Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет170/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ЛАКАН ЖАК (1901 – 1981) француз ғалымы. Структуралық психол. талдаудың теоретигі және практигі Л. «Париждегі фрейдизм мектебінің» негізін қалаушы. Ол өзінің ғылыми концепциясына Фрейдтің психологиялық аурудың диагностикасын қою мен емдеу барысында сөйлеу кемістігінің ерекше маңызы туралы ойын негізгі қазық етіп алады. Л. өзінің «психол. талдау барысындағы тіл мен сөйлеудің қызметі» атты бағдарламалық мақаласында Фрейдтің (Ол Мен Жоғарғы Мен) үштік схемасына «реальды-қиялдағы-символьдық» үндес схеманы ұсынады. Л-ның байқауынша бұл үлгіде қиялдағы мен символдықтың байланысы ерекше орын алады. Жалпы Л. өзінің психол. талдауында құрылымдық лингивистика, антропология, риторика, т.б. ғылымдардың жетістіктерін үндестіре пайдаланады. Л-ның көзқарасы Ф. Де Соссюр, кейде З.Фрейд көзқарасынан алшақ түсіп жатады. Л. теориясы бойынша «форма мазмұнан ажырайды, және адамның психикасына, сол арқылы оның тағдырына ықпал етіп абсолюттенеді».Алайда, Л. психол. талдауында адамның «бейсанасыз» іс-әрекетін әлеуметтік жағдайдан бөліп алып қарастырады. Л. ғылыми ізденістері нәтижесінде психол. талдау Францияда қоғамдық ой-сананың қалыптасуына ықпалды әсері болды.

ЛАО-ЦЗЫ (шамамен б.э.д. VI V ғ. өмір сүрген) – қытай философы, даосизмнің негізін қалаушы. Л-ның ірі еңбегі – «Дао дэ цзин»(«дао жол туралы және дэ-нің пайдалы күші туралы кітап»). Екі бөлімнен тұратын еңбектің 81 тараудан тұратын канондық мәтіні 5000 иероглифті құрайды. Л. әлеуметтік мұраты шағын ғана еркіндік пен теңдің жай тапқан шағын ел. Л.конфуциандық этикадағы иерархия мен ритуалға қарсы қарапайымдылық пен ұстамдылықты бағалады.

ЛЕВИ-БРЮЛЬ Люсьен (1857 – 1939) француз философы әрі психологы. Алғашқы адамдар да қазіргі адамдар сияқты ойлаған деген логикалық бағыт ұстаған эволюционистерге (Э.Тайлор т.б.) қарсы пікірде болды. Л.Б. «Логикаға дейінгі ойлау жүйесі» теориясымен белгілі. Л.-Б. тұжырымы бойынша «төменгі сатыдағы қоғамда» «ұжымдық таным» «даралық» танымнан үстем тұрады. Алғашқысы адамзат тәрбиесіне тәуелсіз және логикалық қайшылықтан ада, ал екіншісі адамның өмірлік тәжірибесіне негізделеді және адамзат білімінің өз сөзімен бірге дамып отырады. Л.-Б. ұстанған көзқарас Дюркгейм мектебінің бағытына жақын. «Ұжымдық таным» ұғымы сол мектеп көзқарасымен үндеседі. Шығарм. өмірінің соңына таман «логикаға дейін ойлау жүйесі» терминіне өз көзқарасын өзгерту талап қылды. Алғашқы және қазіргі ойлау жүйесі (екі тип) туралы еңбектерінде абсолютті қайшылық жоқ. Л.-Б. өзінің «Артта қалған қоғам ментальды қызметі» еңбегінде ғылыми айналымға алғаш рет «ментальдылық» ұғым-терминін әкелді. Л.-Б. басқа да еңбектерінде мәдениеттану мәселелеріне кеңінен тоқталған.

ЛЕВИ-СТРОС Клод француз этнографы, социолог, мәдениеттанушы, структуралық антропологияның негізін қалаушы. Алғашқы кезеңде Л.-С.К. Ж.-Ж.Руссоның, Дюркгейм социологиясының, психоталдаудың, марксизмнің ықпалында болды. Л.-С. К-тың еңбектері қазіргі мәдениеттанудың негізін қалады. Л.-С.К. мәдениет құбылыстарын зерттеу барысында тарихи факторға ерекше назар аударды: мәдениеттің қайнар бастауына (жазуға дейінгі), мәдениаралық байланысқа тоқталды. Адамзаттың алғашқы кезеңіндегі ойлау жүйесінің теориясын қалыптастырды. Леви-Брюлдің «логикаға дейінгі ойлау жүйесі» концепциясын сынға алды. Мифологиялық ойлау жүйесін ұжымдық бейсанасыз деп, адамның басқа да танымдық-аспектілерінен бөлек қарастырады. Л.-С.К-тың мәдениеттің эмпирикалық типология туралы концепциясы ғылымда құндылығымен ерекшеленеді. Л.-С.К-тың «Құрылымдық антропология» (1983), «Қайғылы тропикалар»(1975), «Миф құрылымы»(1970) еңбектері көптеген тілдерге аударылған.

Легизм – (лат. Lex (legis) – заң, қытайша фа цзя – сөзбе сөз: заң мектебі, заңшылдар) – Ежелгі Қытай философиясындағы негізгі алты мектептің бірі. Заң мектебінің негізін қалаушы ретінде дәстүрлі түрде ірі саяси қайраткерлер Гуань Чжун (б.д.д. 8-7 ғ.ғ. аяғы), Цзы Чань (б.д.д. 5 ғ.) және Ли Куй (б.д.д. 5 ғ.), У Ци (б.д.д. 4 ғ.) айтылады. Л. басты теоретиктері: Шан Ян (б.д.д. 4 ғ.), Шэнь Дао, Шэнь Бухай (б.д.д. 4 ғ.) және Хань Фэй (б.д.д. 3 ғ.). Біріншісінің көзқарастары «Шан цзюнь шу» («Шан аумағын басқарушының Кітабы») кітабында, ал екіншісінікі – «Хань Фэй-цзы» жазба ескерткішінде баяндалған. Л. теориясына көп дәрежеде үлес қосқан Шан Ян (Гунсунь Ян, б.д.д. 390 – 338). Л. негізгі доктринасы – заңның (фа) мемлекет пен қоғам өміріндегі шартсыз бастылығы туралы ілім. Заңды тек билеуші шығарады. Л. теортеиктері деспоттық мемлекеттің концепциясын жасады, ол билеушінің шексіз билігінің арқасында іске асатын болды. Шан Ян: «Егер барлық жерде заңды басшылыққа алатын болса, ел тәртіптен ләззәт алады», – деп жазды. Оның заңының концепциясы 1) билеушіге жан-тәнімен берілуге тәрбиелеудің негізі ретінде жазалау мен марапаттау жүйесін және 2)тектердің рангын беру және қызметке тағайындау жүйесін қамтиды. Шан Янның әлеуметтік теориясының маңызды элементі «халықты әлсіретудің» маңыздылығы, оны билеушінің ырқын бұлжытпай орындайтын құралға айналдыру болып табылады. «Халық ақымақ болса – оны басқару оңай». Яғни, халық пен билеуші антагонистік ара қатынаста ғана бола алады. Халыққа оқуға, ойлануға мүмкіндік бермеу керек, ол ауылшаруашылығымен айналысып, тек соғыс туралы ғана ойлануы керек. Ал мемлекет тек ауылшаруашылығы мен соғыс арқылы ғана байиды, күшейеді. Шан Янның бұл тезистерінің негізінде мораль, дәстүр, мәдениет адам табиғатымен – оның пайдаға деген туа біткен құлшынысымен сәйкес емес. Шан Янның ілімі Хань Фэйдің «басқару өнері» ілімімен ұштасып, императорлық Қытайдың доктринасына айналды. Л. үш кезеңнен тұрды, соның ең негізгісі, қысқа уақытқа қарамастан, б.д.д. 221-207 жж. болды. Л. Цинь империясының негізгі идеологиясына айналды, император Цинь Шихуан басшылыққа алған мемлекетті басқару жүйесінің теориялық негізіне айналды. Л. басшылыққа ала отырып, Цинь Шихуан Қытайды біріктірді. Л. басты идеологиялық қарсыласы конфуцийшілдік болды. Цинь Шихуанның бұйрығымен конфуцийшілдерді қуғындау кезінде 460 конфуцийшіл жерге тірідей көміліп, қалғаны Ұлы Қытай қорғанын салуға жіберілді.
Әдебиет: Переломов Л.С. Конфуцианство и легизм в политической истории Китая. М., 1981. Книга правителя области Шан (Шан цзюнь шу). Ауд. Л.С.Переломов. М., 1993. Китайская философия. Энциклопедический словарь. М., 1994. Рубин В.А. Личность и власть в древнем Китае. М., 1999.

ЛИ (қытай философиясында) – заттардың орналасу тәртібін, формасын, заңдылықтарын, т.б. білдіретін ұғым. Ойшылдар Лиді материалдық бастау Ци-ге қарама-қарсы материалдық емес, рухтық сипатта қарастырды. Конфуцийшілдікте Ли ұғымы адамдардың мінез-құлқының, өмірдегі түрлі нормалардың, тұрмыс-тіршілігіндегі түрлі оқиғалардың арақатынасын реттеп отыратын негізгі этикалық принцип деңгейінде түсінік берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет