Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет171/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   267
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ (лат. Lingua, тіл) («лингвистикалық талдау философиясы», «күнделікті тіл философиясы» ретінде де мәлім) – аналитикалық философия бағыттарының бірі. XX ғ-дың 40-50 жылдары негізінен Англияда және АҚШ-та таралған. Л.ф-ның екі мектебі – Витгенштейн тікелей әсер еткен «Кембридж» мектебі мен Мур көзқарасының күшті ықпалын бастан кешірген «оксфорд» мектебі өмір сүрді. Ол философияның теріс сипатын теріске шығарады және дәстүрлі философиялық проблемаларды тілдің ойлауға бағдарсыз ықпалына байланысты туындайтын жалған проблемалар деп есептейді. Оның жақтаушыларының пікірінше, филос. проблемалардың жалған сипатын көрсетуге және олардың тіл қолдаушысындағы қателіктердің түп төркінік анықтауға тиіс, сөйтіп, «Кембридж» мектебінің өкілдері атап көрсеткендей, «емдік міндет» атқаруға міндетті. Өздерінің «метафизикадан арылу» жөніндегі ұмтылысында Л.ф. дәстүрлі философиясының «онтологиялық метафизикасынан» бас тартумен қатар логикалық позитивизмнің «гносеологиялық физикасын» және оның «тікелей берілген», верификациялану принциптері мен басқа да принциптерін жоққа шығарады. Тілге талдау жасауды философияның бірден-бір ықтимал ісі деп есептеген. Л.ф-ның жақтаушылары, оның оксфорд тобының өкілдерінен өзгеше түрде жасанды үлгі тілдерді емес, табиғи сөйлеу тілін өзінің назар аударған объектісі етті. Бұл орайда олар әлдебір «мінсіз тіл» схемаларында табиғи сөйлеу тілдерінің байлығын егжей-тегжейлі қолданудың қиындығы туралы жалпы алғанда дұрыс ережені басшылыққа алды. Алайда, тіл мен ойлау қатынасының барлық филос. Проблематикасына талдау жасаудан бас тартқан. Л.ф. тілдегі сөйлемшелерді қолданудың алуан түрлерін эмпирикалық суреттеуді мансұқ етті, тілдің мәнін түсінетін жолды жалпы және сайып келгенде, оны конвенционалистік тұрғыдан түсіндіруге келіп тіреледі. Ол үшін тіл дүниені бейнелеу құралы емес, конструкциялау құралы, ол әлдебір өзіндік мәні бар күшке айналады. Филос.проблематиканы ұсақтау, ғылым мен қоғамдық сапаның өмірлік маңызды мәселелерінен аулақтау, схоластикалық тенденциялар – мұның бәрі тіпті буржуазиялық философтардың арасында да Л.ф- ға сыни көзқарас туғызды, әйтсе де Л.ф. өкілдері жұмыстарының метафилос. Зерттеу үшін белгілі мәнін теріске шығаруға болмайды. Соңғы уақытта Л.ф-ны жақтаушылардың таза «талдаудың» ортодоксалдық айқындамасынан шегіну тенденциялары және мазмұнды филос.проблемаларға жүгінуі байқалып отыр.

ЛOГИKA (гpeк. lоgikе – сөз, сөйлем, ақыл, ой) – дүниенi танудағы абстрактiлi ойлаудың формалары мен заңдары жөнiндегi ғылымдар жиыны. Л.-ның негiзгi мақсаты мен зерттеу пәнi танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсiлдер мен әдiстердiң дұрыс жүйесiн қалыптастыру. Л. ұғымы объективтiк дүниенiң, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Осы заманғы Л. кең мағынасында бiрқатар салалар мен бағыттарға, тарауларға бөлiнедi. Олардың iшiндегi ең бастылары – диалект. және формальдық логика. Мұның мәнiсi: ойлау процесiнiң екi түрлi ерекшелiгiнiң болуында. Бiрiншiден, ойлау дегенiмiз – бiлiмнiң даму процесi, яғни заттар мен құбылыстаpға тән жалпы және таным процесiне тән ережеге диалект. заңдылықтар мен оған негiзделген таным тәсiлдерi мен амалдарды қолдану нәтижесiнде ұғымдар мен пiкiрлердiң, теорияның қалыптасуы. Осы тәсiлдер мен амалдар, заңдылықтар диалект. логиканың зерттеу саласы және пәнi болып табылады. Екiншiден, ойлау процесiнiң қандайы болса да қалыптасқан ұғымдар мен пiкiрлердi (анықтама, жалпылау, ой қорыту, ұғымды шектеу, ажырату, пікiрлердiң бiр формасын екiншi формаға түрлендiру, бiр пiкiрден логикалық жолмен екiншi пiкiрге көшу, бiр пiкiр арқылы екiншi пiкiрдi дәлелдеу немесе теріске шығару т. б.) пайдаланып, оларды қолдану арқылы бiлiмдi дамыту – осы түрлендiрулер, логикалық амал-тәсiлдер мен заңдылықтар, ұғымдардың бiр-бiрiмен байланыстары, ерекшелiктерi формальды логиканың зерттеу саласы, пәнi болып табылады. Диалект. логика мен формальды логика мәселелерi ерте заманғы филос. iлiмдeрдe танымның мәнi-мазмұны, пайда болуы және оның объективтiк дүниеге қатысы жөнiндегi мәселелердi зерттеуден туып қалыптасты, формальды Л. б. з. б. IV ғ-да Аристотель еңбектерiнде жеке ғылым болып қалыптасады. Формальды Л. мәселелерi философияның негiзгi мәселесiмен байланысты болатындықтан, формальды Л. философияның бiр саласы болып саналды. ХІХ ғ-дың 2-жapтыcындa формальды Л. математикалық (немесе символикалық) логиканың қалыптасуымен дербес ғылымға айналды. Оның зерттеу саласы: тұжырымдар мен дәлелдеу формаларын және олардың негiзi болып табылатын логикалық заңдар жүйесiн анықтау. Матем. Л-ның дамуы теориялық ойды зерттеу саласындағы маңызды бағытқа (метатеория) жол ашып, бiрқатар логикалық жаңа пәндердiң (металогика, семантика) қалыптасуының бастамасы болды. Осы бағыттағы зерттеулердiң нәтижелерi Л. мен философияның тығыз байланысты екенiн бұрынғыдан да гөрi айқындай түстi. Дәстүрлi формальды Л. осы заманғы формальды Л-ның тарихи негiзi болып табылады. Оның құрамына ұғым туралы iлiм, ойлay заңдары жөнiндегi iлiм, пiкiр жөнiндегi iлiм және силлогистикалық тұжырым теориясы – силлогизм жөнiндегi iлiм, нaқтылы ой қорытындысы мен силлогистикалық емес ой қорытындылары, логикалық қате жөнiндегi iлiм және дәстүрлi индуктивтiк Л. жатады. Дәстүрлi Л-ның негiзiн қалаған Аристотель. Ол күнделiктi өмiр тәжiрибесi мен сол кезде ендi-ендi қалыптаса бастаған ғылымдардары ғылыми ойды қорыта келе силлогизм жөнiндегi iлiмнiң негiзiн салып, пiкiрлер мен ой қорытындыларын логикалық форма жағынан талдаудың ең алғашқы үлгiлерiн жасады. Дегенмен кейбiр ой қорытуларын, әсiресе матем. пiкiрлердi силлогистикалық схемаға сыйғызу мүмкiн еместiгiн Аристотельдiң өзi де аңғарады. Бұл мәселе кейiннен мегарлықтар мен алғашқы стоиктердiң логикалық басқа да формаларды дедукцияны қарастыруына себеп болды. Орта ғасырлар мен қайта өркендеу дәуiрiнде Л-да зерттеулер осы бағытта жүредi (Галилей, Балла, Раме). XVII ғ-да математика мен тәжiрибелiк жаратылыстану ғылымдарының өрiс алуы формальды Л-ның қолданылмалы мәнi туралы және ғылым логикасына тән тұжырымның силлогистикалық емес формалары жөнiндегi мәселенi қойды. «Абстракцияның орнына – тәжірибе» деген ұранмен «табиғи ой Л-сы деп аталған интуиция мен елестету дедуктивтік Л- ға қарсы қойылды. Жаңа замандағы индуктивтік Л-ның қалыптасуына Бэконның методол. идеялары бастау болды. Осы Л-ны Дж. Гершель идеяларына, себептілік ұстынына сүйеніп жүйелі түрде дамытқан Дж. С. Милль болды. Дж.С. Милльдің индуктивті ой қорыту теориясы мен Л. алгебрасының қалыптасуына байланысты XІХ ғ. мен ХХ ғ. Л-ның зерттеу саласына айналады. Бұл кезеңдегі логикалық ойдың шектеліп қоймай, бастапқы идеяларын Лейбниц ұсынған дедуктивтік математикалық Л-ны қалыптастыруы болды. Л. тарихындағы «алгебралық логика» дәуірінің басты тұлғасы Дж. Пеано, Д. Морган және неміс математиктері Э. Шредер, П.С.Порец еңбектері матем. әдістерді Л-ға қолданудың нәтижесінде осы заманғы Л. алгебрасы қалыптасады. Л-лық сөйлемдерді геом. фигуралар арқылы жетілдіру әдісі И.Г.Ламберт еңбектерінде кездеседі. Бұл ілімді нағыз шыңына жеткізіп жетілдірген Дж. Венна болды. Ол кластар тобына толық балама болатын эвристикалық мәні бар диаграмманың графикалық аппаратын жасады. 20 ғ-дың аяғында Дж. Пеано, Пирс және Г. Фреге еңбектеріне байланысты дедуктивтік Л. саласы терең өзгеріске түседі, олар бұрынғы авторлардың тек алгебр. тұрғыдағы зерттеулерінің тар шеңберінен шығып, матем. Л-ны арифметика мен жиындар теориясын негіздеуге қолдана бастайды. Бұл кезеңнің табыстары әсіресе Л-ның аксиоматиканың құрылымын жасаған Фрегенің зерттеулерінен айқын көрінеді. Оның формальдандырған Л-сында осы заманғы есептеу Л-ның негізгі элементтерін түгелдей қамтиды. Фрегенің табиғи тілдердің логикалық құрылымы мен логикалық есептеудің семантикалық салаларындағы зерттеулері, өзі жетілдірген предикаттар логикасына сүйеніп формальданған арифмет. жүйесін жасауы осы заманғы матем. дәлелдер теориясының дамуына бастама болды. Дж. Пеано символикасы осы заманғы Л-да қолданылатын таңбалар жүйесіне негіз болды. Бұл жүйе кейбір өзгерістермен Б. Расселдің А.Н. Уайтхедпен бірге жазған үш томдық «Математика ұстындары» деген еңбектерінде матем. анализді логикалық негіздеу мақсатында Л-ның дедуктивті аксиоматикалық құрылымын бір жүйеге келтірумен, одан әрі дамытылды. Осы еңбектің жарыққа шығуы және 1904 жылдан бастап шыға бастаған матем. Л. мәселелеріне арналған Д. Гильберт еңбектері осы заманғы логикалық зерттеулердің бастамасы болып саналады. Осы заманғы Л. дами келе әдісі жағынан математикалық, зерттеу пәні логикалық болып, деректі ғылым – математикалық логикасын қалыптастырды. Осыған байланысты Л. математиканың логикалық мәселелерін шешудің қажетті құралына айналды. Әсіресе сын матем. теориялардың қандай да болмасын қағидаларының дәлелденетіні немесе дәлелденбейтіндігі жөніндегі проблемаларды айқындауда ерекше орын алады. Зерттелініп отырған заттық саланың мазмұнының өзгеруіне не кеңеюіне байланысты оны зерттеудің әдіс тәсілдері де оған қолданылатын логикалық амалдар да өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл мәселелердің қажеттілігі математиканың негізін талдап дәлелдеуге байланысты айқындала бастады. Жиын теориясын қалыптастыруда, дескрептивтік жиын теориясының мәселелерді шешудегі кездескен қиындықтардың логикалық мәні бар екендігі анықталды. Бұл мәселелерді шешу үшін жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылым – матем. Л-ны қолдану қажет болды. К. Гедельдің (1939), П. Коэн мен (1963), П.С. Новиковтың (1951) еңбектері осы мәселелердің толық шешілуін қамтамасыз етті. Дамудың бұл кезеңнен өткен теорияларды дедуктивтік теориялар деп атайды. Тек осы теориялар үшін ғана дәлелден ілімді және қайшылықсыздық мәселелерін айқын тұжырымдауға болады. Ол үшін қазіргі заманғы Л-ның негізгі тәсілдерінің бірі дәлелдеуді формальдандыру әдісі қолданылады. Бұл әдісті қолдану идеясын ұсынған Д. Гильберт болатын. Дәлелдеуді формалдандыру әдісі мен формальды жүйе ұғымы тығыз байланысты. Формалды жүйеде мына элементтер болады: 1) мәнді сөйлемдерді құруға арналған мүлтіксіз дәл және формальды ережелерден тұратын тұжырымды синтаксисі бар формальданған тілді осы тілдің формалары деп атайды; 2) формулаларды ұғынудың және олардың ақиқаттылығын анықтайтын айқын семантикасы болады; 3) формальданған аксиомалар мен формальды қорытынды ережелерінен құрылатын есептеулер.
Бұл ережелер семантика мен үйлесімге келтіріледі, яғни дұрыс формалаларға қолданғанда жаңадан дұрыс формула шығуға тиіс. Есептеу берілген қорытындыны және қорытылатын формулаларды анықтайды. 20 ғ-дың 70 жылдарында жартылай формальды жүйе жөніндегі идея дами бастады. Бұл жүйе де формальды жүйе сияқты, кейбір қорытынды жасау ережелерінің жүйесі болып табылады. Осы идея мен матем. Л-ның сатылап құру идеясын үйлестіру осы заманғы конструктивті математиканың бір құрылымына негіз болып отыр. Матем. Л. кибернетикамен тығыз байланысты, мәселен, матем. лингвистика және басқару жүйелерінің матем. теориясымен матем. Л-ның тілін машиналық математиканың жетілуіне байланысты жасалып отырған программалау теориясына толық қолдануға болатыны айқындалды.
Әдебиет: Аристотель, Аналитики первая и вторая, пер. с греч., М., 1952; Яновская С.А., Основания математики и математическая логика, в кн.: Математика в СССР за тридцать лет, М. – Л., 1948; Попов П.С., История логики нового времени, М., 1960; Котарбиньский Т., Лекции по истории логики, Избр. произв., пер с польск., М., 1963, с. 353-606; Стяжкин Н.И., Формирование математической логики, М., 1967;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет