы мен бақыт, талап-тілектері мен құштарлықтары бейнеленеді. Өнерде антикалық адам идеалы, сұлулықты-үйлесімділік пен өлшем ретінде түсіну қайта жаңғырады.

ҚАЙШЫЛЫҚСЫЗДЫҚ – аксиоматикалық теорияға қойылатын талаптардың бірі. Егер аксиомалар жүйесінен аксиома мен оның терістетілген түрі бір мезгілде шығарылмайтын болса, онда бұл жүйе қайшылықсыз делінеді. Формальдық аксиоматикалық жүйедегі басты мәселенің бір – оның Қ-ғын матем. әдіспен дәлелдеу. Кезінде Лобачевский геометриясының салыстырмалы Қ-н дәлелдеу үшін Бельтрами, Пуанкаре, Клейн оның эвклидтік моделін құрған, яғни эвклид геометриясының ұғымдары арқылы оған түсінік берді. Сонда Лобачевский геометриясының Қ-ын дәлелдеу үшін Эвклид геометриясының Қ-на, мұны дәлелдеу үшін арифметиканың Қ-ына, соңғыны дәлелдеу үшін жиын теориясының Қ-ына сүйенуіміз керек. Өйткені мұнда белгілі бір матем. теорияның Қ-ын генетикалық сатыда төмен тұрған теорияның Қ-ына көшіру мақсаты көзделеді. Сонан кейін аты аталған әдіс континуум гипотезасы мен іріктеу, таңдау аксиомасына байланысты мәселелерді шеше алады. Осы Қ.-ты жеңу үшін Д. Гильберт өзінің математикасын ұсынды. Гильберт модель әдісін қолданбай формальдық жүйенің Қ-ын тікелей дәлелдеуді қарастырды. Дегенмен, Гильберт программасы орындалмады. Матем. ой дамуының ішкі логикасы математикадан метаматематикаға көшуді қажет етті. Математика мен метаматематика арасында оларды байланыстыратын жалпы және өздеріне тән ерекше ұстындар бар. Гильберттің математикасы өз дамуында үлкен жетістіктерге жеткенімен матем. білімнің табиғатын және оның негіздеу мәселелерін түгелдей дерлік шеше алмады. Мұның дәлелі ретінде Гедель теоремаларын келтіруге болады. Бірінші теорема кез келген формальдық жүйенің формальданатын логикалық құралдар арқылы мүмкін еместігі жайында. Гедель бүкіл математика үшін тұтас аксиоматика жүйесін құруға және матем. білім түгел арифметиканы толық формальдауға және аксиомаландыруға ешбір болмайтындығын тамаша дәлелдеді. Аксиоматикалық әдіс-ғылыми білімді ұйымдастыру мен құру әдістерінің бірі.
Әдебиет: Нысанбаев Ә., Математика және дүниетану, А., 1973; Клини С., Введение в метаматематику, М., 1957; Нысанбаев А., Шляхин Г., Развитие познания и математика, А.-А., 1971; Абдильдин Ж., Нысанбаев А., Диалектико-логические принципы построения теории, А.-А., 1973.

ҚанаҒат – барға риза болу, місе тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу. Қ. ашкөзділікке жібермейді, біреудің дүние затына сұқтандырмайды, сұғанақтық жасаттырмайды. Қ-шыл кісі – барынша кішіпейіл, қарапайым, иі жұмсақ. Сондықтан да ол көпшіліктің көзіне түсе бермейді. Қ-шылық – қолдағы барына, қол жеткізген табыстарына разы болу, шүкіршілік ету. Әрине, кейбіреулер мұны адамшылыққа жарасатын көркем сипат, өмірде ортаймайтын қазына деп түсіне бермейді. Қаншама мол байлығы болса да, оны қанағат қылмайтындар да кездеседі. Мұндайларды жұрт көзі тоймайтын, қанағаты жоқ адам дейді. Ондайлар «болған сайын болсам деп, толған сайын толсам деп» ашкөздікке салынып, Алла тағаланың қанағат-нысабын ұмытады, көбіне жалған сөйлеп, екі жүзділікке барады. Пайғамбарымыз: «Монтаны екіжүзділіктің белгісі үшеу дейді. Олар өтірік айту, уәдесінде тұрмау және аманатқа қиянат жасау». Екіжүзділік – жарамсақ жағымпаздықпен егіз қозыдай. Адам қолындағы барының игілігін көріп, соған шүкіршілік қылса, өмірі де мәндірек, қызығырақ болар еді. Қ.-сыз адам ашкөз келеді. Қ-сыздық – тойымсыздық, өзі тойса да, көзі тоймаушылық. Бұл – ерсі қылық, тәрбиесіздік пен мәдениетсіздіктің белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет